9-сыныпқа арналған Ер Тарғын жыры бойынша сабақ жоспары: мазмұн, композиция және кейіпкерлерді талдау

«Ер Тарғын» жыры

9 сынып

Сабақтың мақсаты :жыр мазмұыны ашу, композициялық құрылысын, көркемдік ерекшелігін талдау, кейіпкерлер бейнесін ашу, алған білімдерін жинақтау, ой-өрісін кеңейтіп, пікіралмсуда өз ойын ашық айтуға тәрбиелеу.

Түрі: бекіту сабақ. Әдісі: зерттеу, талдау, ой қозғау, тестілеу, тыңдау, мәнерлеп оқу, салыстыру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс :тарих, геграфия. Көрнекілігі:иетербелсенді тақта(слайд), тест, кітап бұрышы

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру. «Не білем?» тренингі. Оқушылар шаттық шеңберіне шақырылады. «Тарғын», «Ақжүніс», «Қартқожақ» болып үш топқа бөлінеді. Оқушылар өз орындарында отырғаннан кейін әр топ өздеріне берілген кейпкер аттарынының мағынасын ашады.

Негізгі бөлім. 1. Зертте, талда.

1-топ: «Ер Тарғын жырының тарихи маңызы». 2-топ: «Ер Тарғын жырының зерттелуі», 3 - топ: Жырдың композициялық құрылысы.

2. Жырдан үзінділермен дәлелдей отырып кейіпкерлер бейнесін ашу.

Жағымды кейіпкерлер
Жағымсыз кейіпкерлер
Жырдан үзінді айт
Жағымды кейіпкерлер:
Жағымсыз кейіпкерлер:
Жырдан үзінді айт:

3. Жырдың көркемдік ерекшелігі. «Семантикалық карта» кестесін толтыру.

Мәтіннен үзінді
теңеу
портрет
Риторикалқ сұрау
эпитет
Мәтіннен үзінді:

Сүйегімді ұстар теңім жоқ.

Үстіме киер кебін жоқ

Еңіреп жүрген ер едім,

Қаптаған қара борандай,

Өткені ме дүние боқ . . . -

теңеу:
портрет:
Риторикалқ сұрау:
эпитет:
Мәтіннен үзінді:

Байлауда қалған ақ сұңқар,

Бұрынғыдай бола алмас.

Көлден үйрек ала алмас . . .

Кетпек болсаң алғаным,

Неғылғаным сенен қалғаным?!

теңеу:
портрет:
Риторикалқ сұрау:
эпитет:
Мәтіннен үзінді:

Бет ажарын қарасаң,

Жазғы түскен сағымдай.

Ет ажарын қарасаң,

Терісінен айырған,

Арпа-бидай ақ ұндай,

Кірпігі оқтай тізілген . . . -

теңеу:
портрет:
Риторикалқ сұрау:
эпитет:
Мәтіннен үзінді:

Астына мінген Тарланның,

Тұрпатына қараса,

От орнындай тұяқтан,

Оймақтайы қалыпты.

Етектейін еріннің,

Екі елісі қалыпты.

теңеу:
портрет:
Риторикалқ сұрау:
эпитет:

4. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру. (Ұжымдық жұмыс) Ақжүніс пен Ер Тарғынның кескін-келбетін шығармадан тауып оқу.

р/с
Кейіпкер
Іс-әрекеті, қасиеттері
р/с: 1.
Кейіпкер: Ер Тарғын
Іс-әрекеті, қасиеттері:
р/с: 2.
Кейіпкер: Ақжүніс
Іс-әрекеті, қасиеттері:
р/с: 3.
Кейіпкер: Қартқожақ
Іс-әрекеті, қасиеттері:

5. Ой қорыту.

Ер Тарғын жырының басты тақырыбы не?

Ақын Сыпыра жырауды жыр арқауына енгізгенде қандай мақсат көздеген?

Қартқожақпен кездесу оқиғасын жыршы не үшін алған?

6. Үй тапсырмасын беру. Тарғын монологын жаттап келу.

7. Бағалау. Оқушылардың еңбегін бағалау.


Ұқсас жұмыстар
4-сынып ана тілі: Халық ауыз әдебиеті - Батырлар жыры (Ер Тарғын) сабақ жоспары
9-сынып Қазақ әдебиеті: Ер Тарғын жырының сабақ жоспары мен оқу-әдістемелік материалы
Ана тілі 4-сынып: Ер Тарғын және Тасбақаның шөбі тақырыбындағы сабақ жоспарлары, мақсаттары мен әдістемелері
9-сыныпқа арналған Қ. О. Бітібаеваның әдістемесі бойынша Қазтуған жыры - таза далалық поэзия: сабақ жоспары
Бастауыш сынып әдебиеттік оқу сабағы: Қытай ертегісі Сары ләйлек - мазмұн мен кейіпкерлерді талдау
5-сынып: Н. Сералиевтің Аңсау әңгімесіндегі кейіпкерлерді талдау - сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған Бесік жыры өлеңі бойынша сабақ жоспары
9-сыныпқа арналған Құрманғазы Сағырбайұлы туралы сабақ жоспары: мәдени-танымдық мазмұн және герундийді оқыту
Бесік жыры: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
С.Бегалиннің Бала Шоқан әңгімесіне арналған 6-сынып ашық сабағы: мазмұн, композиция және тұлға талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz