Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары. Керей мен Жәнібек

Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары.
Керей мен Жәнібек
Сабақтың мақсаты: - Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын анықтай алады

-Топтық жұмыс арқылы өз ойларын нақтылап,дәлелдей алады;
-Бір-бірінің топтық жұмыстарын бағалау арқылы өзіндік сын-
көзқарастарын қалыптастырады
Күтілетін нәтиже: - Қазақ хандығының құрылуының алғышартын анықтау мақсатында
оқушылар топтық жұмыстарға қатысып, өз көзқарастарын білдіреді
және шығармашылықтарымен бөліседі

Қолданылатын
әдіс-тәсілдер: СТО: <<миға шабуыл>>
АКТ: интерактивті түсіндірілім(Lsm.nci.kz),бейнефильм
ББЖӘТ: диалогтік оқыту, <<ақылды үшбұрыш>>,<<резюме>>

Мұғалімнің әрекеті:
<<Сөйлем құра!>>тренингі
Сөздерге қарай топтарға бөлу
<<Ақылды үшбұрыш>> әдісімен үй тапсырмасын тексереді(тақтаға үш оқушы шығып, үй тапсырмасы бойынша өзара сұрақтар қойылып,оған жауап береді,қалған оқушылар оларды бағалайды)
Бейнеролик арқылы жаңа сабақ тақырыбы анықталады және оның мақсатын белгілейді
( <<Қазақ елі>> фильмінен үзінді)
Интерактивті тақта арқылы интернеттен жаңа сабақтың мазмұны түсіндіріледі.І.Есенберлиннің <<Көшпенділер>> романынан үзінді оқылады.
Оқушыларды топқа бөліп, жаңа сабақ мазмұнына орай тапсырмалар беріледі
Оқушылар әрекеті:
Топтарға бөлінеді: 1-топ <<Мемлекет>>
2-топ <<Хан>>
3-топ <<Қазақ>>
Сәйкесінше топтарға тапсырмалар беріліп,оларды ортаға салып талқылайды және орындайды:
<<Мемлекет>> тобы қазақ хандығының құрылуының басты алғышарттары: Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының әлсіреп,күйреуге таяуы,рулар мен тайпалар арасындағы талас-тартыстардың көбеюі,қазақ тайпаларының мемлекет болып бірігу қажеттілігін анықтап берді.
<<Хан>> тобы қазақ хандығының негізін қалаушы Керей мен Жәнібек сұлтандардың тарихтағы рөлін атап көрсетті.Бұл тапсырманы орындағанда оқушылар шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсті, мысалы: осы оқиғаны көрініс арқылы бейнелеп, қалған топтарға сұрақтар қою арқылы тақырыпты терең меңгере түсті.
<<Қазақ>> тобы <<Қазақ хандығына 550 жыл>> деген тақырыпта постер қорғап, Қазақстан Республикасы мен Қазақ хандығының ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтай алды.Мемлекетіміздегі биылғы жылы атап өтіліп отырған тарихи оқиғаға өз бағаларын бере білді.
Дарынды оқушылармен жұмыс: оқушылар Жәнібек пен Керей ханға және Қазақ хандығының құрылуы туралы тарихи дерек - <<Тарихи Рашидиді>> қалдырып кеткен Мұхаммед Хайдар Дулатиге <<резюме>> құрды, рөлге ене отырып <<жұмысқа қабылдаушылар>>, яғни қалған оқушылардың сауалдарына жауап бере отырып, жағдаяттан шығуға үйренді.
Рефлексия. 3 минуттық эссе.
Бағалау. Әр топ басқа топтарды,ал топ басшылары топ мүшелерін бағалайды

Үйге тапсырма: 35- тақырып. <<Керей мен Жәнібек хандарға хат>>

Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылуы. 7 сынып. Қазақстан тарихы
Қазақ хандығының ішкі сыртқы жағдайы. 7 сынып. Қазақстан тарихы
Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары
<<Қазақ хандығының құрылуы>>
Қазақ хандығы
Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
Xv-xvii ғасырлардағы қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Монғол-татар шапқыншылығы туралы
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Пәндер