Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Іздегенде табылатын қасыңнан..

Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебі
Биология пәні мұғалімі
Ильясова Анар

<<Қазақша би>> Орындайтын: Қайырбекова Сандуғаш
Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан...
Мақсаты: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.
Көрнекілігі: ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, би, өлеңдер, көрніс, ән, слайдтар
Толтырады бір көңілдің отын достарым,
Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс қостадың.
Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,
Жүріңдер сендер қолтықтан демеп, достарым.
Сөзі: Х. Закарияновтікі; Әні: О. Көшеровтікі
Тәуелсіздік алғаннан бері Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың дана басшылығының арқасында бүкіл әлемге танылдық. Тәуелсіздік оңай келген жоқ. Бірлігіміздің, достығымыздың арқасында жеттік. Біз қазір бірлігі жарасқан елміз. Бүгінде Отанымыздың әрбір жетістіктері - әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. <<Мәңгілік Ел>> ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. слайд Елбасы
Ал сол арманды жүзеге асыру және оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру, береке мен бірлікті сақтау және Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау ол біздің қолымызда екенін ұмытпайық>> деді Н. Назарбаев
Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға <<Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым>> деп тілек айтамын. Ал ендеше балалар достық адамдар арасында ғана емес ұлттар арасында, мемлекеттер арасында да достық болады. Біз Қазақстан дүние жүзі елдерімен достық қарым - қатынас орнатудамыз.
1. Балалар, біздің еліміз қандай мемлекет? Тәуелсіз-мемлекет.
2.Біз Тәуелсіздігімізді қашан алдық? 1991ж.16желтоқсан.
3. 2014жылы Тәуелсіздігімізге қанша жыл толды? 23 жыл толды. 4.Тәуелсіздік күнін қашан тойлаймыз? 16 жел-да 5. Біздің Туымыздың түсі қандай? көк 6.Туымызда бейнеленген қыран құс? бүркіт Адам үшін ата - анадан кейінгі ең жақын - абзал дос.<<Доссыз өмір - тұл>>, <<Доссыз өмір - тұссыз ас>>- деп халық бекер айтпаған. Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Сондықтан да бүгін достық жайлы әңгімелеспек үшін тәрбие сағатымыздың тақырыбын <<Іздегенде табылатын қасыңнан...>> деп алдық.
Достық - адамдардың бір - бірін жаны қалап, шын жақсы көріп, қалтқысыз сеніп тілектес, мұраттас болуы. Адам өмірге сәби болып келеді. Ол алғаш ақ сүтін берген анасы мен әкесін таниды. Адам өсе келе өзіне дос табады. Дос сенімді серік. Достар - бірін - бірі түсінуі тиіс.
Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық - адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі Рим қайраткері Марк Туллий Цицерон Достық - өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңші. Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді. Ол барлық жерде бар. Ол ешқашан мезі қылмайды. Ешқашанда орынсыз килігетін жері болмайды. Ол сәттілікке жаңа сәулет береді. Ол ортақтасқан сәтсіздіктерде көп мөлшерде өзінің уақытын жоғалтады дейді.
Ежелгі грек философы, ғалым Аристотель - Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда игілікке түгел ие бола тұрса да дос - жарансыз өмірді қаламақ емес.
Парсы жазушысы Қабус былай деген екен - Ей, перзентім! Мынаны білгейсің - Адам тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан Дос пен ағайынның қайсысы жақсы - деп сұрапты. Данышпан дос жақсы депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем - сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады. Халықта Алтын берген - дос емес, ақыл берген дос деген мақал бар. Адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтанда адам жүрген жерінде, елде, сапарда, бөтен жерде болсын ұғынысып, түсінісетін, жарасып жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. 1. Дос адам артық сұрамайды. Махмұт Қашқари. 2. Дос достың кемшілігін кешіре береді. Жүсіп Баласағұн. 3. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. Абай. 4. Екі ердің достығы асулардан асырар, Екі елдің достығы ғасырлардан асырар. М. Әлімбаев. 5. Қоссыз қазақ болса да, Доссыз қазақ болмаған. 6. Дос табу оңай - сақтауы қиын, Жау табу оңай - тоқтауы қиын. Жүсіп Баласағұн.
Достарымды сүйемін бірге жүрген, Бірге ойнап, менімен бірге күлген.
Достар деген жаныңның бір бөлшегі Орын алған жүректің бір түбінен. Нағыз достар бір - біріне ұнаған. Қиындықта бірін - бірі сынаған.
Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде, Сүйеу болар шақтарыңда құлаған. Дос едік біз дос үшін жан беретін, Досты өзінен тым жоғары көретін.
Тәңір <<қандай тілегің бар>> десе егер, "ал достар бөлінбесін", - дер едім. Мұқағали Мақатаев атамыздың өзі сыр шертетін нәзік дос Фаризаға арнап жазған өлеңі. Слайд және бейнеролик <<Жас өспірімдер арасындаңы төбелес>>
Дос қандай болу керек?
Жомарт, адамгершілігі мол, қарапайымды, мейірімді, кешірімді, адал, төзімді, ақылды
сабырлы, салмақты, кек сақтамайтын
Сұрақ жауаптар
1)Дос деген кім?
2)Досың бар ма? Ол қандай?
3)Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
4)Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?
5)Достық жасқа байланысты ма?
6)Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
7)Досыңды неге теңер едің?
8)Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
9) Сіз үшін ең маңызды мәселе?
10)Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек? Жүргізуші: Ал ұлы Абай атамыз - Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас деген екен. Итальян жазушысы, драматург, ақын Александр Мандзони Достық - өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, онан да зор қуаныш - сырыңды айтатын адамның болуы деген екен.Қай кезде де, қай жаста да адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау керек. Американ саяси қайраткері, физик Бенджамин Франклин - Досты асықпай таңдаған жөн. Ол да күтіп аялауды, бағып -қағуды қажет етеді.
Достық - әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір - біріне пейілі ықыласы түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой - ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адам ғана дос бола алады.
<<Сенің досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін>>деген екен ғой бір дана кісі жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы <<Достар жан дүниесі, ой өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады>> дегенге меңзейді.
Жүргізуші: Достықтың өміршеңдігі екі жақтың ешқашан әділдіктен аттамауында. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ>> дейді халық даналығында. Көңіліңнен шыққан, сынақтан өткен адам дос болатыны белгілі. Тегі кез - келген екі аяқты, жұмыр басты пенденің бәрі бірдей болмаса керек. Ниеті таза, жөні түзу, жан дүниесі сау адамдар ғана дос болуға жарайтыны - шындық.
Әбунасыр әл - Фараби айтқан
<<Өрге жүзген өнегелі ісімен Адал дос тап тең құрбыңның ішінен>> деген.
Ата - бабамыз дос жайлы өнегелік өсиеттер, мақал - мәтелдер қалдырған.Олардың мағыналары өте тереңде жатыр
Нақылды білмеген - үлкен қателік. Кезекті мақал-мәтелдерге береміз 1. Білімдімен дос болсаң, Сасқанда ақылын айтар. Білімсізбен дос болсаң, Топ ішінде бетін қайтар. 2. Дұшпан біреу болса да көптік етер, Досың мың болса да аздық етер. 3. Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең. 4. Заттың жаңасы жақсы, Достың ескісі жақсы. Жүргізуші: Халықта Досыңнан тап!>> деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл - достың бәрінің бірдей еместігі, адамға ең ауыры - досыңның арамдығы, екіжүзді опасыздығы екені еске салатын сөз. Шынында да ішек - қарнына дейін түгел білетін адамыңның қасына айналуынан, қарсыласың жаққа шығып кетуінен қауіпті, өкінішті, не бар?!, Бұдан дос- дұшпаныңды айыра білудің қаншалықты маңызды екені көрінеді. Әйтпесе опық жеп, бармақ тістеп қалуың оңай. Сондықтан достықтың белгісі - достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой - Сыр сақтау - тіліңнің астына шоқ салып алғаннан да қиын деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға <<Досым ғой>> деп сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін. Ендігі кезекті көрніске береміз <<Тақтайға қағылған шеге>> Ролдерде әкесі: Қуандыков Н, баласы: Жаумитбаев Н
Жүргізуші: <<Мінезі нашарлау, бұзақы бір бала болыпты. Әкесі: Баламау үстің неге шаң-шаң, бүгінде төбелесіп келдіңбе дейді? Баласы: Мен емес әке өздері ғой тиіскен Әкесі: бұған шара қолданбасам болмайды дейді Жүргізуші: Күндердің күнінде әкесі оған бір дорба толы шеге беріпті. Әкесі: Баласына <<Жолдастарыңмен әрбір керіскен, төбелескен кезіңде тақтайға бір шеге қағып отыр.>>- депті. Баласы: Бала бірінші күні тақтайға 10 шеге қағыпты. Жүргізуші: Содан кейінгі күндері өздерін тежей жүріп, күн сайын шегені аз қағуға тырысыпты. Сөйтіп, әйтеуір бір шеге қақпаған күнге де жетіпті. Әкесі: тақтайдың жанына келіп баласының шеге қаққан тақтайына қарап:
Әкесі: Бүгіннен бастап керіспеген, төбелеспеген әрбір күніңде бір шегеден суырып отыр,- депті.
Жүргізуші: Бірнеше күн өткеннен кейін тақтайда шеге қалмапты.
Әкесі: Демек нәтиже шыға бастады. Балам тақтайға дұрыстап қарашы. Көптеген тесіктер пайда болды, енді бұрынғыдай біртегіс болмайды. Жолдастарыңмен керісіп, төбелескен кезде былапыт, жаман сөздер айтылады. Әр жаман сөз жанға бір жарақат салады. Соңынан жолдасыңнан мың рет кешірім сұрасаң да, ол тесіктер бітелмейді. Дос асыл тас тәрізді. Сенің қуанышыңа ортақтасады. Көңілің жабырқаса, көмекшің болып, қайғыңды басады.
Тапсырма: Бағандағы сөздерден адал достыққа тән қасиеттерді тауып айтыңдар. Қуаныш, Күлкі Өзара сыйластық, Оқу Еңбек, Өзара көмек Шыншылдық, Сұлулық Сүйіспеншілік, Түсіністік Мейірімділік, Қамқорлық Кешірімділік, Адалдық Жауапкершілік, Әдептілік
Жүргізуші: Дос ақылшы, көмекші, сырлас, жақын, адал, шыншыл деген ұғымды білдіреді. Өмір адамға бір - ақ рет беріледі, сондықтан да дос өмірдегі қиыншылық пен қызық кезеңдерді бөлісу үшін қажет. Достықтың екі түрі болады: адал дос, амал дос.
Достасу, серік табу адамның бақытына бақыт қосады. Достасудан бірлік, бірліктен тірлік, тірліктен жеңіс, жеміс, қуаныш, бақыт туады.
Дос болу - киелі ұғым. Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдыз да, асыл тас та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де, еш құдірет те кірлете алмайды.

Ендігі кезекті ситуациялық сұрақтарға берейік
1) Досыңның көп өтірік сөйлеп, бір затты жымқырып кету әдеті бар екенін байқап жүрдің. Бірақ оны айта алмай жүрген болатынсың. Бір күні екеуіңе ортақ басқа ешкім білмейтін затың жоғалып кетті. Не істер едің?
2) Сенің досыңның мінезі өте шәлкес. Үлкенмен де, кішімен де болмайтын нәрсеге ілінісіп қала береді. Өзінен кішкентайларға көп әлімжеттік жасайды. Сенің іс - әрекетің? 3) Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің? 4) Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек.Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің? 5) Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің? 6) Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің? 7) Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?
Жүргізуші: Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
- Достық нешеу? - деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достықтықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі - амал достық.
<<Енді оны қалай ажырата аламыз>> дегендерге:
- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достық өмірі қысқа болады, - деп жауап берген екен. Осы орайда адал дос және амал достық жайлы оқи кетейін
Алғашқы жауын жауғанша. Дана мен Бота тату дос болатын. Олар мектепке де бірге баратын. Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті. Дананың үстінде плащы бар еді, ал Бота көйлекпен ғана болатын. Плащыңды шеш. екеуміз бірге жамылайық! - деді Бота. Шеше алмаймын, үстім су болады! - деді Дана. Мектепке келгенде мұғалім <<Даннаың үсті құрғақ, сен неге малмандай сусың. Неге бұлай? Екеуің бірге келмедіңдер ме?>> - деп сұрады. Дананың плащы болды, ал менде көйлек ғана болды. - деді Бота. Екеуің бір плащты жамыла алатын едіңдер ғой. Сендердің достықтарың алғашқы жаңбыр жауғанша
Жүргізуші: Өтеді өмір дөңгелеп
Жөні бөлек, жөн бөлек Менің де жаным шөлдейді
Досы жоқ көңіл бір бөлек Десе де тірлік базарлы
Достың жөні бір бөлек Қас - қағым мынау жалғанда Сағынатын дос керек. Достықтың негізі - достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі. Мақалды жалғастыр
1. <<Кемшіліксіз.... іздеген адам.... қалады>>. 2. <<Дұшпан.... айтады, дос.... айтады>>.
3. <<Жаңылмайтын... жоқ, сүрінбейтін тұяқ.......>>. 4. <<.... жаңасы жақсы,... көнесі жақсы.>>.
5. <<.......... ақшаң болғанша, көп досың...>>. 6. <<Досы көппен...., Досы жоқпен...>>.
7. <<Досы..., өзі де жақсы>>. 8. <<.... басқа қарайды,... аяққа қарайды>>.
9. <<Ақылсыз.... ақылды дұшпан....>>. 10. << Досың мың....,... біреу болса да көп>>.
11. <<... адам тамыры жоқ... тең>> 12. <<... дос болсаң, сасқанда ақылын айтар.... дос болсаң, Топ ішінде бетің қайтар>>. Жауаптары
1. <<Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады>>. 2. <<Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. <<Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ>>.
4. <<Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы>>.
5. << Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын>>. 6. <<Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас>>.
7. <<Досы жақсының - өзі де жақсы>>.
8. <<Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды>>.
9. <<Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық>>.
10. <<Досың мың болса да - аз, дұшпаның біреу болса да - көп>>.
11. <<Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең>>
12. <<Білімдімен дос болсаң, сасқанда ақылын айтар,білімсізбен дос болсаң, Топ ішінде бетіңді қайтарар>>. Өлең шумақтары: Оқитындар Бисенбаев А, Абеншеева Ж, Төлешова Р Жүргізуші: Жақсымен дос болсаң Алдыңнан шығар елпектеп
Жаманмен дос болсаң Сыртыңнан жүрер өсектеп Махамбет Өтемісұлы
Көңіліңе қарай дос таңда Күшіңе қарай жүк таңда Жүсіп Баласұғын
Досым саған сенемін, сеніп өтем Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен Достық деген адамның көрігі екен Достық деген ақылдың серігі екен Мұқағали Мақатаев
Достық деген ізгіліктің алаңы Оған куә ғасырлар мен замандар
Отанында сатып кете алады Қиын шақта досын сатқан адамдар Мұхтар Шаханов
Достық шеңбер құраймыз (айнала оқушылар тұрып, бір - біріне достық тілек айтады ) Ән: <<Іздегенде табылатын қасыңнан...>> Орындайтын Жолдасбаева А, Тасқынбаева А Қорытынды: ДОСТЫҚ ТУРАЛЫ Мұқтар Шаханов Айқындалмас жақының мен алысың, Доссыз жүру мүмкін емес сол үшін.
Өз көңілінен сенім таба білмеген, Досқа досша ұсына алмас қол ұшын.
Доссыз менің өмірімде бар ма сән, Досым барда арманға асам, алға асам,
Мақтау күтпен, адамшылық арыңды Көкірегімді оққа төсеп қорғасам.
Адам деме жалған күліп алдасам, Не берсем де сеніп бере алмасам.
Тар кезінде талшық етер жаныма, Жарты құртты бөліп бере алмасам.
Дос құшақтан босамасын қолдарым, Осы менің, осы менің арманым.
Достығыма сенетін жан аз болса, Онда, құрбым, менің әлсіз болғаным. Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Достықтың алғашқы белгілері мектептен, сыныптан басталады. Сондықтан барлық уақытта да достығымызғы адал да берік болып оны мәңгілік сақтай білейік.

Ұқсас жұмыстар
Достарым әні
Жан досым
Жақсы дос
Екі дос әңгімесі
Достық қымбат өмірде
Іздегенде табылатын қасыңнан жайлы ақпарат
Ішкі энергия
Шын дос үшін қалайда, Тік қатерге басыңды
Қатыспаған оқушылар
Тақырып Адам еңбекпен шыңдалады
Пәндер