Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Тақырып Жаңа жыл мерекесі
Жаңа жыл мерекесі
Мальвина:
- Буратино, буратино, буратино.
- Ой, Сәлеметсіздер ме?
- Буратиноны көрмедіңдер ме? Буратинодан ажырап, адасып қалдым ғой.
- Ой, ой, ой неткен әдемі шырша, неткен самсаған әсем ойыншықтар, неткен сұлулық?
Ән: Шырша әні
Мальвина: Құрметті ата - аналар, мұғалімдер, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Келе жатқан Қой жылы бәріңізге бақыт, шаттық, береке бірлік әкелсін!
Мыстан кемпір:
-ха-ха-ха, мальвина!
-Тағы да менсіз жаңа жылды өткізейін деп жатырсындар ма?
-Әрине мен бәріңді қатырдым.
Сендердің көптен күткен жаңа жылдарын өтпейтін болды.Себебі мен Жаңа жылдың аса да маңызды қонақтарын Аяз ата мен Ақшақарды торға қамап кеттім.Оның кілті менде! (Көрсетеді)
-Мен бүгін өте қатты сендерге ашулымын!
-Ол кілтті сұрамандар,бәрібір бермеймін!
Мальвина:
-Мыстан кемпір, бұл не дегенің? Сонда жаңа жыл мерекесі болмай ма?
Буратино:
-Мальвина, қалайша жаңа жыл мерекесі болмайды?Аяз ата мен Ақшақар қайда?
-Неге олар кешігіп жатыр?
Мальвина: Мыстан кемпір Аяз ата мен Ақшақарды торға қамап кетіпті және оның кілті мыстанның мойнында.
(Мыстан кемпір орындықты алып,шыршанын жанына барып отырады.)
Буратино:
Мүмкін біз мыстан кемпірге ән айтып, би билеп, оны шаршатамыз?
Мальвина:
-Балалар, сендер Аяз ата мен Ақшақардың келуін қалайсыңдар ма?
-Ендеше мыстан кемпірді шаршатып,ұйықтатуымыз керек.
-Сендер ән айтып, би билеуге дайынсыңдар ма?
Ән: Шырша жыры
Би: Буги-вуги
Ойын: Шыршаны айнала жүгір.
Мальвина:
-Қап, мына мыстан кемпір шаршайтын түрі жоқ қой, неткен мықты адам?
Буратино:
-Мальвина, маған бір ой келді.Мүмкін менің биімді билейміз. Ол үшін маған балалардың көмегі керек.
Би: Буратино 3-сынып
Мыстан кемпір:
-Уф, белім-ай, қартайғанның белгісі осы екен-ау!
-Маған тезірек орындық беріңдерші.
(Мыстан орындықта маужырап отырады)
-Балалар, сендер әнді жақсы орындайсыңдар екен.
-Маған тағы да бір жақсы ән айтып беріңдерші.
Ән: Жаңа жыл
Буратино:
-Түш,түш,түш. Тыныш-тыныш.Мыстан кемпір ұйықтап қалыпты ғой.Енді тездетіп барып, кілтін алайық.
(Буратино барып, кілтті шешіп алады.)
-Ал енді кілт біздің қолымызда. Мен барып Аяз ата мен Ақшақарды босатып, осында алып келейін.
Бізді күтіңдер!-деп буратино кетіп қалады.
Мальвина: Буратино Аяз ата мен Ақшақарды босатып алып келгенше,біз бір ойын ойнайық.
Ойын: Қаршық.
Мальвина:
-Балалар, Аяз ата мен Ақшақар келіп қалыпты.Ал енді біз Аяз
ата,Ақшақар деп оларды қатты айқайлап шақырайық.
Барлығы: Аяз ата, Ақшақар!!!!!(Хормен шақыру)
Аяз ата мен Ақшақар келеді.....
Аяз ата: Амансың ба ұлдарым,
Амансың ба қыздарым.
Жүздерің қандай жарқын,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан,
Өздеріңе оралдым.
Ақшақар: Сәлеметсіздерме балалар! Атам екеуміз сіздерді Жаңа жылмен құттықтауға келдік.
Мыстан кемпір оянып, кілтін іздей бастайды.
Мыстан кемпір:
-Ах,сендер мені тағы да алдадыңдар ғой.Мен қалай ұйықтап қалдым?А?
-Әлде, балалар, сендер маған бір нәрсе беріп, ұйықтатып тастадыңдар ма?
Аяз ата:
-Әй, мыстан!Бұл жолы қалай ақталар екенсің?Сен ылғи да мерекені бұзуға дайын тұрасын!Бұл жолы не істесем екен сенімен! (Таяғын бір соғады)
Мыстан кемпір:
-Өтінемін сендерден!Мені аяңдаршы, мен енді ешқашан қастандық жасамаймын! (Жылай бастайды)
Мальвина:
-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар,мыстан кемпірді мерекеге қалдырамыз ба?
-ия.
Буратино:
-Ал ендеше бәріміз бірге көңілді ән айтайық.
Ән: Бізге жаңа жыл келді
Мальвина:
-Аяз ата мен Ақшақар, сіздерге балалар өз өнерлерін дайындады. Соны тамашалаңыздар! Сендердің көрсеткен өнерлеріңе Аяз ата сыйлығын береді.
1-сынып тақпақтарын айтады.
2-сынып би билейді
Мальвина:
3-сынып та буратинамен бірге би биледі, оларға да сыйлықтар беріледі.
4-сынып <<Қуыршақтар>> биі.
Ән: Жаңа жыл.
Аяз ата: Ал балалар, мен біраз дем алдым, сендерге көп рахмет, алыс-алыс мектептерде өздеріңдей балалар бізді күтіп отыр. Сендерге әкелген сыйлықтар шыршаның түбінде тұр.Оны сендерге Мальвина мен Буратино таратып береді.Ал енді бізді шығарып салыңдар. Осы келген жаңа жыл сендерге мықты денсаулық, көп жақсылық әкелсін!
Балалар хормен: Сау болыңыздар!
Буратино: Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын,
Біз тілейміз ақшақардың пәктігін.
Аралаймыз ойларда,
Ару қыстың ақ түнін.
Мальвина: Осымен балалар біздің ойын-сауық ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жылды жақсы оқумен, жақсы көңіл-күймен қарсы алыңыздар!!!
Бекітемін:
Зеленобор мектеп-
гимназиясының директоры:
------------- К.А.Бейсембаева
3-сынып мұғалімі:Султанова А.Е
2014 жыл

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz