Сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру: Кембридждік 7 модульді биология сабақтарында енгізу тәжірибесі

«Қ. ЖАРМАҒАНБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» ММ

БАЯНДАМА

ТАҚЫРЫБЫ:

Сын тұрғысынан ойлау-шыңдалған ойлау

Мұқышева Динара Тұрғанқызы

Қ. Жармағанбетов атындағы орта мектебі» ММ-сінің

биология пәні мұғалімі

2013-2014 о/ж

Сын тұрғысынан ойлау-шыңдалған ойлау

Мұқышева Динара Тұрғанқызы

Қ. Жармағанбетов атындағы орта мектебі» ММ-сінің

биология пәні мұғалімі

Еліміздің ертеңі-жас ұрпақтың қолында,

Ал жас ұрпақтың тағдыры мұғалімнің қолында.

Н. Назарбаев

\\Қазіргі таңда еліміздегі қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында жас ұрпақты білімді де сапалы етіп тәрбиелеу заман талабы екенін ескерсек, білім беру жүйесінің негізгі мақсаты-болашақ ұрпақтан бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында айтқандай, «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елу елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім»-деді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің жаңа форматы білім деңгейін ұйымдастыру болып отыр.

Сонымен бірге, нарық жағдайында мұғаліге қойылатын талаптар да күшейе түсуде. Қазіргі заман талабына сай мұғалім бейнесін ашар болсақ, ол өзінің кәсіби шеберлігімен бірге, бәсекеге қабілетті, білім берудегі жаңашыл идеямен қамтылған, рухани адамгершілігі бар, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болуы тиіс.

Мұғалімнің мамандық біліктілігін арттыру бағытында арнайы курстан өттім. Кембридждік әдістің теориялық негізімен таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін 7модулді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім. Курстан алған білімімді сабақтастыру ниетінде өз сабақтарымда осы 7 модулді пайдалана жүргізгенде, оқушының пәнге деген қызығушылығын байқадым. Әрине, сабақ үрдісінде 7 модулді қамту мүмкін емес.

Ең алдымен өзімізге белгілісын тұрғысынан ойлау модулі туралы айтар болсам, бұл жерде басты қағида-оқушының өз ойын жеткізе білуі. Ол оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Яғни, сын тұрғысынан ойлау-шыңдалған ойлау деп түсінсек, сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалану арқылы балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғыза отырып сабағымды жүргіздім және де сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша жоспарланған сабаққа қалған модулдерді еркін енгізуге болады деп есептеймін.

Сөзімді қорытындылай келе айтарым, еліміздегі білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биіктікке көтеру біздердің міндетіміз болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Тарих пәнінде сын тұрғысынан ойлауды енгізу тәжірибесі
Ағылшын тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамытудың педагогикалық әдістері мен тәжірибесі
География сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдану
Сын тұрғысынан ойлауды енгізу арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру және PISA тапсырмаларына дайындық
Математика пәнінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы: әдістеме мен сабақ тәжірибесі
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы білімді, саналы ұрпақты қалыптастыру
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту тәжірибесі
Ағылшын тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды енгізу: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының тиімділігін арттыру тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz