Мемлекеттік тіл - тұғыры биік тұрақтылықтың негізі

«№ 4 орта мектебі» ММ

Тақырыбы:

Мемлекеттік тіл - тұғыры биік тұрақтылықтың негізі

(әдеби кеш)

Өткізген: Бижанов С. Н.

Шалқар-2015 ж.

Сыныптан тыс шара 22. 09. 2015ж.

Сыныбы: 6 а, ә

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік тіл - тұғыры биік тұрақтылықтың негізі»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тіл өнерін, тіл құдіретін құрметтеуге үйрету. Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Патриоттық сезімдерін оятып, ана тілдерін сүюге, ардақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың эпиграфы: «Тілін білмеген - түбін білмейді!» (Б. Момышұлы )
Сабақтың түрі: көрініс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауаптар, әңгімелесу

Сабақтың көрнекілігі: тіл туралы жазылған цитата сөздер мен тақырыптар, тіл туралы өлең шығарған ақындардың портреттері, қажетті құрал-жабдықтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

1-жүргізуші, Есен:

Басымды иіп, Тіземді бүгіп тұрып,

Ажарымды айдындай шуақ тұнып.

Отанымды сүйемін күліп тұрып,

Отанымды сүйемін жылап тұрып.

2-жүргізуші, Аружан:

-Е, достым! Не жайында айтып тұрсыз?

1-жүргізуші, Есен:

-Мен, өз Отанымды, елімді сүйетінімді айтып тұрмын.

2-жүргізуші, Аружан:

Бүгін қандай күн білесіз бе?

1-жүргізуші, Есен:

-Жоқ. Бүгінгі күн қандай күн екенін білмедім.

2-жүргізуші, Аружан:

-Ендеше, бүгінгі күн 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы - туған тілі болып саналады. Ендеше құрметті қонақтар, оқушылар, тіл мерекесіне арналған « Мемлекеттік тіл - тұғыры биік тұрақтылықтың негізі » атты әдеби кешімізді бастаймыз.

(Сахнаға аяңдап қарт кіреді)

1-жүргізуші, Есен:

-Ассалаумағалейкум!

2-жүргізуші, Аружан:

-Саламатсыз ба?

Қарт, Ерасыл:

-Уағалейкумассалам! Өркендерің өссін, қарақтарым!

1-жүргізуші, Есен:

-Ата, қайдан шығып, қайда келесіз? Жорытқанда жолыңыз болсын!

Қарт, Ерасыл:

-Бірге болсын, шырақтарым! Мен 4-ші орта мектебінде оқитын 6-класс оқушыларын іздеп келемін. Сенбай деген ағайларыңыз тіл мерекесіне орай шақырған еді. Соған бола келдім балаларым.

Мұғалім сөзі:

- Ассалаумағалейкум, ата!

Қарт, Ерасыл:

-Уағалейкуассалам!

Мұғалім сөзі:

-«Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан», -дегендей, Сіздің іздеген балаларыңыз алдыңызда. Ата, қош келдіңіз, төрлетіңіз!

1-жүргізуші, Есен:

-Ата, қарты бардың қазынасы бар, көпті көргеннен сұра, көп өмір сүргеннен сұрама, -дейді дана халық. Сізге қарап, көпті көрген данасыз ғой деймін. Солай емес пе, Аружан!

2-жүргізуші, Аружан:

-Иә, солай, солай. Ата, біздерге өткен өмір жайында сыр шертіп беріңізші! Осы еліміз тәуелсіздік алғанға дейін тіліміз, дініміз, ел-жұртымыз қандай күйде болды екен?

Қарт, Ерасыл:

-Е, балаларым! Өткен өмірдің несін сұрайсыз? Өткен өмір елдің басына мықты нәубет болған заман болды ғой! Тарихқа үңілетін болсақ, қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында құрылды. Хандықтың құрылуы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына бастау алған. Сол кезеңде еліміздің елдігімізді сақтап қалу, тілімізді, дінімізді, жерімізді қызғыштай қорғап қалуды көздеген. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды.

1-жүргізуші, Аружан:

-Е, ата, бізге тарих сабағынан осыдан 550 жыл бұрын болған оқиға мәлім еді. Сол тарихымызға шолу жасап көрейік.

Көрініс: «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/

(Мейіржан, Артур, Арсен)
- Ассалаумағалейкум, ағалар.
- Уағалейкумссалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы, Мейіржан:

- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей - берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды қудалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?
Жәнібек, Есен- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей, Нұрислам:

- Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.
Жәнібек, Есен:

- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?
Керей, Нұрислам:

- Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар басшысы, Мейіржан:

- Біз дайынбыз, бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.
Жәнібек, Есен:

-Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзіңіз бір бата беріңіз.

Керей, Нұрислам:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат - көлігің арымай,
Отбасыңмен аман - есен табысқын. Әумин!
1-оқушы, Кенжегүл:

-Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.
Қарт, Ерасыл:

-Иә, балаларым, содан бері қаншама жылдар өтті десеңші! Бұл қазақтың басына нелер келіп, нелер кетпеді! Әр ғасырда, әр жылда өзіндік тарихи кезеңінде қазақ халқының басына небір зұлмат кезеңдерді бастан өткерді ғой! Одан бергі 150-170 жыл бұрын қазақтың қамын ойлап, елдің жуан байларына қарсы сөз айтып, қарапайым қазақтың тіліне, дініне мән беріп, жоғын жоқтаған даналарымыз да өтті ғой, шіркін!

1-жүргізуші, Есен:

-Иә, ата, айтпақ ойыңызды ұқтым. Осыдан 150-170 жыл бұрын тарихтан, әдебиеттен белгілі, халқымыздың данасы Абай атамыз өмір сүрген. Ол туралы кітаптан оқығанымыз бар еді. Абай атамыз адамның қадір-қасиеті мен қатар өлеңге, сөзге мән бергені баршамызға мәлім.

Дана Абай, Артур:

-Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол-ақынның білімсіз бейшарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,

Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?

2-жүргізуші, Аружан:

-Иә, ата! Сол кезеңде небір-небір ақын-жазушыларымыз еліміздің елдігін ойлап, тілімізге, дінімізге аса мән берді ғой! Одан бергі Мағжан, Міржақып, Ахмет сынды көптеген ақын аталарымыз тіл мәселесіне көңіл бөлгені де тарихтан белгілі. Сол секілді осында отырған балалар да тілге деген жанашырлығын білдіріп жүргендері аз емес. Ендеше, ата, алдыңызда балалардың тіл туралы білетіндеріне мән беріп көріңіз.

Самалдың орындауында

1-оқушы, Арина:

Несіне мен қазақпын, өз тілімді білмесем.
Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.
Құт мекенім қасиетті ата-бабам жерінде,
Нағыз қорлық-деп білемін, басқа тілде тілдессем.

2-оқушы, Айкен:

Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер,
Өз тілінде сөйлейді өмір көрген кісілер.
Жойған күні тіліңді, жойылады қазақ та,
Жоя білген адамдар-құлдыққа да түсірер.
3-оқушы, Мейірім:

Мансап үшін өз тілін құрбан еткен адамдар,
Басқа тілді қастерлеп, ана тілін жамандар.
Ондай жандар ортадан аулақ болса сол дұрыс.
Қазақ емес шіріген жұмыртқа деп санаңдар

4-оқушы, Аяулым:

Ана тілін сатқандар опасыз-деп білемін,
Білген жанға өз тілің-қуанышың, тірегің.
Қазақ тілі қор болса, қор болғаным менің де.
Ол жойылса мәңгілік тоқтап қалар жүрегім.
5-оқушы, Диана:

Керек емес байлығың, керек емес алтының,
Менің жалғыз тілегім, тілін сақта халқымның.
Ана тілім бар жерде сақталарын білемін
Қазақ үшін қасиетті ата-дәстүр салтымның.
6-оқушы, Әділлаева Назерке:

Ана тілін тартқылап, салып жүрген көкпарға.
Ойлаңдаршы қазағым, осы бізде бет бар ма?
Ана тілін ту етіп, көтер қазақ көгіне.

7-оқушы, Жұмабай Назерке: 1-оқушылорь т

Айқасқа түс, сол үшін айтыс болса шегінбе.
Ана тілді сыйламай, өгей бала болмайық.
Өз тіліңде сөйлемей, өзің туған жеріңде.

Нұржанардың орындауында: «Қанекей, тілім сөйлеші!»

8-оқушы, Асылзат:

-Биылғы жыл Ата заңымызға 20 жыл. Осы заңның 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі деп жазылған. Ендеше, ағайын, тілімізді шұбарламай, таза сөйлеп қастерлейік!

Хор: «Анамның тілі-аяулы үні»

Қорытынды сөз:

Абай мен Әбіш

Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:

- Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты. Абай сәл ойланып отырыпты да:

- Менің Әбдірахман деген балам бар еді. Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Оны бітірген соң, Петербурға жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы

көрінеді. Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып:

- Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен:

- Ақ зат асыл ғой, - деді.

- Неге, қара зат асыл емес пе? - дедім мен. Әбіш бетіме қарап күлді де:

- Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Мен:

- Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен кереді емес пе, - дедім, - Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан

өнер-білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш-сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, қайрат та азаяды. сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім.

Сонда Әбіш:

- Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді.

- Ақылмен білдім, - дедім мен.

- Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе!

Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма? - деді.

Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан иіскедім.

Қонақ- атаңнан да үлкен. 9-сынып
( Сахналық көрініс)
Қатынасушылар:
Азамат Б. отағасы
Арайгүл Азаматтың әйелі
Азамат С. қонақ, Азаматтың інісі
Жеміс қонақ, Азаматтың апасы
Жанар қонақ қыз
Нұрбек Азамат пен Арайгүлдің баласы.

Киіз үйдің іші. Отағасы Азамат қолына домбырасын алып, күй шертіп отыр. Жұбайы шай қамына кірісуде. Көп кешікпей үйге қонақтар кіріп келеді.
Азамат С. Ассалаумағалейкум! ( есіктен сәлем беріп кіреді ) .
Азамат Б. Уағалейкумассалам!
Жеміс. Амансыңдар ма, қарақтарым?
Арайгүл ( иіліп сәлем етеді)
Жеміс. Бақытты бол!
Жанар. Сәлеметсіз бе. жеңеше?
Арайгүл. Еркежан да келіп қапты ғой. Айналайын, келші
маңдайыңнан сүйейін.
Азамат С. Осы үйдің қазанын шегелей келдік.
Азамат Б. Жақсы болды ғой, өзіміз де осы қазан шегелегіш шебер іздеп
отыр едік. Төрлетіңдер.
Жеміс. Ауыл- аймақ, көрші- көлем, мал- жан-бәрі аман ба?
Азамат Б. Бәрі де аман. Құдайға шүкір, ел қатарлы өмір сүріп жатқан
жайымыз бар
Жанар. . Жеңеше, мынау өзіңізге деген тартуым.
Арайгүл. Рахмет, жаным. Сол өзіңнің келгеніңе не жетеді.
Жанар. Түу, жеңеше, шайыңыз тәтті екен. Тағы да құйыңызшы.
Арайгүл. Іше ғой, жаным.
Азамат С. Шайға үйреніп болдық қой. Бұл құрғырды қанып ішпесең,
тіпті басың ауыратын болды. Бермесеңіз сұрап ішетін едік. Жеңешеміздің бауырсағын сағынғанымыз рас
(Барлығы күледі) .
Жанар. Аға, бұрынғы өмірден өткен дана адамдар, билер жайлы көп білетін едіңіз ғой. Солардың біреуін тағы да айтып беріңізші.
Жеміс. Е, бәрекелді!
Азамат Б. Қалқамның тілегін жерге тастамайын ( әңгіме айтады) .
- Бала би қартайған шағында елінің игі жақсыларымен кеңесіп отырып: «Жерден ауыр не, судан терең не, оттан ыстық не, көктен биік не?» деп сұраған екен. Бұған ешкім ауыз тұшытарлықтай жауап бере алмапты. Сонда Бала би өзі шешіп берген екен дейді.

Жерден ауыр дегенім- ақыл- білім.
Судан ауыр дегенім- оқу- ғылым.
Оттан ыстық дегенім- адамның өмірі.
Көктен биік дегенім- тәкаппардың көңілі.
( Барлығы бірге) :- Керемет, тауып айтылған сөз.


Жеміс. Осы шай ішіліп болған секілді. Жинай бер, қалқам.
(Шай құралы жиналады) .
Нұрбек. Апа, ас дайын .
Арайгүл. Ә, ендеше, қолға су құя ғой. ( Қолға су құйылып, табақ тартылады)
Азамат С. Әлгі осы үйдің баласы қайда, шақыр. Ол да бізбен бірге тамақ жесін.

Арайгүл. Кенжетай, кел сенде тамаққа, осы ағаларыңның жақсы әңгімелерінен ғибрат ал. Саған да осы ағаларыңның жасын, жолын берсін.
Жеміс. Менің келінім қандай өнерлі десеңші. Еттің нанын өзгеше, әдемілеп жайған екенсің.
Арайгүл. Өзімнің шешем нанды осылай жаюшы еді. Көргенімді жасап, көпке
үлгі болсын дегенім ғой ( ет желініп, сорпа беріледі, табақ алынады) .
Азамат Б. Жасың кіші болса да. Жолың үлкен қонақсың. Астың батасын өзің
қайыра ғой. (Дастарқанға, отырғандарға бата беріледі. Бала Нұрбек
апасына шұбат құйылған ыдысты әкеліп береді. Апасы шұбаттан
зеренге құйып, қонақтарға береді) .
Азамат Б. Қарап отырғанша, ауылдың алты ауызын айтайын. (Құрманғазының «Адай» күйі тартылады) . Енді қонақ кәде айтыңыздар.
Жанар. Мен бір халық әнін шырқап берейін («Әгугай» әні орындалады)
Барлығы бірге: Өнерің үстем болсын!
Азамат Б. Ақ ішіңіздер.
Арайгүл. Еркежан, бері кел.
Жанар. Жеңеше, мынаның бәрін қайдан алдыңыз?
Арайгүл. Бұл - менің жинап жүргендерім, ескінің көзі. өзімнің шешемнен,
енемнен қалған сәндік бұйымдар. Бұйымтайыңды айт, қалағаныңды
берейін.

Жанар. Мына біреуін таңдадым. Қалағаным -осы.
Арайгүл. Қалағаның осы болса, ала ғой. Көзімдей көріп тағарсың.

Жеміс. Аманшылықта, саушылықта кездесейік.
Б. Азамат пен Арайгүл бірге. Жолдарың болсын. Елге аман- сау барыңдар.

Қарт, Ерасыл: (көзінен жас алып, мұңайып отырады)

1-жүргізуші, Есен:

-Ата, неге мұңайып отырсыз? Көңіліңіз түсіп кетіпті ғо.

Қарт, Ерасыл:

-Е, балам! Бәрін айт та, бірін айт. Сонау өткен өмірді еске түсірсем, ата-бабаларымыз тәуелсіз елді аңсап, қасық қаны қалғанша елін, жерін, тілін, дінін қорғаймын деп қалмақ-жоңғармен, одан бергісі Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларымен аянбай шайқасты емес пе?

2-жүргізуші, Аружан:

-Иә, ата! Оның бәрі тарихтан мәлім бізге. Алайда, тәуелсіз елді аңсап, ата-бабаларымыз кейінгі ұрпақ үшін қасық қаны қалғанша күрескен болса, сол ата-бабаларымыздың аңсап күткен тәуелсіздігі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін 1991 жылы еліміз тәуелсіздік алып, өз алдына рәміздерімізді, Ата заңымызды, тіл туралы заңымызды қабылдадық емес пе?

1-жүргізуші, Есен:

-Иә, солай, солай. Айтпақшы, ата, Аружан! Биылғы 2015 жыл тіл туралы заңымызға 26 жыл, Ата заңымызға 20 жыл толыпты ғой. Ендеше, бір топ оқушылардың тіл, ата заңымыз туралы білетіндерін тыңдап көрейік.

Нұржанардың орындауында: «Қанекей, тілім сөйлеші!»

1-оқушы, Гүлім:

Ата заңым - ар-намысым, айбарым,

Болашағым, тектілігім, қайнарым,

Ата заңның аясында көш бастап,

Ел көгінде желбірей бер, байрағым!

2-оқушы, Нұрдана:

Қазақстан -егеменді байрақты ел,

Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел.

Ата заңым - елдігімнің еңсесі,

Заңы барда қазақ елі айбатты ел.

Заңым барда зайырлы елмен теңестір,

Қай кезде де заңды біліп кеңес құр.

3-оқушы: Алина

Ата заңым-Тәуелсіздік таңысың,

Арайланып атар ұрпақ қамы үшін.

Әділеттің ақ жолына бастайтын,

Ата Заңым - туған елдің бағысың.

4-оқушы, Асылзат:

Ата заңым - ар намысым айбарым,

Сенің арқаң бұзылмаған қаймағым.

Ата Заңның аясында көш бастап,

Тұғырлардан желбірей бер байрағым!

Хор: «Анамның тілі-аяулы үні»

хор7--орроопарв

1-оқушы, Кенжегүл:

Қарт, Ерасыл:

-Иә, балаларым, содан бері қаншама жылдар өтті десеңші! Бұл қазақтың басына нелер келіп, нелер кетпеді! Әр ғасырда, әр жылда өзіндік тарихи кезеңінде қазақ халқының басына небір зұлмат кезеңдерді бастан өткерді ғой! Одан бергі 150-170 жыл бұрын қазақтың қамын ойлап, елдің жуан байларына қарсы сөз айтып, қарапайым қазақтың тіліне, дініне мән беріп, жоғын жоқтаған даналарымыз да өтті ғой, шіркін!

1-жүргізуші, Есен:

-Иә, ата, айтпақ ойыңызды ұқтым. Осыдан 150-170 жыл бұрын тарихтан, әдебиеттен белгілі, халқымыздың данасы Абай атамыз өмір сүрген. Ол туралы кітаптан оқығанымыз бар еді. Абай атамыз адамның қадір-қасиеті мен қатар өлеңге, сөзге мән бергені баршамызға мәлім.

Дана Абай, Артур:

-Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасй.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол-ақынның білімсіз бейшарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,

Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?

2-жүргізуші, Аружан:

-Иә, ата! Сол кезеңде небір-небір ақын-жазушыларымыз еліміздің елдігін ойлап, тілімізге, дінімізге аса мән берді ғой! Одан бергі Мағжан, Міржақып, Ахмет сынды көптеген ақын аталарымыз тіл мәселесіне көңіл бөлгені де тарихтан белгілі. Сол секілді осында отырған балалар да тілге деген жанашырлығын білдіріп жүргендері аз емес. Ендеше, ата, алдыңызда балалардың тіл туралы білетіндеріне мән беріп көріңіз.

1-оқушы, Кенжегүл: -Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.

1-оқушы, Арина: Несіне мен қазақпын, өз тілімді білмесем.
Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.
Құт мекенім қасиетті ата-бабам жерінде,
Нағыз қорлық-деп білемін, басқа тілде тілдессем.

2-оқушы, Айкен: Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер,
Өз тілінде сөйлейді өмір көрген кісілер.
Жойған күні тіліңді, жойылады қазақ та,
Жоя білген адамдар-құлдыққа да түсірер.

3-оқушы, Мейірім: Мансап үшін өз тілін құрбан еткен адамдар,
Басқа тілді қастерлеп, ана тілін жамандар.
Ондай жандар ортадан аулақ болса сол дұрыс.
Қазақ емес шіріген жұмыртқа деп санаңдар

4-оқушы, Аяулым:

Ана тілін сатқандар опасыз-деп білемін,
Білген жанға өз тілің-қуанышың, тірегің.
Қазақ тілі қор болса, қор болғаным менің де.
Ол жойылса мәңгілік тоқтап қалар жүрегім.

5-оқушы, Диана:

Керек емес байлығың, керек емес алтының,
Менің жалғыз тілегім, тілін сақта халқымның.
Ана тілім бар жерде сақталарын білемін
Қазақ үшін қасиетті ата-дәстүр салтымның.

6-оқушы, Әділлаева Назерке:

Ана тілін тартқылап, салып жүрген көкпарға.
Ойлаңдаршы қазағым, осы бізде бет бар ма?
Ана тілін ту етіп, көтер қазақ көгіне.

7-оқушы, Жұмабай Назерке:1-оқушылорь т


Ұқсас жұмыстар
Туған тілдің тұғыры
Үштілділік білім беруді жүзеге асыру шарттары
Мемлекеттік тілді үйретудегі сыныптан тыс жұмыстардың ықпалы
"тіл шебері" сайысының сценарийі. 9 сыныптар
Бейнелі сөздің берені болған Қазақ тілі (әдеби танымдық кештің сценариі)
Жекеленген тапсырма құрамында қос сөзі бар жұмбақтар жазу
Тіл - мемлекет тірегі
Әлем таныған тәуелсіз ел-Қазақстан әдеби танымдық кеші
Тәуелсіздік биік болсын, тұғырың
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz