Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі

Сабақтың тақырыбы: §.37. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің қағидалары, маңызы, қолдан сұрыптау туралы түсінік қалыптастыру
Дамытушылық:Оқушылардың қызығуы, ынта- қиялы мен қабылдауы сияқты танымдыққабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға, талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Уақыт, дәлдік, ұқыптылық сезіміне, адамгершілік қарым-қатынастардың мәдениетіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Жеке оқушымен жұмыс
Сабақтың әдісі: домино, суретпен жұмыс, ауызша, диктант, сандармен жұмыс,
сызбанұсқа
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
а) <<Биологиялық домино>>
ә) <<Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл>> ойыны
(Ғалымдардың портреттері бойынша еңбектері туралы мағлұмат беру)
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
а.Сызбанұсқамен жұмыс
ә. "Сандар сөйлейді " ойыны
б.Биологиялық диктант
Ү.Қорытындылау
ҮІ.Бағалау
ҮІІ.Үйге тапсырма
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
А) <<Биологиялық домино>>
Қолдарына таратылған сөздерді ретімен орналастыру керек.
1. Эволюция деп- органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процесін айтады.
2. Гераклит: <<Барлық тірі организмдер, тіпті адам да ең алғашқы материядан табиғи жолмен дамып жетілді>>.
3. Ж.Бюффон: <<Табиғи тарих>> атты еңбегінде: Бейорганикалық заттардан алдымен өсімдіктер, одан кейін жануарлар мен адам пайда болды>>.
Ә) <<Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл>> ойыны
Карл Линней және Жан Батист Ламарк ғалымдарының еңбектері және маңызы туралы мәліметтер беру.
сол ғалымдардың
Ж.Б.Ламарк еңбегі: 1809ж <<Зоология философиясы>> деген еңбегі.
Жануарлардың ұқсас белгілеріне қарап, омыртқалылар және омыртқасыздар деп бөліп, 6сатыға, 14 класқа топтастырды. Бірінші болып, <<Биология>> терминін енгізді.
К.Линней еңбегі: 1735ж <<Табиғат жүйесі>>. Ағзалардың қосарланған атауын- қосарлы атау тізімді ғылымға енгізді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ч.Дарвин ілімінің алғы шарттары:
Қоғамдық-экономикалық:
-Англияда ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыды.
-Жергілікті мамандар жануарлардың қолтұқымдары мен өсімдіктердің өнімді іріктемелерін көптеп шығара бастады.
Ғылымдағы жаңалықтар:
-жасуша теориясының;
-тірі организмдердің ұрықтарының ұқсастығының;
-өлі және тірі табиғаттың химиялық
біртұтастығының;
-аралық формалардың;
Ч.Дарвин өмірінің кезеңдері
1809 жылы 12 ақпанда Англияның Шрусбери қалашығында дәрігер отбасында өмірге келді
1826 жылы Эдинбург университетінің медицина факультетіне оқуға түседі.
1828 жылы Кембридж университетінің дін факультетіне түсіп, 1831 жылы бакалавр дәрежесін алады.
1831 жылы Ч.Дарвин солтүстік Уэльс геологиялық экскурсиясынан оралған соң, Кембридж университетінің профессоры Джон Генслодан хат алды. Хатта Дж. Генсло <<Бигль>> кемесінің Жер шарын айналу саяхатына шығатынын хабарлап, Дарвиннің осы саяхатқа табиғат зерттеушісі ретінде қатысуын өтінді. Ч. Дарвиннің 22 жасында 5 жылға созылған саяхатқа қатысып, өте көп деректер жинайды.
<<Бигль>> кемесінің мақсаты:
Оңтүстік Американың шалғай жатқан жағалаулары мен Тынық мұхит аралдарының картасын жасау.
Кеменің саяхаты 1831жылы 27 желтоқсанда басталып, 1836жылы 25қазанында аяқталады.
Ч.Дарвиннің еңбектері
<<Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы" (1859)
"Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі" (1868)
"Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу" (1871) және т.б.
Ч.Дарвин қолдан сұрыптау туралы
Қолдан сұрыптауды адам өз мүддесі үшін жүргізеді.
Мысалы: Қазақтың құмай тазысы адамның мыңдаған жылдарға созылған сұрыптау нәтижесі. Тазы иттерді аңшылыққа баулыған.
Үй жануарларының қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктер іріктемелерін ғалым қолдан сұрыптау нәтижесі деп есептеді.
Сұрыптау түрлері
мақсатсыз әдістемелік
Мақсатсыз сұрыптау адамзат тарихында мыңдаған жылдардан бері жүргізіліп келеді. Үй хайуанаттарының етті және сүттілерін тұқымдыққа алып, өсіріп отырған. Сол сияқты өсімдіктердің де дәндері, жемістері ірілерін таңдап алып, егуге пайдаланған. Осындай сұыптаудың нәтижесінде күні бүгінге дейін жануарлар мен өсімдіктердің түрлі формалары сақталып келді.
Әдістемелік сұрыптау кезінде адам саналы түрде алдына мақсат қойып, арнайы бір бағытқа сай қолтұқым немесе іріктеме шығаруды көздеп, сұрыптау жүргізеді.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Сызбанұсқамен жұмыс
"Сандар сөйлейді" ойыны
Биологиялық диктант
"Сандар сөйлейді" ойыны
1809 -- Ч.Дарвиннің туған жылы
1826 -Эдинбург университетінің медицина факультетіне оқуға түседі.
12.02-Туған күні
22 -Саяхатқа қатысқан жасы
1831 -- оқу бітірген жылы, саяхатқа шыққан жылы
1828 -- Кембридж университетінің дін факультетіне түсуі
1836 -Саяхаттың аяқталған жылы
27.12 -саяхаттың аяқталған күні
5 -- саяхатта болған жылы
25.10 -- Саяхаттың аяқталған күні
2 -- Қолдан сұрыптаудың бөлінуі
1868 -- <<Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі>> деген еңбегі
1859 -- <<Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы>> деген еңбегі
1871 -- <<Адамның шығу тегі>> туралы еңбегі
1882 -- Ч.Дарвиннің қайтыс болған жылы
Биологиялық диктант
1.Ч.Дарвиннің 1859 жылы жарық көрген еңбегі .......................................................
.................................................................................................................деп аталады.
Жауабы:
1.Ч.Дарвиннің 1859 жылы жарық көрген еңбегі "Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы" деп аталады
2.Ч.Дарвиннің 1868 жылы жарыққа шыққан еңбегі.......................................... ............................................................................................................................... деп аталады.
Жауабы:
2.Ч.Дарвиннің 1868 жылы жарық көрген еңбегі "Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі" деп аталады.
3. Ч.Дарвиннің 1871 жылы жарыққа шыққан еңбегі.......................................... ........................................................................................................................................ деп аталады.
Жауабы:
3. Ч.Дарвиннің 1871 жылы жарыққа шыққан еңбегі "Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу" деп аталады.
Бағалау.
Үйге тапсырма. §.37. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі.
Кесте толтыру.
Дарвин Чарльз Роберт
Чарльз Роберт Дарвин (1802-1809) - әйгілі ағылшын ғалымы , натуралист , биологиялық эволюцияның негізін салушы . Эволюциялық өзгерістердің механизмін енгізуді алғаш ұсынған ғалым . Ч.Дарвин Санк - Петербургтің ғылыми академиясының шетелдік мүше-кореспонденті еді.
Ч.Р.Дарвин дәрігер отбасыда туылған . 1831 жылы натуралист ретінде <<Бигль>> кемесіде 5 - ші жазғы экспедициясына қатысты . Экспедицияның басты мақсаты Оңтүстік Американың топографиялық суреттері еді . Экспедиция Чили , Галапагос , Таити аралдарынан , Жаңа Зеландия, Тасмания мен Оңтүстік Америкадан өтті . Галапагос аралдарында сол жерлердің флорасы мен фаунасының материктікіне ұқсастығы Дарвиннің назарын аударды . Осы мысал түрлердің өзгере алатындығын дәлелдеді .
Англияға қайтқаннан кейін Дарвин көгершіндер мен басқа да үй жануарлардың сұрыпталуымен айналысты .
Одан соң ол Т.Мальтустың шығармаларын зерттеген . Дарвин сол шығармалардағы ойларды тірі табиғатқа пайдаланды . Оның тұжырымы бойынша жануарлардың жоғары репрадуктифтік потенциалына қарамастан табиғи популяциялардың саны тұрақты болады . Түрлердің өзара бәсекелестік , күреске шыдамды , бейімделгіш түр ғана көп ұрпақ қалдыра алады . 1858 жылы тура сондай тұжырымға А.Р.Уоллес те келді . Бұны Ч.Лейлдің жұмыстары дәлелді . Ол прогрессивті өзгерістердің полеонтологиялық материалдарда болатының көрсетті . Дарвин мен Уоллес Лондондағы Линнеевтік отырысқа докладпен шықты . Ал 1859 жылы Дарвин өзінің негізгі шығармасын << Табиғи сұрыпталу арқылы өмірдің пайда болуы >> жарыққа шығарады .
Антропологиялық проблемаларға тікелей қатысы бар Дарвиннің екі шығармасы бар . Олар : <<Адамның шығу тегі және жыныстық тандау>> (1871ж) мен << Адам мен жануарлардын мінез - құлықтары >> (1872ж) . Осы жұмыстар Ч.Дарвиннің жалпы теориясын адамның шығутегі проблемаларын шешуде қолдануды ұсынады . Дарвиннің теориясында << адам маймылдан шықты>>
деп тұжырымдады .
Дарвинизмнің ең басты қателігі оның "өмір - бұл күрес" дейтін ілімі. Осы ілім анағұрлым күшті әрі сол ортаға бейімделген органикалық заттар мен ағзаларға қолдануға жарамды, өйткені күшті әлсізді табанына басып жаныштап отыруы тиіс. Бірақ бұл идеяны адамдарға қатысты қолдануға болмайды. Дарвинге жүгінсек, "артықшылықты раса" өмір сүру күресінде жеңіске жетуі тиіс. Оның ойынша олар еуропалық ақ адамдар да, ал африкалықтар мен азиялықтар бұл күресте жеңіліс табуы керек. Ол тіпті бұлар көп кешікпей құрып кетеді деген тұжырым жасайды. Мысалы Дарвин былай деп жазады: "Тек ғасырлармен ғана өлшеуге болатын алдағы аз уақыттың ішінде өркениетті раса оларды сөз жоқ құртып тынады, ал бұдан кейін әлемдегі жабайылардың бәрін жояды. Сонымен бірге антропоморфты маймылдар "яғни маймылдың адамға айналу сатысындағылар" да құртылып жіберіледі. Адам мен оның жақын тектері арасындағы алшақтық жедел қарқынмен ұлғая түседі, өркениетті адамдар мен жабайылар арасындағы айырмашылық мысалы Кавказ халықтары мен гиббондар арасындағы сияқты алшақтайды, қазіргі кезде ол негр немесе автралиялықтар мен гориллалар арасындағыдай сипатта". Міне, атағы әлемге әйгілі ғалымның сөзі осындай. Дарвиннің өз теориясын жасау кезінде идеялық "серпілісті" сол кездегі зиялылар ортасында кеңінен танымал болған британдық экономист Томас Мальтустың кітабынан алғандығы белгілі. Ол жер бетіндегі адамдар саны өте көп, олардың көбеюінің жолын кесу қажет дейді. "Соғыс, аштық және жұқпалы аурулар сияқты алапат апаттар халықтың санын азайтуға қажетті механизм болып табылады, өйткені адамдардың белгілі бір бөлігі, басқаларының жақсы өмір сүруі үшін өлуі тиіс. Тек осындай "(үздіксіз) перманентті соғыстың" нәтижесінде ғана адамзат өмір сүре алады", - деп санайды Мальтус.
Дарвин үздіксіз шиеленісті ауқымы зор табиғи құбылыс ретінде қарастырады. Бұл тіршілік үшін күресте әрқашан күштісі және жағдайға анағұрлым жақсы бейімделгені жеңіске жетеді, ал бұл тек солар өмір сүруге құқылы, өйткені осы заң табиғаты тұрғысынан өзін ақтай алады деп мәлімдеуі содан. Өнегелік құндылықтар мен рухани жетілу оның іштен шыққан "шұбар жыланы" -- "өмір сүру үшін күрес" идеясының басты жауы болды
Дарвин мен Уолестің теориясы
1.Қандай да болмасын тірі организмдерге өзгергіштік тән .
2.Барлық тірі организмдерге көп мөлшерде ұрпақ қалдыруға бейім келеді . Бірақ табиғатта осынша көп мөлшерде ұрпақ дамып жетілмейді . Өйткені олардың басым көпшілігі қоректің , судың , жарықтың жетіспеушілігінен т.б. себептерден тіршілігін жояды .
3.Организмдердің шексіз көбеюге бейімділігі мен кеңістік және тіршілік ресурстарының арасындағы қарама - қайшылық тіршілік үшін күресті туғызады .
4.Тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар даралар тіршілік еткен орта жағдайларына бейімделіп , ал ондай өзгергіштігі жоқтары жойылып отырады (табиғи сұрыпталу ).
5.Түрлердің көбейіп , ұрпақ қалдыруы - пайдалы өзгерістердің организмде ұрпақтан - ұрпаққа беріліп бекітілуі . Осының нәтижесінде ұрпақ пен тектін арасында бірсыпыра алшақтық пайда болады .

Ұқсас жұмыстар
«тіршіліктің даму тарихы туралы ілім» тарауы бойынша қорытынды сабақ
Табиғи сұрыпталу-эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші
Оқушылардың білімін бағалау. Сабақтың тақырыбы
Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендердің дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану
Ч. дарвиннің эволюциялы туралы ілімі
Ч. дарвиннің эволюциялық теориясы
Блум түймедағын жасату
Популяцияның табиғаттағы құрылымы мен негізгі қасиеттері
Карл линнейдің эволюциялық көзқарасы
Сабақ негіздері
Пәндер