Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Диктант Қазақтың бас ақыны
Қысқа мерзімді жоспар
№6 Күні:
10-сынып Қазақ тілі
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуллина Галия Гимеденовнаның қысқа мерзімді жоспары
Сабақ атауы
Диктант <<Қазақтың бас ақыны>>
Жалпы мақсаттар
<<Сөз мәдениеті. Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары>> тақырыбы бойынша диктант жүргізу. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау. Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.
Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.
Оқыту нәтижелері
Оқушылар өз белсенділігін көрсетуге тырысады;
теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады, күнделікті өмірде қимас адамдар болатынын біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.
Негізгі идеялар
Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі.
Мәтіннің жазылу стиліне назар аударту, Ахмет Байтұрсынов мақалалары жайлы мәлімет білгізу, жазушы стиліне жалпылама талдау жасау.
Дереккөздер, сілтемелер
<<Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы>>
Алматы <<Жеті Жарғы>> 2003 жыл
Қызығушылығын ояту
Еркін әңгімелесу.
Биыл неліктен күн ерте суытты деп ойлайсың?
Күн ерте суытпағанда қандай іс тындырар едің?
Адамдардың сүйікті жыл мезгілі туралы не ойлайсың??
Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау.
Мәтінге кіріспе сұрақтар беру.
Мағынаны тану
1903-ші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олар сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықса, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалады. Көп сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да, түсіне алмайды. Не мағынада айтылғаны біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі.
Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық - Абайдың айта алмағанынан кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда, айып жазушыда емес, оқушыда. Не нәрсе жайынан жазса да , Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Нәрсенің сырын, қасиетін біліп жазған соң, сөзінің бәрі халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып, емтихан болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды. Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау, олардың сөзінен үздік, артық. Ол оқшаулық, артықтық басқа ақындардан Абайдың жалғыз сөзінде ғана емес, өзінде де болған. Абайдың қандай болғанын көзбен көрмесек те, көргендердің айтуынан білеміз.
А.Байтұрсынов
Қосымша тапсырмалар:
Абайдың қандай болғанын көзбен көрмесек те, көргендердің айтуынан білеміз.
Сөз құрамына, сөйлем мүшесіне талдау.
Ой толғаныс
Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.
<<Әдебиет танытқыш>> кітабынан 5 сөйлемге синтаксистік талдау.
Бағалау
Суммативті бағалау

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz