Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қ.Рысбекұлы. Бекзат

Қарағанды облысы, Шет ауданы,
Бұрма ауылы, <<Бұрма жалпы орта
білім беру мектебі>> КММ-нің
бастауыш сынып мұғалімі
Шатекова Карлыгаш Тулеукулкызы

Әдебиеттік оқу (2-сынып)

Сабақтың тақырыбы:. Қ.Рысбекұлы. Бекзат.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға олимпиада чемпионы - Бекзат Саттарханов жайында мәлімет беру, мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру;
2. Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өздік жұмыс істеуге, ізденуге, творчестволық ойлануына ықпал ету.
3. Бекзаттың жеңісі арқылы балаларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, Отанын, елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат болуға үйрету.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Бағытталған оқу, ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, топтық тергеу, сұрақтар қою, топпен және жұппен жұмыс істеу әдістері, семантикалық карта, салыстырмалы карта.
Көрнекіліктер: Бекзаттың, автордың портреттері, карточкалар, слайд, бейнекөріністер.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: а/ Психологиялық ахуал.
ә/ Топқа бөлу. Сурет құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді:
<<Күрес>>, <<Бокс>>, <<Футбол>>
Үй тапсырмасын тексеру: <<Гиннес кітабына кірген қазақ>> Н.Жүсіп
Топпен жұмыс:
1. <<Рекорд>>, <<Гиннес кітабы>> деген ұғымдарды қалай түсінесің?
2. Гиннес кітабына кірген қазақ кім? Ол қандай ерлік көрсетті?
3. Т.Әубәкіровтің ерліктері сенде қандай көңіл-күй туғызды?
- Тағы қандай қазақ ғарышкерін білесіңдер?
4. - Дәптерлеріңді ашып, күн ретін жазып қойыңдар. Енді өткен сабақта Т. Әубәкіров туралы оқыған мәтіннен леп белгісімен жазылған сөйлемдерді теріп жазып алыңдар.
2. Жаңа сабақ:
- Қазақ ғарышкерінің есімі Гиннестің рекордтар кітабына енген болса, біздің қазақ спортшыларымыз да еліміз үшін намысты қолдан бермей Қазақстанымыздың туын көкке көтеріп желбіретіп жүр. Нағыз қазақ атына сай спортшымыз туралы мына бір бейнекөрініске назар аударайық.
Бейнекөрініс(сұрақ-жауап).
Слайд. Бекзат портреті.
<<Бекзат Саттарханов - қазақ боксшысы. Ол 20 жасында бокстан Олимпиада чемпионы атанды>>.
Біз бүгін Қыдырбек Рысбекұлының(портретін көрсету, қысқаша өмірбаянын айтып өту) <<Бекзат>> деген мәтінімен танысамыз.
Бағытталған оқу. - Қазір мәтінді оқисыңдар, мәтіндегі сөздердің көбі өздеріңе таныс. Мәтінді бірнеше үзіліспен оқимыз. Мен тоқтатқанша оқисыңдар, сонан соң оқыған бөлімді талқылап, сұрақтарға жауап береміз.
*Сұрақтары: - Алаңға кімдер шықты?
Рикардо туралы не айтуға болады?
Бекзаттың іс-әрекеті қандай болды?
*Сұрақтары: - Рикардо не сезінді?
- Бекзат туралы Рикардоның ойы қандай болды?
- Рикардоның іс-әрекеті қандай болды?
*Сұрақтары: - Раундтың соңында не болды?
- Рамазан Пашани деген кім?
- <<Қазақстан! Бекзат!>> деген сөздер нені білдіреді?
Сөздік жұмыс: баһадүр - батыр.
Сөзсандығымызды тағы бір сөзбен толықтырдық.
Батыр сөзін қай мерекемен байланыстар едіңдер?
Дұрыс, 9-мамыр - Ұлы Жеңіс күні, біздің бүгінгі тамаша бейбіт өміріміз үшін әрине батыр ағаларымыз бен апаларымызға қарыздармыз. Өткен сабақтарда бірнеше батыр ұл-қыздарымыз туралы оқып кеттік. Кәні, олар, кімдер, кім айтады?
Сергіту (Бейнекөрініс арқылы)
<<Топтық тергеу>>.
Топ ішінде мәтінді өзара талдайды. Балалар мәтін бойынша сұрақтар әзірлейді:
1. Рикардоның осал емес екендігі туралы не айтылған? Сол жолды тауып оқы.
2. Мәтіннен Бекзаттың қимылы туралы не деген? Қимылы суреттелген жолдарды тауып оқы.
3. Мәтіннің соңғы азат жолында не туралы айтты? Тауып дауыстап оқы.
Семантикалық карталармен жұмыс(топтық жұмыс):

Зат есім
Сын есім
Сан есім
Етістік
ұшқыр

Бекзат

орғиды

он бес

Зат есім
Сын есім
Сан есім
Етістік
сенімді

Рикардо

жаудырды

төрт

Зат есім
Сын есім
Сан есім
Етістік
күшті

Мұқан

көтерді

жиырма

3. Қорытынды.
Салыстырмалы карта(жұптық жұмыс).
Мәтінде кім туралы әңгімеленеді? Оның қарсыласы кім? Осы басты кейіпкерлерді салыстыра отырып сабақты қортындылайық.

Бекзат
Рикардо
сезімтал
қайсар
сенімді
дәрменсіз

Тағы қандай спорт жеңімпаздарын білесің? Онда бәріміз чемпиондар туралы ән тыңдап көрейік.
Бейнеклип <<Чемпиондар әні>>
4. Бағалау. Топты бағалау(шапалақ, аяқ тарсылдату).
Оқушыларды бағалау.
5. Үйге: 225-226(223-225) бет, оқу,мазмұндау. Танымал спорт жеңімпаздары жайлы мәлімет жинастыру.

Ұқсас жұмыстар
Бала махаббаты
Оқушының көпшілігі. Оқушылардың кейбірі
Аталар мен аналар
Математика пәнінен МАБ қорытындысы бойынша сапа
Қазақтың ұлттық киімдерін ата
Анамызға еркелеп
Тәуелсіздік жолында
Әріптерді үйреніп
Жұмекен- шалқар дарын
"математик - кәсіпкер" ойыны
Пәндер