Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Сын есім туралы. Сын есім,оның құрамдық және мағыналық түрлері

Сабақтың тақырыбы: "Сын есім"
Сабақтың мақсаты:
1.Сын есім,оның құрамдық және мағыналық түрлері бойынша алған білімдерін бекіту арқылы оларды ажырата білуге, орынды қолдана білуге үйрету;
2. Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіре отырып, ұлтжанды азамат тұлғасын қалыптастыру;
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру арқылы шығармашылық ізденімпаздыққа баулу;
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, сатылай кешенді талдау технологиясы, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, деңгейлік тапсырмалар, ізденіс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы слайдтар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Қазақ тіл білімінің зерттеу орталығына қош келдіңіздер!
Сыныпты 2 топқа бөлу
"Білгір" тобы "Алғыр" тобы
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Әдеби шығармадан сөйлемдер жазып, сын есімдерді түрлеріне қарай жырату.
(Оқушылардың жауаптарын шартты белгілермен бағалау.)
ІІІ-тапсырма. Жедел сұрақтар.
"Алғыр" тобының сұрақтары
oo 1.Сын есім деген не?
oo 2.Негізгі және туынды сын есім
oo 3.Дара және күрделі сын есім
"Білгір" тобының сұрақтары
oo 1.Сапалық сын есім
oo 2.Қатыстық сын есім
oo 3.Сын есім көбінесе қандай сөз табымен байланысады?
ІV. "Ой шақыру"
oo Балалар, жылдың төрт мезгіліне арнап өлең шығарған ақынды атаңдар.
oo Қандай өлеңдерін білесіңдер?
oo Өлеңдерінен мысал келтіріңдер.
oo Сендер де ақын аталарың сияқты табиғаттың әсемдігін суреттеу үшін сын есімдерді пайдалана отырып, эссе жазу. Шығармашылық жұмыстырыңызда сын есімнің қандай түрін қолданғандарыңды атаңыздар.
oo Сіздерге көмек ретінде мына суреттер ұсынылады.
V. Суретпен жұмыс
VІ. Ізденіс тапсырмасы.
132-жаттығу. Мәтінді оқып, сапалық және қатыстық сын есімдерді теріп жазыңдар.
VІІ. Талдау жұмысы
1-топ.Негізгі сын есімге фонетикалық талдау.
Сын есімге математикалық тәсілмен талдау жасаңдар.
2-топ.Туынды сын есімге морфологиялық талдау жасаңдар.
1-топ.Негізгі сын есімге фонетикалық талдау.
Сын есімге математикалық тәсілмен талдау жасаңдар.
2-топ.Туынды сын есімге морфологиялық талдау жасаңдар.
ІX. Сабақты бекіту
Семантикалық картаны толтыру:
мысалдар
Сапалық сын есім
Қатыстық сын есім

дара

Күрделі

қоңыр қызыл

қалпақты

орманды

үлкен-үлкен

аттылы

мінезді

тәтті

жігерлі

кіп-кішкентай

Қорытынды:
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,- деп ұлы Абай айтқандай, бүгін сендердің бойларыңнан ыстық қайрат, нұрлы ақыл мен жылы жүректі көре алдық.Әрқашан қайратты, ақылды, мейірімді болыңдар демекпін.
Х.Бағалау. Оқушылардың берген жауаптарына қарай баға қою.
ХІ. Үй тапсырмасы.
1.Сын есімдерді пайдалану арқылы өлең шығару.
2.Ережелерді қайталау

Ұқсас жұмыстар
Күшейткіш үстеу
Сын есім. 10 сынып
Қазақ тілі сабақ жоспары
Жеті күн
Есімдіктің мағыналық түрлері
Сын есім жайлы
Сын есімнің мағыналық түрлері жайлы ақпарат
Сын есімнің шырайлары
<<Сан есімді қайталау>>
Сабақты етістіктер кімді
Пәндер