Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Аққу, Шортан һәм Шаян сайыс сабақ
Сабақтың тақырыбы: Аққу, Шортан һәм Шаян.
Мақсаты: Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыра отырып, Мысал жанры туралы түсінік беру; оқушының ауызша сөйлеуін, мәнерлеп, түсініп оқуын,өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту; Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : сайыс сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білім игеру.
Көрнекілігі: 1. А. Байтұрсынұлы мен И.А.Крылов портреті
2. Мысал бойынша салынған сурет.
Әдісі: аквариум әдісі(топтық жұмыс), түсіндіру әдісі, іздендіру, өздігінен білім алу әдісі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушы зейінін сабаққа аудару.
Сабағымыз басталды, балалар.
Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.
Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
жан дүниемде күн нұрлы, жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру: - Балалар, бүгін біз сабақта қазақтың ұлы ақыны А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысамыз, әдебиеттің мысал жанры жөнінде сөз қозғап, мысал өлеңнің ерекшелігін айқындаймыз.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:
Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Балалар топқа бөлінеді.
Топқа бөлу шарты: Төрт бұрыш қағазға салынған Аққудың, Шортанның, Шаянның суреттері таратылады. Сол сурет бойынша аққулар бір топқа, шортандар бір топқа, шаяндар бір топқа бірігеді.
Алдын ала әр топқа әр түлі үй тапсырмалары берілген, олар өз сұрақтары төңірегінде жан-жақты ізденіс жүргізіп, оны тірек-үлгілер арқылы, яғни сызбалар салып, соған жазып түсіндіру қажет.
І топ: А. Байтұрсынұлының өмірі.
ІІ топ: А. Байтұрсынұлының мысалдары.
ІІІ топ: А. Байтұрсынұлының өлеңдері.
Қысқаша деректер. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ұлы ағартушы, ірі ғалым-лингвист, ақын, аудармашы, оқулық авторы. Туған жері - қазіргі Қостанай облысының.Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы. А. Байтұрсынұлы алғашқы <<Әліпби>> оқулығын жазған. Оның <<Қырық мысал>>, <<Маса>> деген шығармалар жинағы шыққан. Бар өмірін адал қызмет етуге арнаған оған <<халық жауы>> деген жала жауып, жазықсыз құрбан болды.
А. Байтұрсынұлы Крыловтың мысалдарын аударған. Сол аударған мысалдарын <<Қырық мысал>> деген кітап етіп шығарады. Соның бірі - бүгінгі <<Аққу, Шортан һәм Шаян>> мысалы.
Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы - мысал жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші аудармашы-ақындар. Ал сендердің 3-кластағы оқыған <<Бидай мен Қаңбақ>> мысалының авторы Асқар Тоқмағамбетов - жаңашыл мысалшы. Осы ақын-жазушылардың арқасында мысал жанры - қазақ әдебиетіне еніп, дамып келе жатқан жанр.
( Мұғалімнің мысалды мәнерлеп оқуы, балалардың түсінігін тексеру, нақтылау)
Балалар, олар қайда өмір сүреді?
Олар не істемек болды?
Олардың жүктері неге қозғалмады?
Ақын бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?
Мысалда автордың айтайын деген негізгі ойы болады дедік. Негізгі ой дегеніміз - ақынның айтар өсиеті.
1 - тапсырма. Автордың түйінді, яғни негізгі ойын табу.
А. Байтұрсынұлының түйінді ойы қай жеде жазылған?
Мысал бізді неге шақырады?
Мысалдың тәрбиелік мәні - балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру.
Қорытынды: Мысалда негізгі ой шығарманың басында немесе аяғында беріледі. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады.
2 - тапсырма. Негізгі ойға қатысты ынтымақ, бірлік туралы білетін мақал жазу. Мысалы:
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Әрбір топ жазған мақалының мағынасын түсіндіреді.
3 - тапсырма.Мысалды сахналық қойылым етіп дайындау. Бұл тапсырма бойынша балалар мысалды алдын ала диалогке айналдырып алады. Автор сөзі болады. Мысалы, автор <<Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген үлкен арба тауып алып, қатты қуанады.
Аққу айтады: - Достар, келіңдер, мына арбаны әуеге тартып шығарайық, - дейді.
Шортан айтады:
- Мұны көлге апарайық, - дейді.
Шаян айтады:
- Жоқ, одан да мұны құмға апарайық.
Автор:
- Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды.>>
Осылайша балалардың әрқайсысы өз сөзін айтып, мысалды әр түрлі етіп импровизация жасауға болады.
Сергіту жаттығуы Ал, балалар, тұрайық,
Қане, қанат жазайық.
Аққу болып ұшайық,
Көлде жүзген балықтай,
Жүзіп, жүзіп алайық.
Қане, айналып, қарайық.
Қорытынды. Мақал-мәтелдер:
1. Алтау ала болса, ауыздағы кетер,
Төртеу түгел болса, төбедегі келер.
2. Бірлік болмай, тірлік болмас.
3. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz