Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Қош келдің - Наурыз

Сабақтың тақырыбы : Қош келдің - Наурыз!
Мақсаты :
1.Балаларды ұлттық Наурыз мерекесімен, қазақ халқының салт - дәстүрімен таныстыру.
2. Музыка тыңдау арқылы қиялын дамыту.
3. Ұлттық мерекеге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:
Суреттер,,интерактивты тактамен жумыс.
1.Шаттық шеңбері
- Қандай ғажайып таң ! Бәріміз шаттық шеңберіне тұрып , бір - бірімізге жылы лебіздер білдірейік
2. " Наурыз тойы " әнін айту.
Балалардың іс - әрекеті
Шаттық шеңберіне тұрады жылы лебіздерін білдіреді.
Әнді тыңдайды.
Мұғалім
1.Білімді өзектендіру.
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Көктем мезгілінде тойланатын ең үлкен қандай мереке?
Балалардың іс - әрекеті
-Көктем мезгілі
-Наурыз мерекесі
Мұғалім
2.Әңгіме. (оқушылар интерактивты тактамен жұмыс жасайды)
"Наурыз - жыл басы, көктем мейрамы. Оны тойлап жатқанда айнала тегіс көгеріп, талдар бүршік жарып, құстар сайрап жер беті құлпырып, адам жүрегінде ғажайып сезім оянады.Наурыз мерекесінде наурыз көже дайындалады,дастархан жайылады. Наурызда алтыбақан құрылады, ән салып, би биленеді. Әр түрлі ойындар ойналады."
Балалардың іс - әрекеті
Мұғалімді тыңдап, Наурыз мерекесі туралы білетін мәліметтерінайтады.
3.Сергіту сәті.
Көктем келді, құс келді,
Ойнаймыз біз саз илеп.
Біздің көлге түсті енді,
Былтыр кеткен қаз - үйрек.
Көк көйлегін киді жер,
Шешіп ақ қар ішігін.
Емірене сүйді жел,
Тал - тіректің бүршігін.
Балалардың іс - әрекеті
Өлең жолдарына сәйкес қимыл - қозғалыс жаттығуын орындайды.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекетінде алған білімдері
қорытындылады.
4.Көктем туралы жұмбақтар жасыру.
Ауылдағы ақ қоян,
Сығалайды тасаны.
Көлеңкеге қашады.
(Көктемнен қалған қар)
Қызғалдақтар құлпырып,
Жасыл желек жапқанда.
Қандай мейрам болады?
Күн шуағын шашқанда
(Наурыз)
Балалардың іс - әрекеті
Жұмбақтың шешуін табады.
5." Гүлдер" биімен оқу іс - әрекетін аяқтайды.
Балалардың іс - әрекеті
Сұрақтарға жауап береді. Бір - бірінің жауаптарын тыңдайды.Билейді.

Ұқсас жұмыстар
М.дулатов «қош келдің, наурыз!»
Қош келдің, наурыз Қазақ халық дәстүрін дамыту
Армысың, әз наурыз Мектепішілік наурыз мерекесінің сценарийі
Ұлыстың ұлы күні қош келдің - әз наурыз
Құтты болсын Наурыз - той, Құтты болсын Жаңа жыл
М. дулатовтың "қош келдің - наурыз! "
Наурыз-жыл басы. Қош келдің, наурыз
Қош келдің,төрлет наурызым!
Наурыз. 9 сынып
Қош келдің,наурыз Ұлт мейрамы
Пәндер