Тақырып Білім биржасы зияткерлік ойыны

« Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ
«Білім биржасы»
зияткерлік ойыны
Сыныбы: 8
Өткізген: Н. Жұмалиева
Бейнеу - 2015
8 сыныптар арасында өтетін «Білім биржасы» зияткерлік ойыны
Мақсаты:
1. Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамытып, пән ге қызығушылықтарын арттыруға, іздемпаздыққа
тәрбиелеу
Қажетті құралдар: видеопроектор, акша құны жазылған қағаздар, слайд
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер. Ойнымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Алдарыңызда өз білімен, ақыл-ойымен, эрудициясымен ерекшеленген 8 сыныптардың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады) .
1. Болашақ тобы
2. Эврика тобы
3. Асыл тас тобы
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім» деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни. Ендеше білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Әр топтың қорында 500 теңгеден бар. Бұл - бастапқы капитал. Өз капиталдарыңызды көбейту өз қолдарыңызда. Аукционға физикадан сұрақтар, жұмбақтар қойылады. Әр сұрақ 50 теңге. Топ капитаны бағаны 50 теңгеден жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса - баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады.
Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда - банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.
Сонымен, «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы», -деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.
№ 1 лот - жұмбақ
Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға - 50 теңге. Қай топ жоғары баға береді?
Сұрағы: Туыстарын шетінен, өбеді де бетінен.
Бала -шаға ұсағын, бауырына қысады. (магнит)
№ 2 лот
Жанды нәрсе туралы . . .
а) Көзі қырағы, жанған жарықта алыстан көреді
б) Жүрегіңнің қуаты 2. 2 Вт
в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді
г) жердегі ең ақылды кім? ( адам)
№ 3 лот
Ғалым туралы . . .
а) Зарядталған денелердің өзара әсерін тексерген
в) Француз физигі электростатиканың негізгі заңын ашқан ғалым
г) зарядтың өлшем бірлігі ретінде алынған (Шарль Огюстен Кулон)
№4 лот «физикалық құрал»
Египет жерінде Хеопс пирамидалары бар екендігі белгілі. Бұл пирамидалр біздің ғасырымыздан бірнеше жыл бұрын салынған. Осы пирамидаларды салу кезінде қандай механизмді пайдаланды? Ол қалай жұмыс істейді?
№5 лот
Зат туралы . . .
а) Адам организмнің 65 проценті
б) Заттың үш күйінің біреу
в) Үш күйде де бола алады
г) Жерде онсыз өмір жоқ ( Су)
№6 лот
Қорапта бір физикалық дене бар?
а) Ғылымда, физикада зерттеу жұмыстары үшін қолданылады
б) Беттік ауданы ең аз геометриялық фигура
в) Спортшы осы денемен дос
г) Шар тәріздес ( доп )
Жүргізуші: Осымен І тур аяқталды. Қорытындысын әділ-қазыларымыз айтсын. Жоғары капитал жинаған топ . . .
Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа 10 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауап құны - 10 тенге.
ІІ тур. Эрудиттер сайысы.
Болашақ тобы:
1) «Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)
2) Страус өзін құспын деп атай ала ма? (жоқ)
3) . Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )
4) Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)
5) Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол . . . ? (инерция)
6) Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)
7) дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
8) Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
9) Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. (паскаль)
10) Сүт қанша градуста қайнайды? (100 С)
«Эврика» тобы
1. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)
2. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
3. неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
4. Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)
5. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)
6. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор)
7. Ең кішкентай заряд? (электрон)
8. электр заряды жоқ бөлшек? ( нейтрон)
9. Жылдамдықты өлшеуге арналған құрал? (спидометр) )
10. қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
«Асыл тас» тобы
1) 12 шоқ жұлдыздың жалпы аты (зодиак)
2) Табиғатты зерттеудің негізгі 3 әдістері? ( бақылау, эксперимент, теория)
3 ) Күн жүйесіндегі ең ірі планета (юпитер)
4) Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп )
5. массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)
6. Аттас зарядтар бір біріне тартыла ма?( жоқ тебіледі)
7. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама . . . (энергия)
7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
10. ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)
Жүргізуші: ІІ тур қорытындысын әділ-қазыларымыздан сұраймыз.
Енді, ІІІ тур Физикалық сөз құрастыру. Әр сөз 50 теңге
Электродинамика сөзінен сөз құрастыру.
Жауабы: электр, динамика, электрик, электрон, дене, ом, анод, катод, ион, иондар, метр, атом, динамометр т. б.
Жүргізуші: ІІІ тур қорытындысын әділ-қазыларымыздан сұраймыз.
ІҮ тур: Жабық лот. Әр топ қандай сұрақ екенін білместен жабық лотты сатып алады. Жабық лоттың құны сұрақтың оңай қиындығына байланысты.
100 - Шам, плита жұмысын жасай қалды.
Ал оның есептен - ақ басы айналды. (электр есептегіш)
200 - Тіршіліктің қамы үшін, жоқшылықты түзейді
Егер іскер жан үшін, жоқшылықты түзейді (жұмыс)
400 - атмосфералық қысымнан кем емес үлкен қысымды өлшейтін құрал. Латынның U әрпіне ұқсайды. Сұйықтық деңгейінің екі бағаны да бірдей, өйткені онда қысым бірдей. Ол қандай құрал.
600 - «Азықсыз адам алысқа бармайды» мақалының мағынасын ашу. Жауабы: адам әр уақытта энергияны астан алады, егер тамақтанбаса, адамның әл-ауқаты да болмайды, сондықтан күнделікті дұрыс тамақтану керек.
800 - Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Алдардан оңалықпен құтылмайтынын білген бай бәйбішесіне шай әкелуін бұйырады. Дастарханға шай да келеді. Бай мен Алдар Көсе әңгімелесіп отырып шайға көшеді. Бәйбіше екеуіне де ыстық шай ұсынады. Бай әңгімелесіп отыра бередіде, ал Алдар алдына келген шайға бірден бір ас қасық шекер салып, әңгімесін жалғасытаыра береді. Бай Алдардың ауызына қарап, біраз уақыт өткеннен кейін ғана ыдысқа шекер салады.
Сұрақ: Сонда қайсысының шайы тез суиды: байдың ба, алде Алдар Көсенің ба?
Жауабы: Алдардың шайы тез суиды, өйткені шекерді ыстық суға бірден салса, шайдың температурасы төмендейді. Ал шайға кейінірек салса, температурасы ауаның температурасынан сәл ғана өзгеше болады да, шай баяу суиды.
1000 - Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Олар келгенде бұл үйдегі апай сыртта бауырсақ пісіріп жатады. Алдар Көсе әңгіме айтып көп отырып қалады, бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып әкеліп, дастарханға қойып жатып былай дейді:
- Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмді, сондықтан бауырсақ тез суып қалмас үшін мына темірден өріліп жасалған ыдысқа әдейі салып алып әкелдім.
Сонда көп білетін Алдар былай дейді:
- Жоқ қателесесіз: одан да бауырсақты ағаштан жасалған ыдысқа салған дұрыс.
Сұрақ: Алдардың берген кеңесі дұрыс па?
Жауабы: дұрыс. Ағаштан жасалған ыдыста бауырсақ баяу суиды, өйткені ағаштың жылу өткізгіштігі темірдікінен аз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz