Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Сөйлем бойынша қайталау

Алматы облысы Панфилов ауданы
<<Ж.Бусаков атындағы орта мектеп МДШО>>
Ахметова Илимам Турғанжанқызы -
бастауыш сынып мұғалімі

2 сынып Ұйғыр тілі пәнінен сабақ жоспары

1
Сабақтың тақырыбы
Сөйлем бойынша қайталау
317-321-жаттығулар
2
Сабақтың негізгі мақсаты
а/ Оқушылардың тақырыбы бойынша білімін пыссықтау мақсатында жаттығуларды орындау, жаттығулар арқылы түсінігін дамыту.
ә/ Оқушыларды сауатты, әдемі жазуға үйрет, өз ойын еркін айту қабілетін дамыту.
б/ Еңбекке, табиғатты сүюге тәрбиелеу
3
Сабақтың жалпы мақсаты
Блум таксономиясына негізделген
Білу:
- сөйлемдер жайында алғашқы түсініктерін қалыптастыру
- зат есім, сын есім туралы білім алу
Түсіну:
-сөйлемдердің бір бірінен айырмашылықтарын түсіну
- сөйлемдердің құрылымын, жасалу жолдарын түсіндіре алу
Қолдану:
-сөйлемдерді құрастыра алу; тыныс белгілерін қоя білу
-жаттығулардан сөйлемдерді табу, мағынасына қарай ажырату
Талдау:
-оқушы ажыратады, салыстырады, талдайды
Синтез /жасау/:
-сөйлемдердің ұқсастығы және айырмашылығын көрсетеді
4
Түйінді идеялар
Сөйлемдердің құрылымы, мәтіндегі маңыздығы, айырмашылығы
5
Оқып-
үйренудің
нәтижесі
-ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады
-өзін-өзі реттейді
-жаңа тақырыпты өз бетінше меңгереді
-оқушылар сөйлем құрылымын анықтай алады
-өз пікірін ашық айта алады
-өзін-өзі бағалау арқылы сенімділігі артады
-сыни тұрғыдан ойлауы дамиды
-өз бетімен шығармашылық тапсырма орындай алады
-өз бетімен проблеманы шешуге ынталанады
-топпен жұмыс істеуге дағдыланады
6
Жаттығулар
<<Көңіл-күй бұлттарын сыйлау>> ең әдемі түстерден жасалған бұлттарды бір біріне сыйлау, жағымды сөздер айту /1 мин/ Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Табыс критерийлерін таңдау. Оқушылар мұғаліммен бірге табыс критерийлерінің кестесін жасайды. /1 мин/
Бағалау тәртібі: 5-6 гүл <<5>>
3-4 гүл - <<4>>
1-2 гүл - <<3>>
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Топқа бөлу. Әр оқушыға сөздер /союз/ жазылған парақтар таратылды. Осы сөздердің бірыңғай мағынасына қарай топтастырылады. Әр топ жетекшісі сол сөздердің қандай мағына беретінін және тақырыпқа байланысы туралы айту керек. Бұл өткен тақырыпты қайталау. / 5 мин/ Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Үй тапсырмасы. 316-жаттығу Топпен жұмыс. 1-топ жаттығуды оқиды. 2-топ сын есімді табады. 3-топ зат есімді табады. /5 мин/ Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Жаңа тақырыпты пысықтау мақсатында жаттығулар орындау. <<Ой қозғау>> стратегиясы қолданылады. Сыни тұрғыдан ойлау. Жұппен және топпен жұмыс. <<Паравоз>> ойыны 317-жаттығу. Әр топ зат есімдерді жазады. Дәптер және интербелсенді тақтаны пайдаланады. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану /10 мин/
Өз алдына жұмыс 318-жаттығу. <<Кім жылдам?>> кім көп сөз біледі / 5 мин/ Жоғары деңгейдегі оқушы жазады, дәлелдейді. Талантты және дарынды балаларды анықтау
Тақырыпты пысықтау: топпен жұмыс. Постер қорғау. Тақтада суреттер көрсетіледі. Сөйлемдерді көрсетіп, дәлелдеп шығады. /7 мин/ Сыни тұрғыдан ойлау
Сабақты қорытындылау
Табыс критерийлері арқылы топты өзін-өзі бағалау, сыныптасын бағалау (формативті бағалау) /3 мин/ Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Рефлексия <<Не білдім?>> <<Нені білгім келеді?>> <<Не ұнады?>>
7
Бағалау критерийлері
-ережені айтып береді
-ережеге мысал келтіре алады
-тақырыпты толық меңгерді
-сөйлемдерді ажырата алады
-тақырыпқа сұрақ қою біледі
-сөйлемдерді салыстыра алады. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
8
Оқуға арналған тапсырмалар
Ереже жаттау, 320-жаттығуды жазу. 321-жаттығу ауызша

Ұқсас жұмыстар
Жақты сөйлем
Ұлылар елі. сөйлем мүшелерін қайталау. 8-сынып
Жұп сандарға мысал келтір
Менің бөлмем. 3 сынып
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Қазақ отбасы
Теориялық сабақ
Жай сөйлемдерден өткенді қайталау
Сөйлем мүшелерін қайталау
Сұраулы сөйлем. қазақ тілі, 2 сынып
Пәндер