Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Дара және күрделі сан есім. Оқушылардың теориялық ойлау қабілетін дамыту

Дара және күрделі сан есім
Сабақтың мақсаты:
1. <<Сан есім>> тақырыбын қайталай отырып , дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге үйрету. Өз бетімен жұмыс жасату арқылы білімдерін толықтыру.
2. Оқушылардың теориялық ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорын молайту,тілін дамыту.
3. Сауаттылыққа , көркем жазуға , ұстамдылыққа , әдемі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Әдіс - тәсілі:Сұрақ - жауап,көрнекілік , салыстыру , талдау.
Пәнаралық байланыс:Математика
Сабақ көрнекіліктері:тірек - сызба,мақал - мәтелдер, кесте,үлестірмелер.
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту.
1.Ойын << Кім тапқыр?>>
Мақал - мәтелдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою.
.... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
.... теңгең болғанша,....досың болсын.
Білекті ... жығады,білімді ... жығады.
Жігітке ... өнер де аз.
oo Бұл сөздер қай сөз табына жатады?
oo Сан есім
oo Ендеше сан есім туралы білетіндерімізді еске түсірейік.
2. << Адасқан сөздер>> ойыны.
Сөздерді дұрыс орналастырып , сөйлем құра.
Айжан сыныпта бесінші оқиды.Он бес Гүлназдың бар шары. Болаттың толды жасқа атасы жетпіс бес. Кітабым екі менің бар.
Сан есімдерді тауып , дара дәне күрделі екенін ажыратып , дәптеріне жаз.
3.Оқулықпен жұмыс.
462 - жаттығу
Сандарды сөзбен жазу ,дара , күрделі екенін ажырату.
4.Деңгейлік тапсырмалар:
1.Деңгей
а/Мына сандарды жаз. 2,93,65,101,605,99,50
ә/Бұлар қандай сан есімдер?
2.Деңгей
Берілген сан есімдерге сөйлем құрап жаз.
Алпыс,тоқсан,алты жүз жетпіс бес.
3.Деңгей Шығармашылық диктант.
Сан есімдерден кейін тиісті тыныс белгілерін қойып,сан есімдерді сөзбен жазып,мағыналық түрлеріне қарай ажырату.
30 дан ,5 класс,3 қатар,4 тен 1,40 тан астам ,10 дарда.
5.Еске сақтау диктанты.
Білгенің - бір тоғыз,білмегенің - тоқсан тоғыз,
Мақалдың мағынасын түсіндіріп , жатқа жазу.
Көршіңді тексер , бағала.
Оқушылар көршілерін тексеріп, бағалайды.
6.<<Кім шапшаң?>> ойыны.Топпен жұмыс.
Берілген әрітен асталатын сан есімдерді тауып айту.
1 топ:С - сексен, сегіз
2.топ:Т - тоғыз,тоқсан
3 топ:А - алты,алпыс
7.Жұмбақтар шешу:
1.Бір ағаштың 12 бұтағы бар,
Әр бұтағында отыз жапырағы бар,
Жапырақтың бір жағы ақ,бір жағы қара.
Жыл,ай,күн мен түн
2. Қос қазық , екі желі,сегіз ноқта,
Сойлейді шежіредей адам соқса.
Домбыра
Жұмбақтын ішінен сан есімдерді тап.
Қорытынды
Тест <<Біліміңді тексер>>
1.Сан есімдерді тап.
А.Жұмбақ,Жаңылтпаш
Ә.Саусақ,Алақан
Б.Алтыншы, Бес
2. Дара сан есімді тап.
А.Жиырма,отыз
Ә.екі жарым
Б.сексен үшінші
3.Дара сан есімді сөйлемді тап.
А.Мен төртінші сыныпта оқимын.
Ә.Айман он бірге толды.
Б.Жазушы он екі кітап жазды.
4.Күрделі сан есімді тап.
А.Алтыншы
Ә.Он бесінші
Б.Жүзінші
5.Сан есім дегеніміз не?
А.Заттың атын білдіретін сөз табы
Ә.Заттың іс - қимылын білдіретін сөз табы
Б.Заттың санын,ретін білдіретін сөз табы.
- - Өзін - өзі бағалау .

Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабақ жоспары
Дара және күрделі сан есімдер
Сан есім туралы түсінік
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есімнің дара жіне күрделі түрлерімен таныстыру
Саяхат сабақ. Сабақтың тақырыбы
Сан есімнен өткенді қайталау жайлы ақпарат
Дара сын
Сөз тіркесі жайлы ақпарат
Біріктірілген сыныптарға арналған қазақ тілінен ашық сабақ
Пәндер