Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Б.Момышұлы туралы

Ерлік ұрпаққа үлгі
Ана үшін аянба-ант ұрады,
Бала үшін аянба-бетің күйеді.
Елің үшін аянба-ерлігіңе сын,
Жұртың үшін аянба-жігіттігіңе сын.
Б.Момышұлы.
Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақтың қаһарман батыры
-Б.Момышұлының өнегелі өмірі мен ерлік істерін,
-сондай-ақ ауылымыздан соғысқа аттанған аталарымыз бен екінші майдан атанған тылдағы әжелеріміздің қажырлы еңбектерін ұрпаққа үлгі ете отырып,
-үлкендерді сыйлай білуге,
-Отанын сүюге,оны қорғауға тәрбиелеу,
-патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекілігі;Б.Момышұлы және Ұлы Отан соғысы туралы видео,соғыс және тыл ардагерлері туралы слайдтар,қабырға газеті,ардагерлерге арналған буклеттер.
Кіріспе сөз.
I жүргізуші:Екі қолмен шоқ көсеп ойнағандар ,
Кеудесін отқа төсеп лаулағандар.
Бір сәтке сол ерлерді еске алайық,
Жеңіс тойын 70 жыл тойлағандар.( 1минут үнсіздік)
II жүргізуші;Қазақ халқының ұлы перзенті,қаһарман жауынгер,даңқты қолбасшы,Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы-ХХ ғасырдың биігінде тұрған ұлы тұлға.
I жүргізуші;Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып,полк командирлігіне тағайындаған.Б.Момышұлы207 рет ұрысқа қатысып,2рет ауыр жараланды.Ол 37 дәптер күнделік жазған, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып, қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазды. <<Артымызда Москва>> кітабы Кубаның бүкіл әлемге әйгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды.Б.Момышұлының ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып,Кубаның әскери академиясында оқытылды.
( Б.Момышұлы туралы видео көрсетіледі)
1оқушы.С.Мауленов <<Қаһарман>> өлеңін оқиды.
2оқушы.1941жылы 16қарашада неміс басқыншылары Москваға Волокалам бағытында шабуылға шықты.1075 атқыштар полкі,4 ротасының 23взводы тұрған бекініске жаудың 30 танкісі шабуыл жасады. Панфиловшылар 4 сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты.
Асқан ерлікті бейнелейтін бұл соғыста 28 панфиловшының 22 - сі қаза тапты.
28панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді.
3оқушы.Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілер соғыстың бас кезінде190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақ,3700 танкі , 50мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау саны 5,5 мыңға жетті.
4оқушы .Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады,Мәскеу түбінде де бастарын өлімге тікті,Сталинград,Курск доғасындағы шайқастарда да ерекше көзге түсті.Берлинге шабуыл жасады,Рейхстагка қазақ жігіті
Рахымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылы 30 сәуірде тікті.
5-оқушы;
6 -оқушы;Ерлік өлмейді,ерлер ұмытылмайды,
Ардагер ағалар еске алар өткендерді,
Өмір үшін өртеніп кеткендерді.
Ал, бүгін мақтан етер ұрпақтары,
Жеңіс алып еліне қайтқандарды.

I жүргізуші. 70 жыл бұрын қан майданда жанын беріп,арпалысқан Кеңес жауынгерлері мен біруыс бидай үшін табанын тіліп,маңдай терін төккен
шал-кемпір мен жас бала осы күнді аңсаған еді.
II жүргізуші;Ауыл тыным таппады,
Егін болды,мал болды,күндіз-түні тапқаны.
Егін орды әжелер,қой күзетті аталар,
Жүннен байпақ тоқыды,ақ жаулықты аналар.
Есіктегі сәбилер тыныш жатты бесікте,
Қара сирақ балалар масақ терді егісте,
Аталарға ілесіп,дән сеуіп,егін егісті.

I жүргізуші;Келесі кезек соғыс және тыл майданында еңбек еткен ардагерлердің ұрпақтарына беріледі.
( Слайд арқылы ата-әжелерінің соғыстағы және тылдағы ерліктері туралы әңгімелейді) Мейір ағасы А.Жақашевтің <<Ұлы Жеңіске 70 жыл>> атты өлеңін оқиды.
II жүргізуші.Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,
Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.
Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,
Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай!
I жүргізуші;Ардагерлеріміздің құрметіне ән <<Соғыстан қайтқан солдаттар>>
Ауыл ақыны болған З.Оразайұлының <<Соғыс>> атты өлеңі.
7-окушы:
Соғыс деген суық сөзден қорқам мен
Сұм соғыстың ызғарында сездім мен
Соғыс салған жарақаттың ізінен
Солғын тартқан жүздерді де көрдім мен
Соғыс деген өртенген өрт алапат,
Сұм соғыстан кім алмаған жарақат,
Сол соғыста қыршынынан қиылған
Саңқылдаған жастар қайта оралмас
Соғыс өрті енді қайта тұтанбас
Соғыс құмар деген сөзде айтылмас
Сұм соғыста азап шеккен жандар бар
Сол соғыстың тауқыметін ұмытпас.
8-окушы:
Адамзат баласына қасірет әкелген,қара жерді сілкінтіп,адам қолымен жасал-
ған сәнді қалалар мен тұнық табиғаттыя бүлдірген екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске биыл 70 жыл.Бейбіт өмірсыйлаған бабалар рухына мың тағзым!
Қайырлы түн!
Жер Анам!
Көк аспанды жамылда,
Таңға дейін дін аман ,
Тәтті ұйқыда дамылда.
Орманың да шуламасын,
Суларың да туламасын,
Ақ басты ала тауларың да,
Күрсінбесін,жыламасын.
Шамыңды өшір,
Түсіре ғой пердеңді
Қайырлы түн,алып жер,
Дүбірлетіп сенің ұлы кеудеңді,
Таптамасын танктер!
I жүргізуші; Құдіретті,киелі Жеңіс күні!
Жеңіс күні- шалдардың келісті үні,
Адамзаттың тілегі біреу ғана,
Тыныштығы ол мәңгілік жер үстінің,
Кездерім бар толқитын,қиналатын,
Майдангерлер азайды сыйды алатын
Баяғыда сыңғырлап медальдары,
Бір топ болып алаңға жиналатын
Жеңіс күні ұлы той көктемдегі
Текке кетпей төккен қан, төккен тері,
Қауқылдасып жататын қариялар,
Естеріне ап басынан өткендерін
Суымайды кеудемде жанған жалын
Қол созғандар қаншама арманға мың
Жеңіс күнін тойлайық ауылдастар,
Төбемізге көтеріп ,қалғандарын.
<<День Победы>> әні

II жүргізуші;Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын,
Бақытқа жетіп бар адам
Сәбилер тыныш ұйықтасын!

Дайындаған:Оразбаева Нағимаш Қасымханқызы
Тоғас батыр атындағы орта мектеп

Ұқсас жұмыстар
Ерлік пен батырлық туралы
Б. Момышұлы Қарлығаштың құйрығы неге айыр
Момышұлының өмірі
Бауыржан Момышұлы еңбектері
Бауыржан батыр
Бауыржан Момышұлы Жауынгердің тұлғасы
Бауыржан шығамаларының Абай шығармаларымен үндестігі
Б.момышұлы-мәңгі тірі (конференция)
Бауыржан момышұлы "ұшқан ұя" 8-сынып
Бауыржан момышұлы "жауынгердің тұлғасы" 6-сынып
Пәндер