Цитология

Бекітемін: Аудандық эксперттік
Ж. Кереев атындағы орта мектебінің комиссия
директоры Салиев С. А
Тақырыбы
Цитология
10 сынып
Пән мұғалімі:Нурмаганбетова Ж. Ж
Түсінік хат
Курс биологиядан өтіліп жатқан материалдарды нақтылау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын мен шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында орта мектепте мемлекттік стандартқа сай білім алу деңгейін қамтамасыз ете отырып 10класқа «Цитология» тақырыптарында арнайы факультатив бағдарламасы 1жылға жасалынды.
«Цитология» бағдарламасы 10класқа қосымша оқытуға арналған.
Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептің дамуы оқушыларды қазіргі жоғарғы технологияны заманға сай, терең білімді азамат, білікті маман ретінде қалыптастыруға бағытталған. Факультативтің негізгі мақсаттарының бірі оқушылардың жас ерекшеліктерін . пәнге деген қызығушылығын, ынта-қабілетін ескеріп, оқу материалдарын сол ерекшеліктерге сай құрастыру. Оқушылар белгілі пәннен өздігінен жұмыс істеуге машықтанған бойда жинақталған энергияны босатуына мүмкіндік туады, шығармашылық белсенділігі артады және ой-өрісі дамып, биология ғылымының құпиясын тереңірек сезінуіне мүмкіндік туады. Жеке тұлғаны бағытталған оқытудың түрлерінің бірі-арнаулы факультативтік курстардың қазіргі заманға бейімдеп оқыту процесіндегі маңызы зор.
Курсты құрастыру кезінде оқушылардың бұдан бұрын алған білімдерін қайталау, бекіту және тереңдете оқытылу мақсат етіп қойылды.
Ұсынылып отырған курстың мазмұны биологияның мектептік курсына негізделіп, биология пәнін тереңдетуде қосымша материалдар енгізілді және сол қосымша материалдардың көмегі арқылы оқушы санасында жалпы дүниеге деген көзқарасы мен түсінігі толық қалыптасады. Теориялық білім жүйесін практикада қолдануға мүмкіндік туғызады.
Бағдарламаның жылдық сағат саны34, аптасына1сағат. Бағдарлама 3 бөлімнен тұрады. Бағдарлама мазмұнында биология ғылымының даму деңгейін ескере отырып, білімнің әр түрлі компоненттері (жаңа ұғымдар мен түсініктер, қызықты мәліметтер мен деректерт. б. ) қамтылады. Соған орай түрлі сұрақтармен тапсырмалар, зертханалық жұмыстар, әңгіме, саяхат сабақтар оқытудың теориялық бөлімімен қатар практикалық жағы да қарастырылған.
Мақсаты:
Оқушылардың «Өсімдіктану», «Жануартану», «Адам анатомиясы мен физиологиясы», «Жалпы биология»бөлімдері бойынша алған білімдерін тереңдете отырып, оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттыру, танымдық дербестігін дамытуға интелектуальдық және практикалық іскерлігін қалыптастыру.
Бағдарламадағы оқытудың міндеттері:
Оқушылардың негізгі оқулықтармен қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу бейімділігін арттыру.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, талдау және жинақтық дағдыларын қалыптастыру.
Бағдарлама бойынша оқушылар нені меңгеру керек:
-негізгі биологиялық терминдерді
-биология ғылымдарының зерттеушілерінің еңбектерін
-биологиялық процестердің заңдылықтарын
-органикалық құрылысы, қасиетін, қызметін
-адам организмі мен қызметін, денсаулық сақтау әдістерін
-тірі организмдердің табиғи қасиеттерін, ұрпақтан ұрпаққа беріп, қайталап отыру заңдылықтарын
Күтілетін нәтиже:
-оқушылардың қисынды ойлауын қалыптастыру, тереңдету
-табиғи обьектілерді, құбылыстарды елеулі белгілері бойынша саралап қортындылау
-Ақпарттық технология негізінде оқытып, электрондық оқулықтарды пайдалануға қол жеткізу.
Бағдарлама бойынша оқушы бойында қалыптасатын іскерліктер мен дағдылар
- Өз пәніне оқушылардың қызығушылығын ояту.
- Педагогикалық шеберліктің шыңына шығу үшін дағды мен біліктілікті шыңдауы.
- Оқушының өзіндік ерекшелігін ашу, дамыту.
- Оқушы бойындағы мүмкіншілігі мен қабілеттерінің ашылуына септігімді тигізу.
- Оқушылардың өмірлік құндылықтары мен мақсаттарын айқындап алуына ықпал ету.
- Оқушылардың интелектуалды, эмоцияналды, рухани дамыған тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.
- Сөздік қорын, еркін ойлауын дамыту.
Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы
«Цитология» 10класс
(Барлығы -34 сағат, аптасына 1сағат)
- Микроскоптың ашылу тарихы.
- Жасуша ұғымы.
- Жасуша теориясының негізгі қағидалары.
- Жасуша теориясын дамытуда ғалымдардың үлесі.
- Тірі ағзаның басты белгілері.
Өсімдіктердің тіршілік әрекеттері. Өсімдіктердің құрылысы, қоректенуі, көбеюі, топырақ құрылымы.
- Жануарлардың тіршілік әрекеті.
Біржасушалы және көпжасушалы жануарлардың құрылысы мен маңызы. Жорғалаушылардың, қосмекенділердің, балықтардың құрылысы мен көптүрлілігі. Құстар мен сүтқоректілердің құрылыстарының ерекшеліктері мен сан алуандығы.
- Адамдардың органикалық дүниедегі орны.
Тірек -қимыл, қанайналым, ішкі секреция бөлімдері, тыныс алу, ас қорыту, көбею, зәр шығару жүйелерінің құрылысы.
- Митоз.
- Мейоз.
- Цитоэкология.
- Цитохимия.
Күнтізбелік жоспар. «Цитология» 10класс. Сағат саны 34 сағат, аптасына 1 сағат
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz