Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Зат есім туралы түсінік
Сабақтың тақырыбы: Зат есім туралы түсінік
Сабақтыңмақсаты:
1. Білімділігі: Зат есім туралы кең ауқымды түсінік беру. Сөйлем ішінен зат есімді ажырата біліп, сұрақ қоюға үйрету. Сабаққа ынта - ықыластарын арттыру.
2. Коррекциялығы: ақыл - ойын, қабілетін дамыту. Сөздік қорын арттыру.
3. Тәрбиелік мәні: Ана тілін құрметтеуге, қадірлеуге, әдемі, таза сөйлеуге, сауаттылыққа, көркем жазуға, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер, дидактикалық материалдар жинағы
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшімен сұхбат. (оқушыларды түгендеу, күн жадысын сұрау)
- Балалар тақтадағы ребусқа көңіл бөліп, шешейік.
- Қандай сөз шықты?
- Ана тілі
- Біздің ана тіліміз қай тіл?
- Қазақ тілі.
- Дұрыс айтасыңдар, біздің ана тіліміз - қазақ тілі туралы жазбаған ақын-жазушыларымыз жоқ. Олай болса мына өлең шумағын тыңдап көріңдер.
Қазақ тілім - өз - тілім - ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана - тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Міне балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыз осылай өз ана тілін өз жырларына арқау еткен.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Қане, балалар, сабаққа көңіл аударайық:
oo Өткен сабақта біз қандай тақырыппен таныстық? (сөз таптары)
oo Сонымен, балалар сөз таптары дегеніміз не? (сөздердің жеке тұлғасына, мағынасына қарай бөлінетін топтарын сөз таптары деп атайды)
oo Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (қазақ тілінде 9 сөз табы бар)
- Суретті плакатпен жұмыс. Сөз таптары туралы берілген білімді еске түсіру.
- Сөз таптарын атау, тиянақтау.
2 - жаттығу. (ауызша сұрау)1. Өтті, жайнаған, жаз.(Айнажан) 2. Түсті, күз, сұрғылт. (Тамерлан) 3. Басталды, суық.(Рустам) 4. Көлбақа, сүңгіді, суға.(Бекзат) 5. Балшықтың, көміліп, ол, жатты, астына.(Мирлан) 6. Жасырынды, жылан, кіріп, ши, түбіне. (заманбек)7. Тығылды, лай, балықтар, тұнбаға. (Сыйлар) /10 мин/
- Жақсы, балалар, сонымен сөз таптары дегеніміз не?
- Қазақ тілінде неше сөз табы бар еді?
ІІІ. Жаңа сабақ
- Оқушылар сөз таптарын жаңа ғана біз кесте арқылы қайталадық. Кестедегі ең бірінші болып тұрған қандай сөз табы екен? Есімізге түсірейік!
- Зат есім.
Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы - зат есім.
Балалар, мына суреттерге назар аударайық! Бұл суретте нелер бейнеленген? Бұл нелердің суреттері? Міне, балалар біз домбыра, тау, көбелек деген нәрселердің атауы болатын сөздерді атап шықтық. Осындай заттың атын білдіретін сөздерді зат есімдер деп атаймыз. Жер жүзіндегі, әлемдегі барлық нәрселерге атаулар берілген. Осындай атау сөздердің барлығы да зат есімер болады.
1. Кім? кімдер? деген сұрақты біз тек адамдарға қоямыз. Түрлі мамандық иелеріне осы сұрақты қоямыз. (суретпен жұмыс) Не? нелер? деген сұрақты нәрселерге, жана - жануарларға, өсімдіктерге қоямыз. (Суретпен жұмыс)
2. Жақсы балалар, енді ережені менімен бірге қайталаймыз! Заттың атын білдіретін сөздер зат есімдер деп аталады. Зат есімдер кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтарға жауап береді.
3. Кестедегі суреттерге назар аурайық! Бұл суреттерде зат есімдер бейнеленген. Суреттердің ішінен кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып екі бағанға жазамыз! Тақтаға екі оқушы шығады. Дәптерлеріңе ережеден кейін бір жол тастап екі бағанға жазамыз!
Кім?
Не?
3. - Балалар, біздің қазақ тіліміз көрікті, бай тілдердің қатарына жатады. Тіліміздің асыл қазынасы ауыз әдебиетінің салалары жұмбақтарды шешіп, мақал - мәтелдерді оқып, талдап, құрамынан зат есімдерді табайық! Білімімізді одан әрі ұштастыра түсейік.
Бірнеше жұмбақтар шешкізіп, олардың жауаптарын беретін сөздерге тиісті сұрақтар қойғызу. Шешуі болатын сөздерге сөйлемдер құрастыру.
Мысалы: Қабат - қабат қаттама.
Ақылың болса аттама. (Кітап)
Мен жаңа кітап сатып алдым. (Заманбек)
Жіп - жіңішке денесі,
Ортасында инесі (қалам) Айбек менен артық қалам сұрады.(М. Айбек)
Төңірегі тең көрініп,
Теген жатыр төңкеріліп,
Жас та сиған, кәрі сиған,
Астына оның бәрі сиған.
/Аспан/. Аспанда бұлт жоқ. (Н. Айбек)
Үсті толы ине,
Бірақта, іс тігіп,
Қадамайды түйме.
/Кірпі/ Біз орманнан кірпі көрдік. (Мирлан)
4. Мақал - мәтелдермен жұмыс. Оларды оқу, мағынасын түсіндіру. Құрамынан зат есімдерді табу.
oo Оқушылар мақал - мәтелдер дегеніміз не? Иа, олар нақыл сөздер. Халқымыздың асыл қазынасы, сөз мәйегі. Ендеше ана тілі мен қазақ тілі пәнінен өткен тақырыптарда кездескен, таныс мақал - мәтелдерді назарларыңызға ұсынамын. Балалар мақалдарды есімізге сақтап қалуға тырысайық!
1. Бейнебаянды қарау.
2. Мақал - мәтелдер мен нақыл сөздерді есте сақтау.
3. Оларды талдау, мағынасын түсіндіру. Құрамынан зат есімдерді таптыру. Дәптерге көшіру.
Бірлік болмай - тірлік болмас. (Сыйлар)
Кітап - алтын қазына. (Бекзат)
Отан отбасынан басталады. (Айбек)
4. Сергіту сәті.
Балалар, қаламдарымызды қойып, ана тіліміз туралы жаттаған өлеңімізді қайталап айтайық!
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Өте жақсы, балалар, енді тіл туралы сендерге арналған мына бейнебаянға назар аударайық!
Тіл туралы бейнебаянды көрсету.
Міне балалар, біздің болашағымыз қазақ тілінде, біз тілімізді мақтан етуге тиіспіз, оны көздің қарашығындай сақтап, жан - жақты қолданысқа енгізілуіне, болашақта дамуына жауапты сендерсіңдер! Сондықтан ана тілі мен қазақ тілін жақсы оқыңдар, қазақ тілі оқулықтары мен дәптерлерін таза ұстауға тырысыңдар, тілге құрмет осыдан - ақ басталады балалар! Ендеше қазақ тілі оқулығын ашып, 3 - жаттығуға назар аударайық!
IV Оқулықпен жұмыс
1. 3 - жаттығу. Мақал - мәтелдерді оқу, мағынасын түсіндіру, құрамынан зат есімді табу. (I - II - III деңгей)(тақтаға Әсиля шығады)
2. 1 - жаттығу. Көп нүктенің орнына үлгі бойынша толтыру. (IV деңгей)
Тума - туыс атаулары: ата, ана ....
Үй жануарлары: сиыр, бұзау.....
V Бекіту.
1. Зат есім деген не?
2. Ол қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Суреттерге керекті сұрақты қою.
VI Үйге тапсырма:
- Балалар, біз өз тілімізді неге ана тілі дейміз?
Өйткені бұл тіл анамыздың ақ сүтімен дарыған. Осы тіл арқылы бүкіл ізгі қасиеттерді бойымызға сіңіреміз. Сондықтан ана тілімізді шұбарламай, қазақ тілінде таза сөйлеп, тілімізді сүюіміз керек.
Төменде берілген тапсырмаларды үйден орындап келеміз.
1 - жаттығу. Мәтінді оқу. Зат есімге сұрақ қойып, астын сызу. Дәптерге көшіру.
VII Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VIII Қорытындылау Оқушылармен қоштасу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz