Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Менің жанұям

<<Әже>> ән орындайтын:
--------------------------------------------------------------------------------

Сабақтың тақырыбы: Менің жанұям
Сабақтың мақсаты: Ата-ананың адам өмірінде алатын орны ерекше екендігін, ата-ананы құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына сіңіру Дамытушылық: Ата-ана ұғымын түсіндіру арқылы балалардың ата-анаға деген қадір, құрметін тереңдетіп, нақты ұрпақ санасына түсіндіру. Тәрбиелік: Оқушыларды салауатты өмір сүруге, адал болуға, Отанға, халқына отбасына адал еңбек етуге, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, сынып ынтымақтастығын қалыптастыру, жұмыстарға тарту, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, сабақ арқылы ата-ана еңбегін аялауға тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер,өлең оқу, ән, би, шарлар, көрніс Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Сәлемдесу, сабақтың мақсатын хабарлау. жүргізуші:Армысыздар ардақты ұстаздар! Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар! Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.
Отбасындағы ең қымбат адамдар.
Құт береке атаң қымбат,
Мейірімді әжең қымбат,
Асқар тауың әкең қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат дей отырып кезекті <<Ана>> жайлы әнге береміз орындайтын

Жүргізуші:Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді.
. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғымды пайдалабағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы; <<Еңбек- өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі>>, << Еңбек - түбі береке>>, <<Үнемшілдік-сараңдық емес>>, <<Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның>>, <<Сараң дүниенің малын жыйса да тоймайды>> деген мақалдары дәлел бола алады. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.

Абайдың: <<Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік>>, - дейтіні содан шығар.
Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді.
Ендігі кезекті <<Есірткіге әуес болған бала>> жайлы көрніске береміз
Жүргізуші: Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне <<сен>> деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептеген. Ата-әжелеріміз отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастырған. Ал ағылшын ата-әжелері өз немерелерін өте жақсы көргенімен, тек сенбі, жексенбі күндері ғана немерелерін қонаққа шақырып, күтеді немесе ата-аналары демалыста жүргенде бір-екі апта ғана немерелеріне қарайды. Бірақ олар тегін және үнемі бала бағушы болуға ешқашан да келіспейді. Ал біздің қазақ халқында ата-әжелеріміз болса немерелерін өз балаларынан артық көрген Немересін жаннан артық көретін,
Екі еткізбей бәрін алып беретін.
Әжелердің құшағында күн иісі
Еркелігі үзілместен күлетін.
Немерелер бақытты осы неге тым,
Немересін көз қуаныш көретін,
Ата-әже бар бұл жалғанда бақытты
Ертегіден қиял жасап беретін.
Жүрегіңе қайырымдылық себетін,
Мейірімін аямастан төгетін,
Аман болсын,әжетайым,ертеңім,
Дәл өзіңдей бар асуды жеңетін. дей келе осы орайда бүгінгі біздің сынып сағатымызға қонақ болып келіп отырған әжемізге сөз кезегін берейік 1.Әже отбасында немерелеріңізге деген ең басты ұстанатын тәлім тәрбиеңіз жайлы айта кетсеңіз?
2. Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолымен жасаған бір затын сыйлағанды жөн көресіз бе? 3.Жоғарыда көрсетілген көрніске қандай пікіріңізді білдірер едіңіз? Жүргізуші: Ақжаулық жарасар басыңдағы,
Молайыпты ақ түсің шашыңдағы.
Зор байлықсың ең қымбат ортаймайтын,
Ақыл кені,әжетай,қазыналы.
Ауырмастан шауып әркез жүре бер,
Мейрамдарды күнде тойлап күле бер!
Қарттық сенің қайратыңнан қайрылсын
Отбасыңда бақытты өмір сүре бер! Жүргізуші: Егер жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз ішінде тұйық халық. Олардың отбасындағы әр адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды. Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны-өз үйінен де жақын, яғни берік қамалмен тең. Басқа халықтар үшін жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті жақындарына көмек көрсетуді өз жауапкер- шіліктеріне алмайды екен. Жүргізуші:Ағылшын халқында ең алғашқы сәби дүниеге келісімен (бай болса да) отбасындағы бар байлық тек сол балаға ғана мұраға беріледі. Оның басқа іні, сіңлілері болғанымен оларға ештеңе берілмейді олар өз тірліктерін өздері жасайды. Француздар мен немістерге қарағанда ағылшындар қыз баланың жасауына да аз көңіл бөлген. Олар баланың өмірін қамтамасыз еткеннен гөрі, олар талпынған сәтте ұядан итеруге әрекет етіп, өздіктерінен ұшуға жағдай жасайды. Ал қазақ халқында ата-аналар балаларына үнемі қамқорлық жасайды және үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқтығымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Тағдырдың кеуде тосып жартасына,
Біз үшін түскен майдан ортасына,
Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз
Біз бүгін әкелердің арқасында деп сөз кезегін әкемізге береміз айтыңызшы
1.Тәрбие ісінде отбасының рөлі қандай деп ойлайсыз?
2.Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата- аналарға не айтар едіңіз?
Жүргізуші: Олай болса тақтаға қарап мына сұрақтарға жауап берейікші
1.Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана).
2. Адамның өмір сүру ортасы (қоғам).
3. Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатыгездік).
4. Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі (сенім).
5. Адамды билейтін де, илейтін де нәрсе (орта).
6. Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық).
7. Адам іс-әрекетін қозғаушы күші (қажеттілік).
8. Адам дарындық қасиетін анықтайтын сипаты (психология).
9. Адам бойындағы асыл қасиет (әділдік).
10. Ең асыл қасиеттердің бірі (ерлік).
Жүргізуші:
<<Анаға тілек>> оқитын Жолдасбаева Айгерим
Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан,
Ананың биік тұғыры - анадан туған бар адам.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған
Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам
Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам - кешірген,
Тілін алсам - айналған, күнәм болса - өшірген,
Ақ анашым, анашым, саған тәнті бала шын!
Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем - жылапсың
Шыңға шықсам - қуанып, мен құласам - құлапсың,
Ақ анашым, анашым, сендей бар ма жанашыр?
Кезекті:Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға анамыз келіп отыр ендігі сөз кезегін сол анамызға берейік
1.Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада>>, - демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, ұл-қыздар бұрын да болған, қазір де жоқ емес. Осыған сіздің көз қарасыңыз қандай?
2. Ұрпақ тәрбиесінде не нәрсеге аса мән берген жөн деп ойлайсыз?
3. Қазіргі жастарға көңіліңіз толама?
Жүргізуші: Мақалдарды жалғастырыңдар.
1.Ауылдан асқан байлық,
--------- қымбат қазына жоқ. /кітап/
2.Талапсыз жас,
Қанатсыз-----. /құс/
3. ------- қылығымен көркем. /қыз/
4. Білім - теңіз, ------ кеме. /мектеп/
5. -------- көңілі балада. /ананың/
6. Сөз тапқанға - --------- . /қолқа жоқ/
7. Жақсы сөз - ------------ . /жарым ырыс/
8. Ине көзінен сынады --------- . /шешен сөзінен сынады/
9. Отан- -------- басталады. /отбасынан
Жүргізуші: Ата - аналарға:
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар.......... (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды............ (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без..........(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер............... (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың............. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)Балаларға:
1. Жығылып жатып...........(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа............(келер басыңа)
3. Ауру қалса да ............(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала...............(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең............(ұшқанда соны ілерсің) Жүргізуші:
Ақыл бұлақ асыл Әжем не деген,
Кеңейеді тыңдап көңіл керегем.
Өмір бойы мақтан етіп өтемін,
Сен диқансың ақыл дәнін себеген
Ана десем, сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Әке сенің үлгіңді қайталадым,
Өнегеңді өсиет деп айта аламын.
Өзің берген өрнекті ойларыңды
Жақсы іске басшы болып қайтарамын
Сендерге қарап ап біз бой түзейміз,
Сендерге қарап ап біз ой түзейміз.
Сендерше жақсылыққа ұмтыламыз,
Сендерше қайсарлыққа ұмтыламыз.
Қорытынды: "Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет" демекші, сыйласу арқылы бірлікте өмір сүреміз.
Еркелігімізді,қателігімізді түсініп кешіре білген дер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке- шешеміз.
Бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан
үміттенемін.
Өмір деген даңғыл жол,
Тәттісі мен мәні де сол.
Білім менен тәрбиені
Бойларыңа сіңіретін бол!
Жаңа сипаттағы сабақпен,
Білімдерің асып, толыңдар!
Адамгершіліктерің биік боп,
Үлкен азамат болыңдар

Конец формы
--------------------------------------------------------------------------------
Начало формы

+3дауыс
--------------------------------------------------------------------------------
Конец формы
3.

/
Дүниеде жалғыз
Аналарға арнау
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар -- Ақ Еділ, Жайықсыздар --
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.

Өр десек те сіздерді, -- лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, -- лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, -- лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, -- лайықсыздар.
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Сіздер -- Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер -- өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер -- ана, сіздер -- жар, сіздер -- қыздар,
Сіздер -- жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

Сіз - теңіздің бастауы бұлақсыз,
Біз-көлдің сәні құрақпыз.
Сіз - сөздің басы сұрақсыз,
Біз - өміріңіздің байлауы, соңыңыздағы тұрақпыз.
Сіз - таудың шыңысыз, әке!
Біз - сіз еккен баудың гүліміз.
Кілеміңіздің өрнегі сынды ұл-қыздарыңызбыз, әке
"Әке - балаға сыншы" деген,
Өзіңізге мәлім қылығымыз бен тіліміз!
Үйіміздің шуақты нұры аяулы анамыз болса,
Бәріміздің шырқап айтар ән-жырымыз - асқар тау - Папа, сізсіз! Ақылшы тірегіміз де Өзіңізсіз!
Бүгінгі тойыңызбен Сізді шын жүрегімізбен құттықтап, сізге ұзақ ғұмыр тілейміз! Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.

Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.

Бақыттың, қуаныштың көзісіңдер,
Ізгілік, ілтипаттың өзісіңдер.
Қақа жарған қара қылды әділ бидей,
Түп-түзу ақиқаттың тезісіңдер.

Сабырға, ақылға да жетіксіңдер,
Тас түйін байлаусыңдар, тетіксіңдер.
Бар өмір бағыт алған өздеріңнен,
Жалын ап от ұшқынды көздеріңнен.

Сендерге қарап ап біз бой түзейміз,
Сендерге қарап ап біз ой түзейміз.
Сендерше жақсылыққа ұмтыламыз,
Сендерше қайсарлыққа ұмтыламыз.
Әке-шешесі:
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, - депті баласы. <<Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды>>,- деген бар емес пе? Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған.

Барлық сенің үлгіңді қайталадым,
Өнегеңді өсиет деп айта аламын.
Өзің берген өрнекті ойларыңды
Жақсы іске басшы болып қайтарамын.
Казыналы кенішсің байқағаным,
Таңданумен басымды шайқағаным.
Жақсы тілектер легі таусылмайды
Жазып,сірә, бітер ме екен жай қаламым.

АЛАШЫМДЫ аймалап əппақ арай,
Болмасын жауға таба, жатқа малай.
Күн түбіне жол тартқан қазақ көшін.
Оң жолына бастасын хақ тағалай.

Ақылжан
Бабамыздан үзілмей көш келеді
Көшке еріп жас ұрпақ өскен еді
Болашақтан жарқын таң қол бұлғайды
Қам қылмайтын өмір бар ештемені.

--------------------------------------------------------------------------------
Начало формы

Қорытынды: "Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет" демекші ,сыйласу арқылы бірлікте өмір сүреміз. Еркелігімізді, аяқ шалынған қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре білген дер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке шешеміз. Бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасыммен мақтан тұтамын.
--------------------------------------------------------------------------------
Конец формы

Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің сұрақтарына жауап
Қуанышты отбасы тыныштық сәті
Тренинг жоспары
Жанұям-қорғаным,ата-анам-тірегім!
Мен, мектеп және жанұям
Лексика. омоним. синоним. антоним. 5-сынып
Зейін қасиеттері
Негізгі және туынды сын есім
Слайдтың белгіленуін таңдау
Слайдтарды демонстрациалау
Пәндер