Тақырып Пайдалы қазбалардың түрлері

Сабақтың тақырыбы : «Пайдалы қазбалардың түрлері»

Мақсаты: Пайдалы қазбалардың қасиеттерін салыстыра отырып, түрлерімен таныстыру. Олардың кен орындары туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың танымдық белсенділігін, Қазақстан картасымен жұмыс істеуді үйрету. Оқушылардың тіл байлығын дамытып, логикалық ойлауға, салыстырып қорытынды жасауға үйрету. Өзіндік пікір қалыптастыру арқылы өз ойын еркін жеткізу. Елінің пайдалы қазбаларға бай екендігін, оларды үнемі ұқыпсыз пайдалану зияндығын, үнемді, тиімді пайдасын іске асыру жолдарын түсіндіру.

Керекті-құралдар :АКТ, пайдалы қазбалар топтамасы, саз, су, көмір, майшам, бор

Пәнаралық байланыс :Әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі.

Технология: СТО, ақпараттық технология

Сабақтың түрі :Кіріктірілген, зерттеу сабағы.

Не арқылы бағаланады?

Ой-қозғау, Венн диаграммасы, Жигсо стратегиясы, Топтастыру.

Күтілетін нәтиже:

1. Пайдалы қазбалардың түрлері және кен орындары туралы білім қалыптастыру.

2. Салыстырып, қорытындылап, өз ойын еркін жеткізе білу.

3. Белсенділігін арттырып, шығармашылық жұмысқа баулу. Картамен, тәжірибе жасауға дағдыландыру.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі

а. Сәлемдесу

ә. Психологиялық сәт.

Табиғат-біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен.

Меңгеруді қалайды,

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы.

б. Оқушыларды топқа бөлу.

І-топ Геологтар

ІІ-топ Кеншілер

ІІІ-топ Экологтар

Әр топтың аттарына анықтама беру. Қаныш Сәтбаев пен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен байланыстыру.

2. Үй тапсырмасы .

«Бәйге» ойыны . Ойынның мақсаты:Алған білімдерімізді пысықтау. Ол үшін көбейту кестесін еске түсіреміз. Астындағы сұрақтарға жауап береміз.

1. Тау жынысы дегеніміз не? Жер қыртысын толтырып жатқан денелер.

2. Тау жыныстарының қандай түрлері бар?Қопсынды, қатты, газтәріздес, сұйық.

3. Пайдалы қазба деген не?неге олай деп аталады?

4. Пайдалы қазбалардың қандай пайдасы бар?Газ, шымтезек, мұнай, таскөмір, отын ретінде пайдаланады. Әктас, мәрмәр, саз, гранит, құм, т. б құрылысқа пайдаланады. Темір, мыс, қорғасын, алюминий бұларды зергерлік бұымдар, ыдыстарға, машина, теміржол т. б заттар жасайды.

5. Пайдалы қазба табылған жер қалай аталады?ал өндіретін жерді ше?Қазба табылған жерді кен орны, оларды өндіретін жерді кеніш деп аталады.

6. Үйге 4, 5 жол өлең құрастыру, эссе жазып келу.

І. Қызығушылығын ояту

Ой-қозғау.

-Бұл пайдалы қазбалардың қасиеттері бірдей ме?

-Балалардың жауабы.

-Сондықтан қазір біздер пайдалы қазбалардың қасиеттері бірдей ме, әлде әртүрлі ме?

Тәжірибе арқылы көз жеткіземіз.

Тәжірибе. Топпен жұмыс .

І-топ. Саз

ІІ-топ. Таскөмір, мұнай (майшам)

ІІІ-топ. Темір

І-топ. Саз

Тостағанға суға саз балшық салып араластырамыз. Не байқадың?

-Балалардың жауабы. Су лайланды, судың түбіне тұңды.

-Сазды көп салғанда ше? ботқа пайда болды.

-Құрамында металл бар ма? жоқ

Сонда не ұқтыңдар?

Тұжырым :демек саз судан ауыр және ерімейді, созылмалы қасиеті бар. Құрамында металл жоқ.

ІІ-топ Таскөмір кесегін қолыңа алып сындырып көр. Сындыра алмайсың. Таскөмір қатты. . енді кесегін балғамен ұр. Ол кішкене кесектерге бөлінеді. Таскөмір морт сынғыш. Отқа салсаң ше? Жанады. Таскөмірді суға саламыз. Не істеді?

-Батып кетті. Демек ауыр екен.

-Құрамында металл бар ма?

-Жоқ

Тұжырым: Ерімейді, судан ауыр, жанады, құрамында металл жоқ.

ІІІ-топ. . Темірді қолыңа ұста.

Не байқадың?

-балалардың жауабы.

-Ауыр ма?

-ия, ауыр

-Магнит тарта ма?

-Тартады

-Құрамында метал бар ма?

-Бар.

Тұжырым:ауыр, өзіне темір заттарды тартып алады. Құрамында металл бар.

-Демек, балалар әртүрлі қасиеттеріне байланысты пайдалы қазбалар әртүрлі болады.

Мағынаны тану.

-Сондықтан бүгінгі сабағымызда пайдалы қазбалардың түрлерімен танысамыз.

Дәптермен жұмыс . Бүгінгі күнді жазып, жаңа тақырыптың атын жазу.

Венн диаграммасы.

-Балалар осы пайдалы қазбалардың ерекшелігін венн диаграммасы арқылы ажыратып алайық.

Оқулықпен жұмыс. Жигсо стратегиясы

І топ-1, 2, 3 Геологтар

ІІ топ-1, 2, 3 Кеншілер

ІІІ топ-1, 2, 3 Экологтар

Оқыған білімін ортаға салып, бір-бірімен ақпарат алмасып, сұрақтарға жауап беру. Сыныптан тыс ақпарат әкелу.

-Пайдалы қазбалардың қасиеттер туралы не білесіңдер?Оқулықтан тыс ақпарат кім әзірледі?

Әр топ алған ақпарат арқылы тірек-сызбамен п. қ қасиеттерін қорғау.

Қазақстан картасымен жұмыс.

География пәнінің мұғалімі Меңтай Бисенбайқызы сіздерге Қазақстан картасынан кен орындарының орналасуын және көмірді алғаш тапқан кім екендігін қысқаша баяндайды.

Оқушылар пайдалы қазбалардың шартты белгілермен картадан кен орындарды тауып белгілейді.

Бейнетаспадан Пайдалы қазбаларға қатысты деректі фильмін тамашалау.

Сөйлем құрау, талдау.

І-топ. Көмір лаулап жанады.

ІІ-топ . Гранит-өте қатты тас.

ІІІ-топ. Ақсайдан мұнай өндірді.

ІІІ. Ой-толғаныс . Бүгінгі сабақта біз нені үйрендік?Егер пайдалы қазбаларды үнемді пайдалана білмесек не болар еді?Балалардың ойын, пікірін тыңдау.

Қорытынды . Қазақстан қазба байлық бойынша 6- орынды иемденді. Жер қойнауыңда 99-нан астам п. қ түрлері бар. Осы пайдалы қазбаларды үнемді, тиімді пайдалану керек. Өйткені елдің экономикасының өрлеуіне, халқымыздың жағдайын жақсартуға тікелей байланысты. Пайдалы қазбаларды өңдірген кезеңде қоршаған ортаға тигізетін зияны да көп. Мұнай мен газ улы болғандықтан табиғатқа, адам денсаулығына үлкен зиян.


Ұқсас жұмыстар
Пайдалы қазбалардың түрлері
Үзілген гүл
Кенді пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. 4 сынып
Пайдалы қазба атауларын ата
Пайдалы қазбаларды өндіру жолдары
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Пайдалы қазбаларды өндіру әдістерін анықтау
Пайдалы қазбаларды қорғау
ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР. Пайдалы қазбалардың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz