Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Арман - жарқын болашақ бейнесі. Арман құндылығы оның әлеуметтік, қоғамдық сипатын кеңейту

Қарағанды облысы
Жезқазған гуманитарлық колледжі
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Серікбаева Гүлнар Қартабайқызы
Сабақтың тақырыбы: Арман - жарқын болашақ бейнесі
Сабақтың мақсаты :
Білімділік:-<<Арман>>құндылығы оның әлеуметтік, қоғамдық сипатын кеңейту.
Арманның мәні, жету жолы туралы өзіндік пікірін қалыптастыру.
Дамытушылық: -Оқушылардың талдау,сараптау дағдыларын дамыта отырып,
# тұшымды ойдан ләззат табуға бағыттау,сезімін жетілдіру. Сезім мөлдірлігін ,жан сұлулығын ұштау.
Тәрбиелік: -Жеке бастың ісін қоғамдық ортақ тілекпен ұштастыра білуге үйрету, өмірге,өзіне деген сезімін арттыру,өмірге құштарлыққа баулу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, пікір таластыру, салыстыру, талдау, проблемалық сұрақ, ой толғау, жинақтау
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет,бейнелеу,музыка
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушы назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру Музыка ойнайды:
I этап Айжан ,Алтынай орындауындағы <<Бала арман>> әнімен шаттық шеңберіне тұрамыз.

II этап Өлең айтқанда қандай сезімде болдыңдар? Қандай әсер алдыңдар?Өлең не туралы?
Олай болса,ой шақырып алайық. Арман дегенде ойларыңа қандай сөздер оралады?
топтастыру мақсат
Бағыт Арман бағдар
ой
Музыка ойнайды: қиял тілек
III этап Ертеде бір жігіт : -Арман деген не?- деп қариядан сұрапты. - Арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала-өссем дейді, қарт-жүзге жетсем дейді, ұстаз-шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді,-депті қария.>>
Арманымен ер сұлу, Орманымен жер сұлу нені армандайтыныңды айтсаң кім екеніңді айтып берем. Арманға қарап адамды тануға әбден болады.
Әрбір адамның арманы болады. Арман таусылмайды, бір арманына қол жеткізген соң, екінші арманыңның орындалуы үшін талпынасың, үшінші, төртінші...Солай жалғасып кете береді. Өйткені бұл өмір! Ал өмір армансыз болмайды. Арманға жету үшін көп күш жұмсалады. Арманның орындалуы жақсы ниеттілікті, төзімділікті, уақытты, табандылықты, қайырымдылықты, еңбектенуді, білімді, ақылды қажет етеді..
Арман-адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақта күтер үміт, алға қойған мақсат .
IY этап Армансыз адам болмайды. Біз күн сайын <<нағыз өмір>> туралы армандаймыз... Армандаймыз, сол арманға жетуді мұрат қыламыз.. << Ақ желкен арман, бұлдырап алдан. Жағада тұрмын дауыстап>> дегендей , қазіргі сіздердің жасыңыз болашақ туралы ойланатын, армандап қиялдайтын кездерің. Ендеше сол арман қиялды бөлісу мақсатында сұрақтар арқылы миға шабул жасап көрейік.
Оқушыларға қойылатын сұрақ:
Армансыз адам бола ма?
Арманның үлкен, кішісі болады деп ойлайсыңдар ма?
Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Арманға қалай қол жеткізуге болады?
Білімнің арманға қандай қатысы бар?
* Адамға өз арманын жүзеге асыру үшін рухани құндылықтар қажет пе? Қандай?
Y этап * Арман - алға жетелейтін жарық жұлдыз, адам адал еңбек етіп, қиындыққа мойымай, қажырлылық танытқанда ғана өз мақсатына жетеді, яғни арманы жүзеге асады. << Арманы адамзат игілігіне бағытталған адамда ұлы даналық бар>> деген француз жазушысы А.Франстың пікірімен қазақ ақыны М. Шахановтың ойы дәл келетін сияқты. Ендеше тыңдап көрелік. М.Шаханов. <<Арман>> поэмасы
1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Отырарға жақын жердегі Қасқасу ауылында дүниеге келген. (Картаны көрсету). <<Отырар>> дастаны арқылы туған жер тарихына бойлай отырып, перзенттік парызын өтеді. Ол - өршіл ақын, драмматург, сазгер әрі қоғам қайраткері
Бұл шығарманы оқығандарыңыз бар ма? 1 топ
Ақын бұл шығарманы неге <<Арман>> деп атаған? Қай кейіпкер қандай арманға қол созды? Ақын сөзін пайдаланып, мынадай диаграмма арқылы арманшыл кейіпкерлерімізге мінездеме берейік.
Дойыл Әбу

Шеңбердің ортасына екі кейіпкерге ортақ қасиеттері, екі жағына жекелік қасиеттерін жазамыз. (Берілген мінездемелерді мәтін арқылы дәлелдеу)
Осы армандарға берген қарияның бағасы қандай? (Осы жұмыстар арқылы мәтін түгел оқып талданады)

Бекіту сұрақтары: 2-топ
Саған осы шығарманың қай кейіпкері ұнады?
Ақын екі кейіпкерді қалай бағалап тұр?
Дойыл неге ұнамады? Ол да білімге құштар емес пе еді?
Әбу еліне қандай пайда келтірді?
Бұл жерде ақын Дойылдың кәсібін емес, мінез-құлқын мінеп тұр. Саудагерлік те өнер. Аулымызда жақсы істерге мұрындық болып жүрген көптеген кәсіпкер аға-апаларымыз да бар. Бұл шығармада адамның кәсібін емес, мінез-құлықтарын салыстырған. Тағы да ақын өлеңдеріне жүгінейік:

Сендер қандай арман жетегінде жүрсіңдер? Киноға көз жүгіртіп, Қожа орнында болсаңдар өз армандарыңда қалай жеткізер едіңдер?

YI этап

Адам бойындағы ізгі ниет ,болашақтан күтер үміт,алға қойған мақсат арқылы арманына жете алады.Олай болса баршаңның арман шыңына жетулеріңе тілектестік білдіре отырып,келесі кезеңге көшеміз.
YII этап Таратпа материалдар :А4 қағаз, клей,қайшы,түрлі-түсті қағаз.
Әр топқа екі түсті қағаз таңдау ұсынылады.
Таңдап алған қағаздардан бүгінгі сабақты белгілі бейне арқылы түйіндеу тапсырылады.
Мысалы :
1.Қызыл,жасыл түсті таңдап алған оқушылар қызғалдақ гүлін жасайды.Гүлді жасап болған соң,өздерінің асқақ арманы <<Ұстаздардан алған білімімізбен тәрбиеміздің арқасында көздің жауын алатын,жерге, ерге көрік беретін,жұпар иісімен бойыңды сергітетін,жұпар иісімен бойыңды сергітетінал қызыл гүл секілді <<Отанымызды сүйетін патриот ұл қызы болу.>>
2. Көк, сары түсті таңдаған оқушылар: Тудың бейнесін жасау.Бұл түсті таңдаған себебіміз көк, сары түс өздеріңіз білетіндей Қазақстан туын бейнелейді.Біздің асқақ арманымыз <<Ұстаздардың еңбектерін ақтап, егемен еліміздің дамыған 50 елдің қатарында болуы үшін тілімізді ,дініміздіқұрметтей отырып,жақсы білім алып,еліміздің туын биікке көтеруге ат салысу>>
3.Көк, сары түсті таңдаған оқушылар суда жүзіп бара жатқан желкенді қайықтың суретін жасайды.Біздің асқақ арманымыз <<Мектеп-кеме,білім-теңіз>> біз балалардың білім алуына бағыт беруші желкенбізЯғни болашақта шығармашылықпен жұмыс істей алатын, педагогикалық қызметтің барлық келеңді келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген ,кез-келген педагогикалық жағдаяттарды өзінің білімділігі ,парасаттылығы,ақылдылығы,мәдениеті,іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын,педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңа формациядаға мұғалім болу.
4. Көк, ақ түс .Отырған бір топ мұғалімдерге ұсынуға болады.Олар қыран құсты бейнелейді.Біздің арманымыз: <<Біз жыл сайын өз түлектерімді колледж қабырғасынан ұшырып,олардың асқақ армандарына жетіп,әлемнің білім кеңістігінде самғауларыңа тілектеспіз>>
YIII этап Сабағымызды қорытындылайық миға шабул Арманым - асыл мұратым
Мұрат-Қоғам ағымымен өз арманына қол жеткізу үшіналға қойған мақсат
Өзін - өзі тану-өзімізді,өзгелерді,қоршаған ортаны танып білу арқылы рухани құндылықтарды терең меңгеріп,адамгершілік қасиеттерді бойға дарыту.
Табандылық-қиындыққа мойымай қажырлы,адал еңбек ету.
Түйін: Адам бойындағы ізгілікпен ғана асыл мұраты мен ақ заңғар армандарына қол жеткізіп,биікке қанат қағып көтеріле алады.
Табандылық-адал еңбек ету-сенімділік-төзімділік
Өзін-өзі тану-өзін,өзгелерді,қоршаған ортаны тану,-рухани адамгершілік құн бойға дарыту.
Мұрат-қоғам-мақсат-арман
Басында топқа бөлген себебім көңіл -күйлеріңізді білу
IY этап Жүректен-жүрекке <<Майшам >> шырақ
Бүгін біздің <<Арман>>тақырыбындағы сабағымыз өз мәресіне де жетіп қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын.
Ал қазір мен майшамды жағам.Барлығымыз бір-бірімізге бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін ризамын.
Ал қазір мен майшамды жағам.Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды бір-бірімізге беріп отырамыз.
Өзіме май шам айналып келген соң Қоштасуға майшамды алған себебім,жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да әрқашан бүгінгі сабақта өз ойларыңды ашып,асқақ армандарыңызбен бөлісіп жатырсыздар ашық,жарқын бола берсін деген тілек білдіргім келеді. <<Ақ желкен арман, шақырар алдан, үміттің жібі үзілмес>> деп ақын жырлағандай, армандай біліңіздер, арманға жету жолында қанаттарың талмасын, үміттерің алға жетелесін. Бұл жолда сенімдерің өздеріңе серік болсын.
Мәңгi лаулап жану үшiн ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшiн ғаламда,
Үлкен болып қалу үшiн ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға! Мұхтар Шаханов

X этап Басында топқа бөлген себебім көңіл -күйлеріңізді білу
Қызыл-қуанышты көңіл күйбелсенділікті білдіреді.
Сары-көтеріңкі көңіл күй іс-әрекет етуге итермелейді.
Жасыл-бірқалыпты көңіл күйтепе теңдік салмақтылықты білдіреді.
Көк- қалыпты көңіл күй,көңілшек
Қоңыр - қобалжулы көңіл күй.
Ақ-қажу,шаршағандықты сезіну.

X этап Бүгін сабаққа өте жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ұқсас жұмыстар
Арманның қажеттілігі
Ұлтын ұлықтаған Ұл
Жақсы қасиет отбасынан дариды
Кәсіптік лицей оқушыларының рухын көтеру
Арман жарқын болашақ бейнесі
Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы
Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. 7-сынып
«астанам-айбыным»
Мен өз Отанымның патриотымын
Қазақ тілінен қолданбалы курстарды жүргізу
Пәндер