Есірткіге кімдер құмар және неліктен

Сабақтың тақырыбы Есірткіге кімдер құмар және неліктен?
Сабақтың мақсаты: Есірткінің зинды екендігі жайлы терең мағлумат беру
Тәрбиелілігі: Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға, саналыда тәрбиелі азамат пен азаматша болуға тәрбиелеу
Латын тілінің «narke» (ұйқы) сөзінен түрленген «narcotic» сөзі ағылшыншада «ұйықтату, жансыздандыру, масайрату» деген мағынаны береді. Ал грек тілінде «narcomania»сөзі «құмарту»деген мағынада қолданылады. Басқаша айтқанда, бұл-потологиялық құмарлықтың көрнісі. Жалпы есірткілік және стимуляторлық заттар дегеніміз -адамның жүйке жүйесін өткінші бір сәтке сал қылып, масайрататын (эйфория), жансыздандыратын, ағзаны психикалық әрі биологиялық тұрғыдан тәуелді ететін, адамды рухани-әлеуметтік тұрғыдан азғындыққа, қылмысқа, ең соңында өлімге апаратын табиғи өсімдіктер немесе синтетикалық заттардан жасалған препараттар. 1984 жылы американ ғалымы Гала вирустың қасиеттерін жан-жақты зерттеді.
1991 жылы суретші Франк Мур қызыл жолақ символын ойлап тапты 1981 жылы француз ғалымы Л. Монтье және американ ғалымы Р. Галло ЖҚТБ-жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы - ауруын тудыратын адамдағы иммундық тапшылық вирусын ( АҚТҚ) ашты. Осы уақыттан бастап адамзатқа төнген қатерлі қауіп туралы адамдар біле бастады. Ұлы даналар адамның азғындау себептерін ертеректен-ақ білген секілді. Әсіресе, Абай атамыздан адам мәселесіне қатысты айтылмаған сөз қалмағандай: «Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын». Есірткінің тұзағына түсетіндер де көбіне өмірде алға қойған мақсаты жоқ, ештеңеге қызықпайтын, еріккен адамдар арасында көптеп кездеседі. Рухани саулық әлсіреген сайын, адам өзінің адами қасиеттерінен алшақтай беретіні белгілі. Өйткені, мұндай адамның бар ойлағаны-тән құмарын қанағаттандыру. Басқаша айтқанда, тәннің құлына айналады. Осында сана-сезім адамды көп ретте ішімдікке, есірткіге, зинақорлыққа, құмар ойындарына бастайды. Тән құмарын қанағаттандыруды ғана көксеп тұратын жанды ғылымға, спортқа, мәдени іс-шараларға, имандылыққа қызықтыру тіптен қиын. Бір өкініштісі, қазіргі заманғы тұтынушылыққа негізделген тобырлық мәдениет өмірдің мәнін «жеке бастың рақаты» ретінде түсіндіреді. Есірткі түрлері1. Апиын алкалоидтары (морфин, кодеин), жасанды (синтетикалық) опиоидтар(героин, норфин, метадон, промедол) ;
2. Кейбір психикалық үдетуші заттар (кокаин және оның өнімдері, фенамин, первитамин, эфедрон және басқа амфетамин) ;
3. Галлюциногендер немесе психоделикалық заттар: гашиш(анаша, марихуана), ЛСД (лизергинқышқылының диэтиламиді), псилобицин, фенциклидин; 4. Галлюциногендік әсерлі құрамдас бөлімі бар психистимуляторлар немесе психикалық үдетушілер(жаргондық атауы-экстази), МДМА
Есірткінің ағзаға кері әсері Жалпы есірткі және уытқұмарлық заттардың кеселді кесірі мұны тікелей қолданатындармен шектелмейді. Бұл індеттен нашақорлардың жанұясы, жақындары, достары және тұтас қоғам зардап шегеді. Есірткіге тәуелділіктің орасан зардаптары ең алдымен моральдық-рухани өмірде көрніс тауып, қоғамдық тыныштықты орындайтындықтан, оны қолданушының ағзасына келтіретін зияны көп ретте екінші кезекке ығысып қалып жатады. Дегенмен есірткі және уытқұмарлық заттардың адам ағзасына келтіретін зияндарына қысқаша жеке-жеке тоқталып өтелік. Ми және орталық жүйке жүйесі, бауыр және бүйрек, көз, тыныс алу жүйесі, қан- тамырлары және улану пайда болады. Жас жеткіншектерді нашақорлыққа апаратын факторлар Қазіргі таңда нашақорлық дертіне шалдыққандардың басым көпшілігі өрімдей жастар. Нашақорлардың 60 пайызға жуығын жастар құрайды. Ал, жасырын түрде есірткі қолданып жүрген жастардың саны қаншама? Осы қасіреттен талй жас жеткіншек өмірін ит-қорлыққа айналдырып, көктей солып жатқаны өзекті өртейді. Есірткіні пайдалануға адам жасөспірім шағында, өтпелі кезеңде ұрынып қалады. Баланың организмі даму үстінде болғандықтан және ақ пен қараны анық ажырататын жасқа жетпегендіктен, қызығушылықпен есірткінің құрбанына айналады. Бұған біріншіден баланың жүрген ортасы әсер етеді. Адам бала кезде нені болсын білуге құмартады. Есірткі таратушылар құрбандықты ең бірінші сол баладан іздейді. Өйткені балаларды алдап-арбау өте оңай. Тіптен кейбір балалар өздері келіп есірткінің қақпанына өзі түсіп жатады. Сондықтан әрбір ата-ана балаларын, әсіресе, өтпелі кезеңде тәлім-тәрбиесіне баса назар аударып, жүріс-тұрысын жіті қадағалағаны жөн. Бүгінде мектептерде есірткіні таратумен көбіне отбасында дұрыс тәрбие берілмеген жетесіз балалар айналысады. Мұндай балалар көбіне қатыгез және бұзық келеді. Айналасына өзі секілді бұзық балаларды жинап алып, өзгелерге өктемдік жүргізгісі келеді. Міне, осындай балалар есірткі тартушылардың көзіне түсіп, құрығына ілігеді. Кейін келе мұндай балалар қысым көрсету, қорқыту, еліктіру арқылы өзге балаларды нашақорлыққа тартады. Анаша қолданатындар «крутой» болып саналады. Криминалды киноларда әсіресе дәріптелетін «крутой» қаһармандар, қоғамда криминалдық оқиғалардың өріс алуы, мектеп және жоғары оқу орындарда криминалды топтардың тайраңдаған жүрістері жастарды еліктіреді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz