7-сынып факультативі: Көркем мәтіннің көркемдегіш құралдары (троптар) - Практикалық жұмыс №2

Сабақ жоспары

Сыныбы 7 А

Пәні Тіл дамыту факультатив

Тақырыбы: Көркем мәтіннің көркемдегіш құралдары

Практикалық жұмыс №2

Мақсаты:1. Көркем әдебиет стилінің тіл ерекшеліктерін білу.

2. Көркем мәтіннің көркемдегіш құралдарының сипаты, қызметі туралы білімдерін кеңейту, жасалу жолдарын анықтау, мәтіннен ажыратып таба білу.

3. Тіл байлығын дамыту, тіл мәдениетін дамыту, ойлау қабілетін дамыту, тілге деген құрмет пен ізденіске баулу.

Сабақтың түрі- аралас сабақ.

Сабақтың әдіс -тәсілдері: ой қозғау, сәйкестендіру, іздену, шығармашылық, СТО

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, слайд: схема-кесте, толтыру кестесі

Сабақтың барысы :

1. Ұйымдастыру кезеңі .

2. Ой қозғау . Мәтіндерді сәйкестендіру-әр мәтінді өзіне тән стиль түріне жатқызу, дәлелдеу. Жұппен жұмыс

  1. Осы мәтіндердің арасынан қай мәтін сіздерге әсер етті, сіздің қиялыңызды ары қарай жалғастырды деп айтуға болады? Әрине, көркем мәтін.

Демек, көркем мәтіннің адамның сезімі мен қиялына әсер ететін құралдары бар-олар көркемдегіш құралдар деп аталады, бүгінгі сабақ соған арналған.

Схема-кестемен жұмыс

Троптар -тілдегі сүреттеме құралдарын яғни сөздің негізгі мағынасын ауыстырып көркемдеп, бейнелі түрде қолдануды айтады.

Кестедегі мысалдарды оқып шығып, сүреттеме құралдарын табуға тапсырма беріледі.

Аждаһадай -теңеу, дәу, өте үлкен, қорқынышты мағынасында, жасалу жолы- зат есімге -дай салыстырмалы жұрнақ арқылы жасалған.

Отты көздері-эпитет, адамның сезімін, көңіл -күйін білдіреді, жасалу жолы қатыстық сын есім.

  • Аз сөз-алтын, көп сөз-күміс- заттардың (құбылыстың) ішкі сыры мен сыртқы көрінісін, сыр- сипатын көз алдына елестететіндей қолданылатын құрал -метафора, жасалу жолы зат есім сөзді ауыстырып қолдану.
  • "Мөлдір бұлаққа" жазылды-метонимия- белгілі бір зат не құбылысты түгелін алмай, бір белгісін алу, сол арқылы тұтас ұғымды білдіру жинақылық мақсатында қолданылады.
  • Қаншатұяғыңбар?- синекдохада бүтіннің орнына бөлшек қолданады, жалқыны жалпылама ұғымда ауыстырып айтады. Жасалу жолы -тұяқ деген бөлшек ұғым зат есім сөзі қанша малың бар деген мағынада қолданады.

Ережелерді оқып, дәптерге жазып алу.

Берілген сөйлемдерді талдау.

Сүреттеме құрал- троптар

  1. Троптар - тілдегі сүреттеме құралдарын яғни сөздің негізгі мағынасын ауыстырып көркемдеп, бейнелі түрде қолдануды айтады.

Заттардың (құбылыстың) ішкі сыры мен сыртқы көрінісін, сыр- сипатын көз алдына елестететіндей қолданылатын құрал - метафора

Метонимия- белгілі бір зат не құбылысты түгелін алмай, бір белгісін алу, сол арқылы тұтас ұғымды білдіру жинақылық мақсатында қолданылады.

Синекдохада бүтіннің орнына бөлшек қолданады, жалқыны жалпылама ұғымда ауыстырып айтады.

Тәжірибелік жұмыс №2

Тапсырма 1. Көркем мәтіннен сұреттеме құрал троптарды ажыратып, кестеге тусір.

р/с
Сүреттеме құрал: сөз немесе сөз тіркес
Қандай түрге жатады
Жасалу жолы
Қандай мағынаны білдіреді, сүреттеме әсері
р/с:
Сүреттеме құрал: сөз немесе сөз тіркес:
Қандай түрге жатады:
Жасалу жолы:
Қандай мағынаны білдіреді, сүреттеме әсері:

1. Ақсақал, қарасақалдары түгел риза болды.

2. Абай мен Қасымды қанша оқысам да сусыным қанбайды.

3. Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз. (Абай)

4. Кимешектер кітап оқып,

Малма тымақ мылтық алды.

Жалба шекпен жауға аттанып,

Жер түрленіп ел шаттанды. (І. Жансүгіров)

5. Жаспен алқызыл беттер, кемсеңдеген алма еріндер, аю бәйбіше қолында жұлынған жас тоқалдардың қара шаштары елестейді. (Б. Майлин)

6. Жұпар иісі бой балқытып, ойды тербеп,

Күміс шық жылтырайды маржандай-ақ . (Жамбыл)

  1. Өз қалауыңмен сөздерді сүреттеме құрал ретінде қолданып сөйлемдер құрастыр.
  1. Қорытынды. Рефлексия. Синквейн жазу

Сүреттеме құрал- троптар

Бейнелі, әсерлі, көркемді

Мағынаны ашады, байытады, әсерлейді

Көріктеуіш, бейнелегіш

Троптар

Бағалау.

Үй жұмысы: көркем әдебиет мәтіндерінен мысалдар тауып келу.

Тәжірибелік жұмыс №2

Тапсырма 1. Көркем мәтіннен сұреттеме құрал троптарды ажыратып, кестеге тусір.

р/с
Сүреттеме құрал: сөз немесе сөз тіркес
Қандай түрге жатады
Жасалу жолы
Қандай мағынаны білдіреді, сүреттеме әсері
р/с:
Сүреттеме құрал: сөз немесе сөз тіркес:
Қандай түрге жатады:
Жасалу жолы:
Қандай мағынаны білдіреді, сүреттеме әсері:
р/с:
Сүреттеме құрал: сөз немесе сөз тіркес:
Қандай түрге жатады:
Жасалу жолы:
Қандай мағынаны білдіреді, сүреттеме әсері:
р/с:
Сүреттеме құрал: сөз немесе сөз тіркес:
Қандай түрге жатады:
Жасалу жолы:
Қандай мағынаны білдіреді, сүреттеме әсері:

1. Ақсақал, қарасақалдары түгел риза болды.

2. Абай мен Қасымды қанша оқысам да сусыным қанбайды.

3. Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз. (Абай)

4. Кимешектер кітап оқып,

Малма тымақ мылтық алды.

Жалба шекпен жауға аттанып,

Жер түрленіп ел шаттанды. (І. Жансүгіров)


Ұқсас жұмыстар
Тіл көрнектілігі: көркем сөз құралдары мен троптарды оқыту
7-сынып информатикасы: электрондық поштамен жұмыс (практикалық сабақ)
Paint графикалық редакторының құралдары мен практикалық қолданылуы
Paint графиктік редакторының құралдары: теориялық-практикалық сабақ жоспары
Paint графикалық редакторының құралдары: теориялық-практикалық сабақ жоспары
Практикалық жұмыс №2: Лас тұзды қоспаларды сүзу және қайта кристалдандыру
7-сынып физикасы: Архимед заңы - сапалық және мәтіндік есептерге практикалық жұмыс
7-а сынып қазақ әдебиеті: Шортанбай Қанайұлының Зар заман өлеңін талдау - кейіпкер бейнесі, көркемдегіш құралдар және әдеби жанрдың даму
Paint графикалық редакторы: құралдары мен практикалық қолдану
5-сынып информатика сабағы: Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары мен практикалық жұмысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz