Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Сыңғырла соңғы қоңырау сценарий
І жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар!
ІІ жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен оқушылар ! <<Сыңғырла соңғы қоңырау>> -атты салтанатына қош келдіңіздер!
І жүргізуші: Міне, тағы бір оқу жылы аяқталды. Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде мектеп кемесінен тағы бір топ түлекте қиын да жауапты өмір жолына аттандырылмақшы. Бұл күн - мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
ІІ жүргізуші: Иә, Бүгін ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн...Бүгін мектеп атты кеменің ескегін есіп көрген кез-келген пендені бей-жай қалдырмайтын ұлы мереке. Бүгін алтын ұя мектебін бітіріп, бала шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған, жүректері лүпіл қағып , қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас күн...
І жүргізуші:Бүгін өзінің уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай білетін, өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатудан талмайтын аяулы ұстаздардың бір жылдық еңбектерінің жемісіне куә болатын соңғы қоңырау кеші!
ІІжүргізуші:
Өмір берер ертеңгі бағаларын,
Ұядан ұшпақ бүгін балаларың.
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
І жүргізуші:
Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолдап отыр!
ІІ жүргізуші: Олай болса арамыздан 11 жылда оң солын танып үлкен өмірге талпынып қанат қағатын жас түлектерді құрметпен ортаға шақырайық.
І жүргізуші:
Ерке қыз деп бәріміз
Өзіңді қоштасуғы қимаймыз
Оқуға түс, білім алып, еңбек қыл
Тек жақсы сөз ертеніңе арнаймыз-деп
Ұлытау ауданы әкімдігі, Ұлытау ауданының білім бөлімі ММ ұйымдастыруымен өткізілген аудандық пән олимпиадасынан биология пәні бойынша ІІІ-орын иегері жайдарлы да ұқыпты қызымыз Байқоңыр Мереке Құлжанбайқызы
ІІ жүргізуші:
Білім, өнер, еңбек бәрі егіз,
Жана берсін әрқашан еңбегіңіз.
Еңбекқор деп атайды бәрі сізді,
Тек биіктен Ақжарқын көрініңіз.-деп
Аудандық пән олимпиадасынан физика пәні бойынша ІІ-орын ,7 халықаралық <<Жарқын болашақ>> қазақ тілі олимпиадасының ІІІ орын иегері білімді де сүйкімді қызымыз Бекетова Ақжарқын Серікқызы
І жүргізуші:
Бұлбұлдай әнші деп мақтанамыз
Әніне рахаттанып шаттанамыз
Талантымен талайды табындырар,
Біз саған ақ тілекті ақтарамыз-деп
Мектеп,ауыл өміріндегі мәдени іс-шараларға белсене қатысатын мектебіміздің әншсі, екпінді оқушысы байсалды да ақылды қызымыз Өмірзақ Нұрай Серікбайқызы
ІІ жүргізуші:
Жаны бай өзі сұлу ертегісің
Мінекей ұшып барады ерке құсың
Жақсы істі жүрегімен ұйымдастырар
Гүлайна сен еліміздің ертеңісін-деп
1-желтоқсан ҚР Тұңғыш президент күніне арналған <<Елімді асқақтатқан ұлы тұлға>> атты шығармашылық байқаудың І-дәрежелі диплом иегері мектептің екпінді оқушысы биязы да өнерлі Нұрлыбек Гүлайна Жұманқызы
І жүргшізуші: Және оларды қолдап келіп отырған 9-сыныпқа дейін бірге оқып, одан кейін білімдерін арнаулы орта білім ордаларында жалғастырып жатқан достарын құрметпен ортаға шақырайық.
ІІ жүргшізуші:
Болашақ біздің әнші
Сөз құдіретін танушы
Жандосты біз бағалаймыз
Әдебиеттен бес алушы-деп Жезқазған музыкалық колледжінің халық аспаптары бөлімінің 2-курс студенті Сыздықов Жандос Жұманұлы
І жүргшізуші:
Спортты жаны сүйеді
Ел қамын ойлап жүреді
Еңбек десе құлшынып
Ел алдында жүреді-деп Жезқазған индустриялдық гуманитарлық колледжінің 2-курс студенті Сыздықов Елдос Жұманұлы
ІІ жүргшізуші:
Наурыз өзі сымбатты
ұлы ғой анасының қымбатты
Оқуға түсіп қалаға
Бәрімізді қуантты-деп жезқазған политехникалық колледжінің автотранспорт бөлімінің 2-курс студенті Ғабиден Наурызбай Ғабиденұлы
І жүргшізуші:
Бой жетіп бүгін сен қалғандайсын
Қаржыгер болуды армандайсын,
Мектеп берген білімнің арқасында,
Асқақтап болашаққа қол бұлғайсын- Жезқазған индустриялды гуманитарлық колледжінің финанс бөлімінің 2-курс студенті Тоқтыбай Есмағанбет Қасқырбекұлы ІІ жүргшізуші: Бір кездері шаштарына ақ бантик, мойындарына көк галстук тағып, әр қоңырау ұрылған сайын сыныптан жүгіріп шығып жүретін оқушылар еді. Ал қазіргі таңда бірі асқар тау әке, бірі аяулы ана. Алтын ұя мектебін, ұлағатты ұстаздарын және сазды қоңырау үнін сағынып келіп отырған осыдан 10жыл бұрын мектеп табалдырығынан үлкен өмірге аяқ басқан түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық! Жас түлек 2005
1.Жезқазған қаласындағы Қорғаныс әуе күштерінің сержанты Абилов Мадияр Жандарбекұлы
2. Жеке шаруа қожалығының басшысы Құлмағанбетов Дәулет Бейсенбайұлы
3. Қазақмыс корпарациясына қарасты кеніштің шахтеры Әбдіқаев Қуандық Сағындықұлы
4. Жеке шаруа қожалығының басшысы Сыздықова Ерболат Жұманұлы
5.Жеке шаруа қожалығының басшысы Әлмағанбетов Олжас Төлеубекұлы
6.Жезқазған қаласын, газбен дәнекерлеушісі Тілеубергенв Қуанышбек Мінәсіпұлы
7. Латун механикалық заводының балқытушысы Айғожин Аңсаған Асылбекұлы
8.Қазақмыс корпарациясына қарасты кеніштің шахтеры Әбілдин Серік Сағатұлы
9.Жез қаласындағы кен-байыту фабрикасының бригадирі Әуезханов Дархан Төлеуұлы
10. Қазақстан темір жолының байланыс қызметкері Дүйсенов Бекзат Боранбайұлы
11. <<№11Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі>>КММ тәлімгері Жамекеева Айбота Хамитқызы
12. Қазақмыс корпарациясына қарасты кеніштің шахтеры Тапаев Амангелді Нұралыұлы
13.Қазақтелеком байланысшысы Тілеубергенов Манас Ұмтылұлы
І жүргшізуші: №11Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі КММ 2014 - 2015оқу жылындағы Сыңғырла соңғы қоңырау-атты салтанатын ашық деп жариялаймыз.
ІІ жүргшізуші: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар! Ту көтеру құрметі 9-сынып оқушысы Искандир Бейбітте. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын!
/ Әнұран орындалады/
І жүргшізуші: Өмірде өлшенбейтін іс - балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол - болашақтың бүр жарған сабағына құйған мәңгілік білім нәрің. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, азаматтық қамқорлығым деп түсінген мектебіміздің директоры А.С.Бралин мырзаға құттықтау сөз кезегін береміз.
ІІ жүргшізуші: Бүгінгі түлектердің қалыптасуына, шыңдалуына маңдай терін аз төкпеген , тілеулерін тілеп, дүниенің қыр сырын зердесіне тоқытқан, санасына адамгершілік нұрын құйған жақсылыққа, адалдыққа тәрбиелеп, ізгілік әдептілік ғылымын меңгеруге, білім мен тәрбиенің ұрығын тереңдете сіңірген, ерекше қасиеттерімен дараланып тұратын ұстазымыздың бірі аудандық мәслихат депутаты М.Сейтбеков мырзаға құттықтау сөз кезегін береміз.
І жүргшізуші: Салтанатты жиынға келген құрметті қонақ ауылымыздың әкімі Х.А.Жаналин мырзаға құттықтау сөз кезегін береміз.
ІІ жүргшізуші: Сыныпты келдіңіз басқарып
Көрмедің ойлап бас қамын
Шәкірттер жатыр ұшқалы
Өмір дегенің қас-қағым
Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында
Жазып шықты қаншама іс қазына
Балапанын ұшырған ұясынан
Сөз берейік жетекші ұстазына - деп осыдан 10жыл бұрын мектептен қанат қаққан түлектердің сынып жетекшісі ардагер ұстазымыз Әбенова Роза Ярқызына және Жас түлек 2015 үшін алғаш сыннан өткізіп, тұңғыш бағаларын қойған жаңашырда орны бөлек ұстаз болып мәңгі естерінде қалатын бастауыш сыныптағы жетекшісі Макамбетова Гүлшат Алиакбарқызына және соңғы сәтке дейін шәкірттеріне ақыл-кеңесін, үлгі-өнегесін аянбай көрсетіп жүрген ардагер ұстаз сынып жетекшісі Ахметова Роза Орынбекқызына құттықтау сөз кезегі беріледі.
Ата-ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп аялаған алақанын
Болашаққа бақтілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын-деп ата аналар атынан Әбутәліп Рахима және Әуезханов Төлеу атаға сөз кезегін береміз
І жүргшізуші: Аға - Әпке биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бірінші сынып баршаңды. - деп тілектерімен келіп келіп тұрған
Түлектер! Сендерді бүгінгі мерекемен құттықтауға келген 1 сынып оқушыларына және мектептің бетке ұстар оқушылары <<Жас Ұлан>> ұйымына құттықтау сөз кезегін береміз
Мектепке алғаш келгенде,
Мейірлі жандарды көргенде
Шарықтап биік қиялым
Шаттанып шексіз сый алдым
Анадай ұстаз мектебім
Алғысым айтар көп менің-деп өздерінің мың алғысымен Жас түлек 2015 сөз кезегін береміз.
ІІ жүргшізуші: 10 жыл бұрын нұрға толып жанары,
Арман қуып кеткен еді бәрі анық
10 күндей боп 10 жыл отті арада
Басқосуға жиналды олар тағыда-деп
Жас түлек 2005ке құттықтау сөз кезегі беріледі.
І жүргшізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылсын,
Түлектерге бақыт гүлі шашылсын
Қимастықпен 11-дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырылсын-деп соңғы қоңырау мерекесінің дәстүрі бойынша білім кілтімен білім кітабын 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш президент күніне арналған <<Елімді асқақтатқан ұлы тұлға>> атты шығармашылық байқаудың І-дәрежелі диплом иегері мектеп бітіруші жас түлек Нұрлыбек Гүлайнаға берілсін. Аманат қабылдап алушы: 10-сынып оқушысы Уалишер Айсұлу
ІІ жүргшізуші: Сыңғырла,сыңғырла тағыда
Аңсайды үніңді сағына
Әсем саз әуені әдемі әдемі
Мектептің сүйікті әуені. Нағыз жүрек тебірентер сәтте келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітіруші түлектер үшін соңғы рет соғылмақ. Күмбірле, күмбірле қоңырау. аттансын түлектер жаңа өмірге. Соңғы қоңырау соғу құрметін 7 халықаралық <<Жарқын болашақ>> қазақ тілі олимпиадасының ІІІ орын иегері Бекетова Ақжарқын және 1-сыныптың үздік оқушысы Шүкірова Гүлзат Батырқызымен Иманбеков Ынтымақ Ардақұлына беріледі.
І жүргшізуші: қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы аяқталды. Осы жылдың қызығымен шыжығын айқындап Озат, үлгілі оқушыны марапаттау үшін Мектеп директорының оқу ісі меңгерушісі Ш.Д.Тлеуоваға сөз беріледі.
ІІ жүргшізуші: қасиетті білім ордаларын сағынышпен еске алып келіп отырған Жас түлектер білім нәрін сепкен мектептің оқу кабинеттерін аралап, еркеліктерңізді көтере білген ұстаздармен сырласып ой бөлісуге, тай құлындай тебісіп өскен құрдастарыңызбен , парталастарыңызбен, қайта оралмас балалықтың балдәуренін оқушылық өмірдің қызықты шақтарын еске алуға рұқсат.
І жүргізуші:Алда жайдарлы, жарқын жаз, көңілді демалыс, тынымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аман-есен аяқталуымен құттықтаймыз.
ІІ жүргшізуші: Құрметті қонақтар осымен <<Сыңғырла соңғы қоңырау>> атты салтанатымыз жабық деп жариялаймыз. Кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz