Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Кім білгір , кім алғыр сайысы
Сабақтың тақырыбы: <<Кім білгір , кім алғыр?>> сайысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың әр пәндер бойынша білім қабілеттерін тексеру,
ойларын тез,сауатты айта білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін ,қолдың ұсақ
маторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жылдамдыққа ,ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап
Пән аралық байланысы: математика,ана тілі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды сайысқа дайындау.
ІІ. Негізгі бөлім
Тәрбиеші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар <<Кім білгір,кім алғыр?>> сайысына қош келіпсіздер! Сайыста 2 - 4 класс оқушылары екі топқа бөлініп өз білімдерін көрсетеді. Сайысты бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Сайыста бақ сыналар,бап сыналар,
Бас жүлдені білімді, тапқыр алар.
Кім білімді, кім тапқыр шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса нық сыналар, -- дегендей, кез келген сайыс бағалануы тиіс. Осының ара жігін ажырататын - қазылар алқасы. Ендеше әділ қазыларымызды сайлап алайық.
Әділ қазылар алқасы:
1. Оқу ісінің меңгерушісі - Сарсекова Бақыт апайларың.
2. Оқу тәрбие ісінің меңгерушісі - Ақшалова Манат апайларың
3. Тәрбиешілер бірлестігінің жетекшісі - Мақұлбекова Г.
Жүргізуші:
1- топ<< Ойшылдар >>
2- топ<< Алғырлар >>
Бірінші сайысымызды бастамас бұрын ,сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін.
Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.
Сайыстың шарты:
1. <<Сәлем сөздің анасы>> (таныстыру төрт жол өлеңмен)
2. <<Бәйге>> (ауызша сұрақтарға жауап беру)
3. <<Өлең сөздің патшасы>> (мәнерлеп өлеңді жатқа айту)
4. <<Ертегі есеп>> (ертегі бойынша есептер шығару)
5. <<Кім білгір?>> (топ басшыларына сұрақтар)
Жүргізуші:
Әрқашан білімнен қашпаймыз,
Білімсіз шуақ нұр шашпаймыз.
"Кішкентай зияткер" атанып,
Ал енді сайысты бастаймыз.
Жүргізуші:
<<Сәлем сөздің анасы>> таныстыру бөліміне кезек береміз.
Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі?
Жақсы ұрпақ - еліміздің шын тірегі.
Ортаға шығып таныстырсын өздерін,
Білімді ұрпақ елімнің жас түлегі, -- деп оқушылар өздерін таныстырсын.
1- топ <<Ойшылдар>> тобының таныстыруын тыңдайық.
2- топ <<Алғырлар>> тобының таныстыруын тыңдайық.
Жүргізуші:
Білімнен емеспіз кенде біз,
Өйткені Тәуелсіз елде біз.
Сақадай сай болса өрендер,
Ендеше басталар бәйгеміз - деп , екінші кезеңіміз <<Бәйге>> бөлімін бастаймыз.
<<Ұшқыр ой - жылдам жауап>> деп балалар 10сұраққа жауап береді, әрбір дұрыс жауапқа
1 ұпай беріледі.
1- топ <<Ойшылдар>> тобына
1. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсан)
2.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42 әріп)
3. Білім күні қай айда? (қыркүйек)
4. Тұңғыш мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)
5. Абай Құнанбаев кім? (қазақтың ұлы ақыны)
6. Тіл мерекесі қашан тойланады? (22 қыркүйек)
7. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала ? (Астана)
8. Рәміздерді ата (ту,әнұран, елтаңба)
9. Бес дұшпанды ата (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
10. Қазіргі <<Ана тілі>> оқулығы қай баспадан шыққан ? (Алматыкітап)
2- топ <<Алғырлар>> тобына
1. Біз қай мемілекетте тұрамыз? (Қазақстан Республикасы)
2. <<Кел балалар, оқылық>> кімнің өлеңі? (Ы.Алтынсарин)
3. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім? (А. Байтұрсынов)
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)
5. Өлең жазатын адам кім? (ақын)
6. Бес асыл істі ата (талап еңбек, терең ой, қанағат, рахым)
7. Төрт түлікті ата (қой,түйе,сиыр,жылқы)
8. Ең асыл жан кім? (ана)
9. Наурыз айында қандай мереке тойланады? (аналар мерекесі, қазақтың жаңа жылы)
10. Әнұран авторларын ата: ( Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әні: Шәмші Қалдаяқов)
Жүргізуші:
Келесі бөліміміз <<Өлең сөздің патшасы>> деп аталады. Бұл бөлімде балалар
өздерінің жаттаған өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтып береді.Өлеңнің мәнерлі,
жатқа жақсы айтуына қараймыз.
Ана тілім- бәрін айтар шежірем.
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?
Ана тілден оқып ақын өлеңін,
Мәнеріне келтіріп бір сөйлер ем. - деп мәнерлеп өлең айту кезегіне береміз.
Ендеше сәттілік тілейік бүлдіршіндерге!
1- топ <<Ойшылдар>> тобының өлеңдерін тыңдайық
2- топ <<Алғырлар>> тобының өлеңдерін тыңдайық
Әділ қазылардан осы бөлімнің бағасын беруін сұраймыз.
1. <<Ойшылдар>> тобына
2. <<Алғырлар>> тобына
Жүргізуші:
<<Ертегі есеп>> бөліміне де келіп жеттік. Бұл бөлімде ертегі оқылады.
Сол ертегінің ішінде кездесетін сандарды санап отырып жауабын табамыз.
(ертегі бойынша есептер шығару)
1-топ <<Ойшылдар>> тобының ертегісі
1) Балалар , біз қасқыр мен түлкі туралы көптеген ертегілер білеміз.
Енді мына ертегіні тыңдаңдар.Бір күні қасқыр мен түлкі бір себет балықты бөліп
жемекші болыпты. Сонда қасқыр: <<Түлкі, сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың
ғой, балықтарды сен бөлші>>, -- депті. Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын,
есеп шығара алмайтындығын пайдаланып, былай бөліпті. - Біреуі саған,
екеуі маған, екеуі саған, екеуі маған, екеуі саған, үшеуі маған, біреуі саған,
екеуі маған,біреуі саған, біреуі маған.
Қасқырға - 7 балық , өзіне(Түлкі) - 10 балық
2- топ <<Алғырлар>> тобының ертегісі
Бір күні қасқыр мен түлкі Төле би ауданының Жаңажол ауылында кездесіп
қалыпты. Сонда түлкі айласын асыру үшін: <<Қасқыр, екеуміз бірігіп алма
терейік те, үйге алып қайтайық>>,- дейді. Сонда аңқау қасқыр дем алмай 10 кг
алма тереді. Ал , қу түлкі әр бұтаның түбінде дем алып, ұйықтап, одан 7 кг
алма кем тереді. Қу түлкі мен қасқыр барлығы неше кг алма тереді.
Шешуі: 10-7= 3 кг
10 + 3= 13
Жауабы: барлығы 13 кг алма)

Әділ қазылардан осы бөлімнің бағасын беруді сұраймыз.
Жүргізуші: Соңғы бөліміміз <<Кім білгір?>> (топ басшыларына сұрақтар)
10 сұрақ беріледі , әрбір сұраққа бір ұпайдан.
Бағындырып ең биік асқарды,
Тылсымына тарататын жастарды.
Ендеше кәнекей назар салайық
Топ басшылар кезеңі басталды.
1- топ <<Ойшылдар>> тобының топ басшысына
1.Бірлік болмай, (тірлік болмас)
2.1 сағатта неше минут бар? (60 минут)
3.Төрт түліктің пірін ата? (Түйе пірі - Ойсылқара, жылқы пірі - Қамбар ата, сиыр пірі - Зеңгі баба, қой пірі - Шопан ата, ешкі пірі - Шекшек ата)
4. Жұрнақтың қызметі қандай? (Сөздің мағынасын өзгертеді)
5. Әліппеде ең бірінші тұрған әріп ? (А)
6. Түнде аспанда ұсақ не көрінеді ? (жұлдыз)
7. Дәптерге немен жазамыз? (қалам)
8. Сенің атаң әкеңе кім? (әке)
9. Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)
10.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата (ә,е,ө,ү,і)
2- топ <<Алғырлар>> тобының топ басшысына
1. Бір жылда неше мезгіл бар? (төрт)
2. Оқусыз білім жоқ, (білімсіз күнің жоқ)
3. Сабақ арысындағы бос уақыт? (үзіліс)
4. Аптаның бірінші күні ? (дүйсенбі)
5.Тақтаға немен жазамыз? (бор)
6. 7 саны неше таңбалы сан ? (бір таңбалы)
7. Кесіндіні немен өлшейміз ? (сызғышпен)
8.5 сағатта неше минут бар? (300)
9.Етістік сөйлем мүшесінде қандай қызмет атқарады? (баяндауыш)
10. Жуан дауысты дыбысты ата (а,о,ы,ұ)
Қорытынды. Жүргізуші:
Білімнің қырларын жүйелеп,
Ғылымның сырын біз ұғайық,
"білгірлер, алғырлар" атанып,
Жеңістің шыңына шығайық.
Әділ қазылардан соңғы қорытынды бағаны сұраймыз.
Жүргізуші:
Бүгінгі <<Кім білгір,кім алғыр?>> атты сайысымыз да өз мәресіне жетті.
Білім - толқын, жатқандай асып - тасып,
Біреу -- мығым , біреулер шалыс басып.
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, -- деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz