Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Менің сүйікті ақыным-Мұқағали

Менің сүйікті ақыным-Мұқағали
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ақыным-Мұқағали
Сабақтың мақсаты: Мұқағали шығармаларының көркемдік ерекшелігін түсіне білу.
Дамытушылық мақсаты: оқушыларды шығармалардың эстетикалық мәнін түсінуге, өзіндік талдау жасауға, шапшаңдыққа,тапқырлыққа, өз ойларын әдеби тілмен жеткізе білуге төселдіру.
Сабақтың түрі: Танымдық, зерттеу
Сабақтың көрнекілігі:Ақынның суреті, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, газет- журналдар, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Ән күй, тарих
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын түгендеу, назарларын сабаққа аудару
2. Үй жұмысын тексеру.
3.Жаңа сабақ.
Жаңа сабақ
Ақынмын деп мен қалай айта аламын
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын,-деп ақынның өзі айтқандай, өзін өзгелерден ерекше көрмесе де, келешек ұрпақ Мұқағалидың нағыз арқалы ақын екендігін танып отыр.
Мұқағали басы мен соры , күнгейі мен көлеңкесі, қатар жүрген ақын. Оның бағы өлмес жыр жаратқаны, өтірік өлең жаза алмағаны, ойлау мен өрудің теңдесі жоқ классикалық, әлемдік биігіне көтергені. Соры өз қоғамы мен өз ортасына сыймай, қасірет шеккені, тапқан- таянғаны отбасын асырауға жетпей,өмірінің қиыншылықта өткені, соны да кезінде өз замандастарының бағалай қоймағаны .
"Ақыл толымы-қырық" деген екен бұрынғы даналарымыз. Сол ақыл тоқтатқан шағында Мұқағали өмірден өтті. Өзінің"Өмір дегеннің бір күндік сәуле екен ғой" деген өлеңінде:
Өмір дегенге
Тірлікте сірә жетер ме ой.
Жарық сәуледен,
Басқаның бәрі бекер ғой.
Бекер ғой бәрі ,бөтен ғой.
Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой,- деп, мынау пәни дүниенің,өмірдің өткінші екендігін айтып отыр.
Мұқағали туралы айта берсек , сөз жетпес. Біздің сабағымыз зерттеу сабағы болғандықтан, бұл сабаққа бәріміз алдын ала дайындалып келген болатынбыз. Қазір кім не біледі екен, білгендерімізді ортаға салайық.
1-Ботакөз: Мұқағали Мақатаев 1931жылы 9 ақпанда Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қарасаз деген жерде дүниеге келген. Әкесінің аты Сүлеймен, шешесі Нағиман. Атасының аты-Мақатай, әжесі -Тиын, әйелі-Лашын.
Мұғалім: Сендерге бір ой салғым келіп тұр. Мұқағалидың әжесі туралы бір естелікті айтайын.
Ақынның атасы көкпар шауып жүріп, аттан құлап аяғы сынады. Ел жұрт оны аттың алдына өңгеріп, аяғын салбыратып әкеледі. Туысқандары сынықшы іздеп кеткенде әжесі атасына:"Мына аяқ түбінде аяқ болмайды, шауып тастау керек" дейді. атасы келіседі. Балтаны өткірлеп, ақынныңбатыл әжесі аяқты шауып тастап, жуып таза шүбірекпен орап қояды. Үш күннен кейін сынықшы келіп, бәрін дұрыс істегенін айтып батасын береді. Мінезіне қарап атасы " Көкдауыл" дейді екен. Әжесіне арнап ақын"сөнбейді әже шырағың" деген өлең шығарған. Әні. Нұрғиса Тілендиевтікі.
Оқушыларға сұрақ: Ақынның мінез жағынан ұқсастығы бар ма?
Айгерім: Әрине бар. Мұқағали ағамыз да-өр мінезді, бірбеткей.
Сұрақ: Ақын өлеңді алғаш рет қашан жазды?
Олжас: Өлеңді ақын он жасынан бастап жаза бастады. Әкесі он жасында соғысқа кеткен,соны сағынып,өлеңдер жаза бастады. Алғашқы өлеңдері:
"Қырман басында","Қойшы бала -Әкітай".
Мұқағалидың тағы басқа шығармалары туралы не білеміз білгенімізді айтып өтейік.
1-оқушы "Үш бақытым"
2-оқушы " Мансап үйі"
3- оқушы " Сәуір өлеңі"
4-оқушы "Нөсерден соң" өлеңдерін айтты.
Жаңа сабақты бекіту
Мұғалім: Мұқағалидың көзі тірісінде он бір кітабы жарық көрген, қайтыс болғаннан кейін 12 кітабы жарық көреді.
Сұрақ: Мұқағалидың әндері туралы не білесіңдер?
Жауап Гүлназия: "Сарыжайлау","Фариза", "Дариға домбырамды берші маған", " Сәби болғым келеді", "Есіңе мені алғайсың".
Мұғалім: Жалпы Мұқағалидың отыз шақты өлеңдеріне ән жазылған.
бірде қазақтың көп ақындары жиналып, әрбір ақынның атына ұйқастырып, өлең шығарайын десе ұйқас таппайды. Сонда Мұқағали келіп қалған екен. Бәрі аңтарылып қарап қалады. Орталарына кейін келген Мұқағали:
"- Сол да сөз болып па?
-Мұқағали,Мұқағали,
Аш бала, ауру әйел, жатаған үй"-деген екен.
Сабақ соңында Мұқағали әндері слайдтармен көрсетіліп, тыңдалады.
Үйге тапсырма:" Мұқағалидай ақыны бар халық-бақытты халық",-деп Фариза Оңғарсынова айтқандай, "Менің сүйікті ақыным -Мұқағали" деген тақырып -та эссе жазып келіңдер.

Ұқсас жұмыстар
Мұқағали жыры - көңілімнің сыры
Мұқағали мақатаев "қара өлең"
Мұғалімнің сөзі. Сабақтың тақырыбы
М. мақатаев "қайырлы түн"
Қазақ поэзиясының хан-тәңірі - мұқағали
Мұқағали Мақатаевтың Елім барда және Анау-аспан, мынау-бақ өлеңі
"бүгін менің туған күнім!" әдеби кеш
Инфомашка информатикадан викторина
Мұзбалақ ақын мұқағали мақатаевтың өмірі, шығармашылығы
Күнделіктерінің беттерінен шолу
Пәндер