Біз - тәуелсіз Қазақстан балаларымыз

Тәрбие сағаты .
Тақырыбы : Біз - Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз .
Мақсаты : Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын
сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын
қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен
байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу;
Оқушыларды өз елін, жерін қорғап оны
ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұя-
лаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе ала-
тын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі :Қазақстан рәміздері . Қазақстан картасы .
Қанатты сөздер . Мақал - мәтелдер.
Сабақ барысы :
1. Ұйымдастыру кезеңі .
2. Мұғалім: Отан дегеніміз - әр адамның туып өскен жері, туған- туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені .
«Отансыз адам - қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан тәуелсіз Республикасы. 1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді . Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді . Елбасы Н. Назарбаевтың сыңдарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті істер, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр . Біздің елдігіміздің белгісі болып саналатын - ұлттық нышандарымызды тұмардай танып, қадірлеп, қастерлеуіміз керек . Еліміздің ертеңі, болшағы - сендердің қолдарыңызда. сондықтан білімді, тәрбиелі, іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық :
1- оқушы : Ендеше қазақстан Республикасы :
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен елеулі,
Әнұранымен айбатты .
2- оқушы : Құлақ түрем елімнің тынысына,
Мақтанам, қуанамын табысына,
Елбасы мен халқымыз аман болса,
Айналар Орта Азия « Барысына»
Мұғалім : Барыс - биік тауларды мекендейтін, өзінің балалығымен, тектілігімен, мәрттілігімен бағаланған аң .
Елбасымыз барыс атауын текке қолданбаса керек .
Қазақстанды орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың « Қазақстан - 2030 » стратегиялық бағдарламасы бұл күнде құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті .
Елбасының жолдауы - егемендіктің кілтін ұстап жастардың жарқын болашағына апарар алтын сүрлеу.
3- оқушы : Біз намыскер- қазақ елі ұланымыз,
Қорғайтын жерді оттан қыранымыз .
«Талап, Еңбек Терең ой, Қанағат, Рақым» деп Абай атамыз айтқан ұланымыз.
4- оқушы : Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жеріңде.
Өзіңді өзің еткен бақ-
Тәуелсіздік төрінде .
5- оқушы :Өзіңдікі туың да,
От пен ауа суың да .
Жаса, Қазақстаным.
Белді бекем буын да .
6- оқушы :Асқар тау да сенікі,
Бақша бау да сенікі .
Қалтқысыз дос пенен
Қатал жау да сенікі .
7- оқушы: Елімнің аты, жерімнің аты -
Өзіңмен биік, Республикам !
Жақсының аты, ғалымның хаты
Өзіңмен биік Республикам!
8- оқушы: Білімді ұрпақ, білікті маман,
Беделің сенің Республикам !
Болатын балаң, ары сау адам -
Мерейің сенің, Республикам!
9- оқушы :Бәсеке деген оңай сын емес,
Ұшпасын бағың, Республикам!
Қазақтың атын, қазақтың затын -
Тұмар ғып тағын, Республикам!
10- оқушы : Қазақстан ! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Ұзақ болсын гүлденген бұл ғұмырың,
Тәуелсіздік құтты болсын айбыным !
11- оқушы: Әуелі Отан - Ана алды, оттың басы,
Ауыл алды аунаған шөптің қасы,
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы
Ән: «Елім менің».
12- оқушы: Мен өзімнің Қазақстандай елде туылып, осындай елде өсіп келе жатқанымды мақтан етемін . Жарқын болашақ күтіп тұрған менің елімде терең білім алып, Отаныма адал қызмет етіп, елімнің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.
13- оқушы:Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді .
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді .
14- оқушы:Отан, Отан !
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
15- оқушы: Тауды көрсең күн көзімен таласқан
Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан .
Менің байтақ Республикам таулары,
Менің көгім мөлдіреген сол аспан.
16- оқушы : Дала көрсең көк желекпен ұштасқан .
Көлді көрсең секілді бір түнгі аспан .
Менің байтақ Республикам даласы,
Менің көлім теңізбен қол ұштасқан .
17-оқушы : Республика ! Ерікті ел - Қазақстан !
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір арыстан . деп жырлаған -дай тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ . Сондықтан осы тәуелсіздігімізді қадірлей білейік.
Ән: Туған жер .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz