Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тақырып Қамқор болып өсемін

Атырау облысы, Атырау қаласы
№ 4 облыстық мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі
Мырзашева Гульжанар Тилекбаевна
1.Қамқор болып өсемін
2. Жалаң және жайылма сөйлем
3.Аңдар
Мектеп: № 4 обл.мектеп-интернат
Сабақтың тақырыбы: Қамқор болып өсемін
Құндылық: зорлық-зомбылық көрсетпеу
Қасиеттер: Мейірімділік,қамқорлық,қайырымдылық т
Мұғалім: Мырзашева Г.Т.
Сынып: 1 <<в>> Оқушылар саны: 18
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың <<қайырымдылық>>, <<қамқорлық>>, <<жақсылық>> құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - қамқорлық туралы түсінік беру;
Адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;
қайырымды,қамқор болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:
Мультимедиялық тақта,
оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер,
аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
ә) оқушылар назарын сабаққа аудару
б) Тыныштық сәті
-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін...
Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,міне ғажап,жайқалып төгілген шие, алма, алмұрт, анар, өрік ағаштары бизге иіліп сәлем бергендей. Жүздерінен мейірімі төгілген балалар бір-біріне көмектесу үстінде.Бірі гүлге су құйып жатса, екіншісі құстарға ұя жасап жатыр, үшіншісі қарттарға көмектесу үстінде.Тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:<<Жақсы бала бол!>> деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:<<Жақсы болу өзіңнен>>,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.
Ал,енді <<бір,екі,үш>>деп,бұрынғы қалпымызға келейік.

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында
- Балалар, біздің сабағымыз бүгін ерекше бізге ұстаздар және сиқырлы кітап парақшалары қонаққа келіп отыр.Сиқырлы кітап парақшалары бізге әр тапсырманы орындаған сайын, бір сиқырлы кітапты сыйға тартады.Олай болса, осы сыйқырлы кітабымызды алуға асығайық.
2. Үй тапсырмасын тексеру
<<Жақсы деген немене,жаман деген немене>> көрініс
. Әкесі жақсы бала деп қандай баланы айтты?
. Қандай жаман әрекеттерден қашық болуымыз керек?
,Жақсы адам болу үшін не істеуіміз керек?
Адал болу;
Мейірімді болу;
Білімді болу;
Үлкенге көмектесу;
Ананы сыйлау, үлкенді сыйлау;
Қамқорлық жасау
-Дұрыс айтасыңдар жақсы адам болу үшін жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренейік.
Балалар, мінекей бізге сыйқырлы парақша қандай кітапты сыйға тартқанын көрейік.

3.Мұғалім сыйы:
- Балалар, сыйқырлы кітап ұнады ма?
- Жарайды, олай болса, жана Серік айтып кетті ғой жақсы болу үшін, қамқорлық жасау керек деп.Ендеше біздің бүгінгі тақырыбыз <<Қамқор болып өсеміз>> деп аталады.
Сыйқырлы парақшамыздың сіздерге деген тосын сыйы бар екен,қане тамашалайық.
1)Көрініс: <<Жәй ғана әжей>>
Төмендегі сұрақтар арқылы әңгіме ұйымдастыру.
-Балалар, Нұрдәулет танымайтын әжейге қандай қамқорлық жасады?
-Әжей сөзіне сұрақ қойыңдаршы?
-Кім?
-Жарайсыңдар ал кім? Сұрағы қандай сөздерге қойылады?
-Адамға
-Өте жақсы бұл көріністе адамға деген қамқорлықты байқадық.
2)Мультфильм көрсету.
-Мультфильмде балалар құсқа қандай қамқорлық жасады?
-Ағашқа қандай қамқорлық жасады?
-Ағаш және құс сөзіне сұрақ қойыңдаршы?
-Не?
-Өте жақсы, олай болса осы ағаш, құс деген сөздерді бір сөзбен қалай айтуға болады?
Табиғат
-Өте жақсы
Олай болса, балалар, құстарға қамқорлық жасау керек деп ойлайсыңдар ма?
-Неліктен?
-Ағашқа ше?
(Оқушылар жауабы тыңдалады)
-Қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар,табиғатқа, қиналған адамдарға қайырымдылық, жақсылық жасау дегенді білдіреді екен.
- Сіздердің қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
(балалардың жауабы тыңдалады)
-Жарайсыңдар балалар, мінекей сіздерге сыйқырлы кітапты сыйға тарту етті, қабыл алыңыздар.
Сұрақтар арқылы оқушылардың ойларын еркін жеткізуге ықпал ету.
4.Дәйексөз
Сонымен балалар, үлкенге де, кішіге де, табиғатқа да үнемі қайырымдылықпен қарап қамқор болып жүрейік.
<<Қайырымдылық жылы - жүректен>>
-<<Қайырымдылық>> дегеніміз адам бойындағы мейірім - шапағаттан туратын ізгілік.Қиналған, науқас, қарт адамдарға аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, көмектесу жанашырлық көрсету жылы жүректіліктілікті білдіреді.Осындай жылы жүректен туған сол жақсылық, қайырымдылық болып табылады.
- Балалар, халық даналығын түсіндік қой.Солай ма?
-Иә
-Олай болса, біздің сыйқырлы парақшамыз тағы бір сыйқырлы кітабын сыйға тартты.

5.Топпен ән айту: <<Болайықшы осындай>>
Сөзі мен әнін жазған: А.Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер - азамат болады.
Қиындықты жеңіл кіл,
Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай
Болайықшы, досым - ай!

Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
-Өте жақсы,балалар, сиқырлы парақшамызды тағы бір кітабын сыйға тартты.

6.Шығармашылық тапсырма:
1-тапсырма:
Оқулықтың 72-бетіндегі суреттерді қарап, қамқорлық туралы әңгіме құраңдар.
2-тапсырма: СИтуациялық сұрақтар
1. Сен көшеде келе жатып,бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің ...
2. Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің шөлдеп мазасызданып кетті ...
3. Сен көшеде келе жатып екі-үш баланың кішкене күшікті тапен атқылап жатқаның көрдің сен не істер едің ...
-ой бәрекелді, барлық берілген тапсырманы орындай білдіңдер.Сиқырлы парақшамыз нұрлана түсті.Сендерге Сыйқырлы кітабын тарту етіп жатыр.Қане, қарайық.

7.Үй тапсырмасы:
- Балалар,экранға назар аударыңдаршы.Не көріп тұрсыздар.
-Күннің суретін.
-Анамыздың суретін.
-Өте жақсы ,күннің ортасындағы сөзі оқиықшы.
-Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
-Балалар Алдымызда қандай мереке келе жатыр!
-8-наурыз ,аналар, әжелер, апалар мерекесі.
-Бізің қамқоршымыз кім?
-Ана
-Қандай қамқор жасайды?
(Балалардың жауабы тыңдалады?)
-Олай болса, бізге қонаққа әжей келе жатыр, сендердің жауаптарыңды жасырын тыңдап тұрды.Сол әжей сендерге үй тапсырмасын дайындап алып келіпті.
Әжей сөйлейді.
Әжейдің тапсырмасын мен оқып берейін.
-Балдырғандар, мына суретке қарап, қандай қамқорлық жасау керектігі туралы әңгімелеп келіңіздер.
Балалар, әжейді құр жібермейі, әжейге арнап өлең айтып берейікші.
Апам үшін күнде де,
Отынға ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.

Сыпырамын үй-ішін,
Жуамын аяқ табақты.
Апам бірақ мен үшін,
Оқымайды сабақты.
Балалр өте жақсы мінеке, сіздерге тағы да сыйқырлы парақшамыз, сыйқырлы кітапты сыйға тарту етті.

8.Соңғы тыныштық сәті:
Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.
Балалар сіздерге бүгінгі сабағымыз үшін рахмет айтамын.Бүгінгі сабағымыздың әр сәтін жүрегімізге түйіндеп қояйқ дегім келеді.

4 облыстық мектеп - интернат

Тақырыбы:

Пәні: Өзін - өзі тану
Сыныбы: 1 <<в>>
Өткізген: Мырзашева Гүлжанар Тілекбайқызы

Атырау облысы, Атырау қаласы
№ 4 облыстық мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі
Мырзашева Гульжанар Тилекбаевна
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың сөйлем, сөйлем мүшелері оладың байланыстары туралы білімдерін нығайта отырып, сөйлем ішінен жалаң және жайылма сөйлем табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
Дамытушылығы: сөйлем мүшелерін ажырата білуін, сөйлемнің мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуге үйрету.Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелілігі: әдемі жазуға, мәдениетті сөйлеуге, білімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Көрнекі құралдар: мозайка, интерактивті тақта, суреттер, оқулық.
Сабақтың жүру барысы:
1.Қызығушылықты ояту
-Саламатсыздар ма, оқушылыр!Сыныпта кім кезекші?Бүгінгі сабақта кім жл?
(кезекші оқушы жауап береді)
-Жарайсың, отыра ғой.Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу мақсатында сабағымызды <<Ана тілім - ардағым>> атты әнмен бастайық.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
81-жаттығу, 97-бет
Оқушылар оқиды.
-Балалар, осы оқып тұрғанымыз не?
-Сөйлем
-Олай болса, ережені еске түсірейік.
3.Еске түсіру. <<Мозайка>> құрастыру
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің қандай түрлерін білеміз?
3. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
4. Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?
5. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
6. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
7. Жай сөәлем дегеніміз не?
8. Жай сөйлем неше түрге бөлінеді№
9. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
10. Айылма сөйлем дегеніміз не?
(Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы мозайка құрастырады)
-Жарайсыңдар, балалар,сұраққа өте жақсы жауап бердіңіздер№Олай болса тақтаға назар аударайық.
4.Ой толғау.
-Балалар, мозайка құрастыру арқылы ненеің суреті шықты?
-Қыс
Әр топ қыс туралы өз ойларын ортаға салады
Қыс
Қар жауады.
Күн суытады.
т.с.с
Мұз қатады .
Балалар шанамен сырғанайды.
т.с.с

-Жарайсыңдар , балалар.Қыс туралы бәріміз жақсы біледі екенбіз.Қазір қыс мезгілінің қай айы?
Нешінші жұлдызы? (Балалар жауап береді)
5.Дәптермен жұмыс
-Дәптерімізді ашып, бүгінгі күн жадысы мен сабағымыздың тақырыбын жазып қоялық.
(Желтоқсанның он екісі
Жалаң және жайылма сөздерге жаттығу жұмыстары)
-Балалар, олай болса , экранға назар аударайық.
Сөйлемдерді оқы.
Ауылдан атам келді. Ауылдан нағашы атам келді.
Мал өрістен келді. Мал өрістен ерте келді.
-Бұл қандай сөйлемдер?
-Бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
(Оқушылар жауап береді)
6.Кубизм әдісі арқылы тапсырмаларды орындау.
1-тапасырма. Терме диктант
Жалаң сөйлемдерді теріп жаз.
2-тапсырма. <<Кім шапшаң?>>
Сызба бойынша сөйлем құра?
7.Сергіту сәті
3-тапсырма.
Шығармашылық тапсырма
<<Адасқан әріптер>> ойыны
1-топ - о, н, қ, я
2- топ - ә, г, е, р, і, д, р.
Әр топ құрастырған сөзге төрт жол өлең шығарады.
4 - тапсырма. Жағдаяттан шығып көр.
Қымбатты, балалар, № 1 интернаттың 3- сыныптар арасында жай сөйлемді талдау тапсырмасында <<Маралдың мүйізінен әр түрлі дәрі - дәрмек жасалады>> деген сөйлем берілді.№ 1 интернаттың 3 а сынып оқушылары бұл сөйлемді жалаң сөйлем деп айтып, тұрлаулы мүшелер қатарына жатқызып <<әр түрлі дәрі-дәрмек жасалады>> дегенді жатқызды.Ал сендер, 3 а сынып оқушыларының орнында болсаң, қалай жауап берер едіңдер?
8.Сабақты бекіту
жалаң ортақ жайылма

9.Үйге тапсырма
10.Бағалау

Атырау облысы, Атырау қаласы
№ 4 облыстық мектеп-интернаты
Бастауыш сынып мұғалімі
Мырзашева Гульжанар Тилекбаевна
Пәні: дүниетану
Тақырыбы: Аңдар
Сабақтың мақсаты: Жануарлар тірі табиғатқа жататындығы туралы оқушылар түсінігін кеңейту
Білімділігі: Оқушылар жануарлардың алуан түрлілігі туралы жалпы түсінік беру.Жануарлардың құрлықта, суда, құрлықта да, суда да тіршілік ететіндігін, оларды бір-бірінен ажырата білуге, пайдасын, ерекшелігін, ұқсастығын түсіндіру.
Дамытушылығы: жануарлардың табиғаттағы орнын түсіндіру барысында қоршаған орта жайындағы білімдерін дамыту, өз ойларын толық жеткізе білуге жетелеу.
Тәрбиелілігі: жануарларға қамқорлық көрсетуге, табиғатты аялауға, аяушылық сезімдерін оята отырып, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды оқулы, интерактивті тақта
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Оқу-құралдарын тексеру
3. Назарларын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
-<<Өсімдіктің көбеюі>>
А) (оқушылар тақтаға шығып, сурет арқылы үй тапсырмасын айтады)
Ә) Үй тапсырмасын қорыту
Сұрақ-жауап
ІІІ.Қызығушылықты ояту
А) -Балалар, сендер қандай жануарларды білесіңдер?
-Жануарлар туралы ертегі тыңдағыларың келе ме?
-Иә
-Олдай болса, жаңа сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге <<Жыл басына таласқан хайуанаттар>> ертегісін оқып берейін.Зейін қойып тыңдаңыздар!
(Ертегіні оқып беру)
-Балалар, ертегі ұнады ма?
-Ұнады
-Ертегі не жайында болды?
-Жануарлар туралы
-Жыл басына таласқан хайуанаттардың атын атап көріңдерші
(оқушылар айтады)
-Осы хайуанаттардың ішінде қайсысының төлін білесіңдер?Оларды қалай атайды?
Ә) Суреттер көрсету арқылы бұларды <<Үй жануарлары мен хайуанаттары>> деп аталатынын түсіндіру.
Қой сүйеді баласын <<Қоңырым>> - деп,
Ештеңені білмейтін <<момыным>> - деп.
Ешкі сүйеді баласын: <<Лағым>> - депа,
Тастан-тасқа секірген <<шұнағым>> -деп.
Сиыр сүйеді баласын <<Торпағым>> - деп,
Қараңғыға баспаған <<қорқағым>> - деп.
Неге үй жануарлары деп аталады? Ойлан!
(балалардың жауабы тыңдалады)
Мұғалім:
-Үй жануарлары да ерте кезде жабайы жануарлар болған екен.Оларды адамдар біртіндеп жем, шөп, су беріп қолға үйреткен екен.Оларға жылы қора салып, қорада ұстап үйреткен.Осы үй жануарларының адам өмірінде маңызы зор екен.Жесе - тамақ, мінсе - көлік, жүнініен, терісінен киімдер аламыз.Сондықтан адамдар оларға аса қамқорлықпен қарайды.қыста жылы қорада ұстап, жем-шөп, су беріп асырайды екен.

ІҮ.Сергіту сәті <<Төлдер>> әні
Ү.Жаңа сабақ
-Балалар олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы <<Аңдар>>деп аталады.Ендеше, балаалар,Электронды оқулықтан <<Жануарлар әлемі>> туралы тыңдап көрелік.
(ЭО жануарлар әлемі туралы түсініктемені тыңдату)
Сұрақ-жауап
Жануарлар табиғаттың қай түріне жатады?
Жануарлар немен қоректенеді?
Олардың тіршілік ортасы туралы не білеміз?
Неге жабайы аңдар деп аталады?
Оларға не жатады?
Балалар, <<Жануарлар әлемінде>> қандай жануарлар болатынын топтап көрейік.

Жануарлар әлемі
сүтқоректілер балықтар
құстар бунақденелілер

жорғалаушылар
-Яғни, балалар, біздер осы жануарлар әлемінің ішінен аңдар туралы өтіп жатырмыз.
-Балалар, ойланыңыздаршы!
-Осы аңдар, үй жануарлары балаларын немен қоректендіреді деп ойлайсыңдар?
-Сүтпен
-Дұрыс айтасыңдар.Сонда жабайы аңдар да, үй жануарлары да балдарын сүтпен қоректендіреді екен.Сондықтан оларды сүтқоректьілер деп атаймыз.
ҮІ. <<Өз үйіңді тап>>
-Олай болса, мына хайуанаттарды әрқайсысын мекеніне орналастырайық.Үй жануарларын қор-жайға, жабайы жануарларды орманға.
-Өте жақсы,балалар!Осы жануарлардың суретіне назар салып қарайықшы.Мына балық пен көбелектің суретіне қарайық.Терісі қандай екен? (Оқушылар айтады)
-Ал енді, балық пен көбелектің аңдардан айырмашылығын айтайық.
Аңдардың басқа жануарлардан ерекшелігі - терісі жүнмен, қылмен жбылған жануар екен.
-Балалар, осы жануарлар қай мезгілде төлдейді екен?
-Көктемде
-Ал үй жануарларын балалайды дейміз бе, әлде төлдейді дейміз бе?
-Төлдейді дейміз
-Ал жабайы аңдарды ше?
-Балалайды.
ҮІІ.Сәйкестендіру
Түйе лақ Аю лақ
Жылқы бұзау Қасқыр көжек
Қой құлын Қоян бөлтірік
Сиыр бота Түлкі қонжық
Ешкі қозы Бұғы, бөкен күшік
ҮІІІ.Шығармашылық тапсырма
-Балалар, жануарлар туралы өлең тақпақ білесіңдер ме?Қане, кім айтады?
(оқушылар айтады)
Жұмбақ жасыру
ІХ.Сабақты қорыту
Аңдардың басқа жануарлардан ерекшелігі
Терісі жүнмен, қылмен жабылған

Жануарлардың екі топқа бөлінуі
Жабайы жануарлар
Үй жануарлары

Ал үй жануарларын балалайды дейміз бе, әлде төлдейді дейміз бе?
Жабайы аңдарды ше?
балалайды
Төлдейді

Үй жануарлары, жабайы жануарлар қайда болады?
Орманда, тауда
Қорада

Балаларын немен қоректендіреді?
Сүтпен

Сүтқоректілер
Жабайы жануарларды және үй жануарларын бір сөздеп не деп атаймыз?

Х.Үй тапсырмасы
ХІ. Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Қамқор болып өсемін
Бәріне ортақ шуағым
Тапқышбектің бірінші тапсырмасы
Жүректің жұмысы
Ата аналар жиналысы "мәдениеттілік"
Белгісіз үшінші қосылғышты табуға берілген есептер
Ұстазым менің
Ұлыдан ұлағат тәрбие сағаты
Жеңіс келді алақай
Сұлтан қалиев
Пәндер