Жүректің құрылысы мен қан тамырлары және жүрекшеле

Сабақтың тақырыбы : Жүректің құрылысы мен қан тамырлары және жүрекшеле Сабақтың мақсаты : Жүректің құрылысы мен қан тамырлары және жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі жайлы оқып үйрену Білімділік: Жүректің құрылысы, атқаратын қызметі жайлы және жүректің адам өмірінде маңызды мүше екендігі жайлы тереңірек мәлімет беру Тәрбиелілігі : Денсаулықты сақтауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу Дамытушылық: Оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыру, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту Көрнекілігі: плакат, слайд, тонометр Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың байланысы: Биолог анықтамалығы № 4, Денсаулық журналы, Жануарлар дүниесі, матиматика, химия Сабақтың әдісі : түсіндіру, СТО стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар, кесте, суретпен жұмыс Сабақтың барысы : Ұйымдастыру Өткен сабақты қорытындылау: Біліміңді тексер 1. Жарақаттанғанда, зақымданғанда көп қан жоғалту адам өміріне қауіпті. Мұндай жағдайда адам өмірін сақтап қалу үшін не істеу керек? 2. Австриялық ғалым К. Ландштейнер кім? 3. Қан топтары қандай болады? 4. К. Ландштейнер нешінші жылы Нобель сыйлығын алды? 5. Донор дегеніміз не? 6. Реципиент дегеніміз не? 7. Әмбебап донор дегеніміз не? 8. Әмбебап реципиент дегеніміз не? 9. Резус-фактор дегеніміз не? 10. К. Ландштейнер нешінші жылы макака -резус маймылының қанын анықтаған? 11. Агглютинация дегеніміз не? 12. Қан тобы дегеніз не? Үй тапсырмасы мен жаңа тақырыптың байланысы Демек адамдардың 40%-ының қан тобы І, 40% -ы - ІІ топ, 14% -ы -ІІІ топ, 6% -ы -ІҮ топ екен. Оқушылар а дам организміндегі осы қанайналымды реттеп отыратын ол қандай мүше екен? (жүректің суреті, слайд)

Жаңа тақырып Әрбір жасушаға қоректік заттар, оттек, су тасымалданып, зат алмасу өнімдерін сыртқа шығару жағдайында организмнің тіршілік әрекеті жүзеге асады. Бұл процестерді мүшелері жүрек және қан тамырлары болып табылатын жүрек -қан тамырлары жүйелері жүзеге асырады. Қанның тұйық жүрек-қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозғалуы қанайналым деп аталады. Жүрек- пішіні конус тәрізді, кеуде қуысының сол жақ жартысына жақын, екінші-бесінші қабырға деңгейінде орналасқан қуыс бұлшық ет мүшесі. Ересек адамның жүрегінің салмағы 250-300г Жүрек сұйықтың аздаған мөлшері бар жүрек қабында орналасқан. Сұйықтық жүрек бетін ылғалдап, жүрек жиырылғанда үйкелуін азайтады. Жүрек тұтас қалқа арқылы оң және сол жақ бөлікке бөлінеді. Әрбір бөлікте бір-бірімен өзара байланысты екі бөлім -жоғары ж. рекше мен төменгі қарынша бар. Осылай адамның жүрегі сүтқоректі жануарлардағы сияқты төрт қуысты:екі жүрекше мен екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшамен өзара байланысты болады. Оң жақ бөлігінде үш жақтаулы қақпақша, ал сол жақ бөлікте қос жақтаулы қақпақша болады. Жақтаулы қақпақшалар қаннаң жүрекшеден қарыншаға қозғалуын реттейді. Олар тек қарынша жаққа қарай ашылады. Бұған бір ұшы -қақпақша жақтауына, екінші ұшы қарынша қабырғасына бекіген сіңір жіпшелері себепші болады. Қарыншалар жиырылған кезде сінің жіпшелері қақпақшалардың жүрекше жаққа ашылуына жол бермейді. Сол жақ қарынша мен қолқа, оң жақ қарынша мен өкпе артериясы шегінде айшық тәрізді қақпақшалар болады. Олардың пішіні-жартылай дөңгелек терең қалта тәріздіү Бұл қақпақшалар қанды жүрек қарыншасынан артерияға өткізеді, бірақ қанның артериядан қарыншаға кері ағуына кедергі келтіреді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Сыртқы қабат-эпикард жүрек бетін қаптайды, ортаңғы бұлшық ет қабаты-миокард еріксіз жиырылатын ерекше көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан түзілген. Ішкі қабат -эндокард жүректің ішкі қабатын және жүрек қақпақшаларын түзеді. Жүрек қабырғасының негізгі бөлігін бұлшық ет қабаты құрайды. Жиырылу күші неғұрлым көп болса, жүрек бұлшық еті соғұрлым жақсы дамаған. Сол жақ қарынша қабыр, асы едәуір қалың болады, себебі ол қанды тамырлардың бүкіл ұзындығы ойынша үлкен күшпен айдайды. Оң жақ қарынша қабырғасы-жұқалау, ал жүрекше қабырғасы одан да жұқа болады. Артериялар-қан жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға ағатын тамырлар. Олардың ішіндегі ең ірісі -қолқа (аорта) Ол сол жақ қарыншадан басталып, артерияларға тармақталады. Артерия қабырғасы қалың, иілгіш және серпімді. Олардың құрамына арасынан созылғыш талшықтар өтетін біріңғай салалы бұлшық еттер кіреді. Жүрек жиырылғанда қан үлкен қысыммен артерияға ағады. Артерияның берік және созылғыш бұл қысымға төзеді де, созылады. Артерия айналатын, арнасының диаметрі, шамамен, 100 мкм артериолаға айналады. Капиллярлар-ең жіңішке қан тамырлары. Олар біздің денеміздің барлық мүшелеріне енетін тармақталған тор түзеді. Капилляр арнасы 4-20 мкм құрайды, ал қабырғасы жалпақ жасушалардың бір қабатынан тұрады. Мұндай жұқа қабаттан әр түрлі заттар қаннан, ұлпадан қанға енеді. Капиллярлардың екдәуір қалың торы етте болады. Онда ұлпаның 1мм2-нде 200 -ден көп капилляр бар. Адамда капиллярлардың жалпы саны 2 млрд. Капиллярларға таралған артерия қаны біртіндеп вена қанына айналады да, венаға түседі. Капиллярлардың венаға өтететін қшында қан қысымы азаяды, сондықтан ұлпа сұйықтығы капиллярларға қайтадан құйылады. Капиллярлардың вена ұшы бірігіп венула түзеді, ал венула венаға айналады. Веналар -қан мүшелер мен ұлпалардан жүрекке ағатын едәуір ірі тамырлар. Вена қабырғасынан жұқа, сондай-ақ бұлшық ет және созылғыш талшықтар аз. Венаның ішкі қабырғасы қан ағымының бағыты бойынша орналасқан қалта тәрізді қақпақшалар түзеді, қанның ағуына себепші болады. Жүрек жұмысы қанның үздіксіз қозғалуын қамтамасыз ететінін жүрекшелер мен қарыншалардың жүйелі жиырылуы мен босаңсуынан тұрады. Жүрек біз істейміз бе, демаламыз ба немесе ұйқтаймыз ба, оған қарамастан өмір бойы, үздіксіз жұмыс істейді. Бұл біздің санамыздан тыс, автоматты түрде жүреді. Жүрек автоматизмі дегеніміз- жүректің өзінде пайда болатын импульс әсерінен жиырылу қабілеті. Мұндай қабілет қозу пайда болатын оң жақ жүрекшедегі ерекше бұлшықет жасушаларына тән. Импульс екі жүрекше мен екі қарыншаның бұлшық ет қабырғаларына беріледі де олардың жүйелі ырғақты жиырылуын туғызады. Ең алдымен жүрекше, содан кейін қарынша жиырылады. Сонымен қатар жүрек бүкіл денеге таралатын әлсіз биоэлектрлік сигнал шығаратын ерекше қабілетке ие.

Жүрек жұмысы үш кезеңнен

1-ші жүрекшелердің жиырылуы 2-ші қарыншалардың жиырылуы

3-ші үзіліс жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде босаңсуы.


Ұқсас жұмыстар
Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі. Жүрек
Жүрек жұмысы, жүрек жұмысының реттелуі
Қанайналым: "қанайналымның үлкен және кіші шеңбері"
Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың қызметі. Жүрек қақпақшалары
Гуморальдық реттелу
Жүректің құрылысы
Мидағы қан тамырлардың жарылуы
Қантамырлары. қанайналым шеңберлері
Қанның қызыл түсті жасушалары
Гуморальдық реттелу. Шамадан тыс бұлшық ет әрекетінің жүрек пен қан тамырларына әсері. Жүректі жаттықтырудың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz