Тақырып К дыбысы мен әрпі

Изтелеуова Нұрбибі Хамзақызы
Атырау облысы, Индер ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
Білім саласы: Қатынас
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: К дыбысы мен әрпі
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: « К» дыбысымен таныстыру, « К» дыбысына тіл ұстарта отырып, сөз құрау, жұмбақ шештіру, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды к дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету. Әдемі жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекілігі: к дыбысының баспа түрі, кеспе әріптер, текшелер.
Әдіс - тәсілі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Мотивациялық
қозғаушылық
Шаттық шеңбері: Қолымызды бір сәт түсіреміз,
Оң жаққа созамыз, қолымызды
Сол жаққа созамыз қолымызды
Қолымызды жоғары созамыз, бойымызды сергітіп аламыз
Ұйымдастыру.
Ізденушілік.
Өткен оқу іс - әрекетін қайталау.
Ой қозғау.
а) Дыбыс және әріп дегеніміз не?
б) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жаңа оқу іс - әрекетімен таныстыру.
Кәне, балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқиат тыңдап отырыңдар.
Өз атын өзі шақырады,
Сөйтіп күнді батырады. (Көкек)
Көкек деген сөзінде қандай дыбыс тұр. Кім К дыбысынан келетін адам аттарын атайды ?-Енді осы адам аттарында к дыбысы қай жерде тұрғанын талдайық.
-К дыбысы- дауыссыз дыбыс, көк түсті текшемен белгіленеді.
К дыбысына сурет бойынша өлең жолдарын жаттату.
К дыбысы мен әрпі
Көркем ғой Көктөбе деп,
Ұшып жүр кептер, көбелек
Жайнатып тұр маңайды,
Күн нұры көктен себелеп.
Суреттермен жұмыс:
«Кесе », «Көбелек », «Күшік », «Көкек » дегенде бірінші қандай дыбыстар естіліп тұр?
Қане балалар, осы сөздерді қол шапалақтау арқылы буындап көрейікші.
Әліппе дәптермен жұмыс:
Балалар «К » дыбысы дауыссыз дыбыс. Сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі.
Балалар, Күн сөзінде «К » дыбысы қай жерінде кездеседі.
«Көкек » деген сөзде «К » дыбысы қай жерінде кездеседі?
«Кітап » деген сөзде «К » дыбысы қай жерінде кездеседі?
« К» дыбысының жазылу элементімен таныстыру, жазуға үйрету. (балалардың қолдарынан ұстап көмектесу) Ауада жазу.
Музыка әуенімен төмендегі буындарды әндетіп айту.
Кекілік-ау, кекілік,
Кетіп қалма секіріп.
Ка-ка, ко-ко, ку-ку, ка-ка, ки-ки, ке-ке.
Сергіту сәті:
Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-басым ақылды,
Барлық істі басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым.
Барлық істі тындырған.
«Дауысты ма, дауыссыз ба?»ойыны .
Шарты :Өтілген әріптерді дауысты ма, дауыссыз ба ? Айыра білу. Тақтаға А, о, б, в, г, ғ, д, е. ж, әріптері ілінеді. Топ балалары тез ажыратып қай топ тез көп ұпай жинаса сол топ жеңімпаз болады.
Буыннан сөз құрау.
Ке-
Кө-
Кү-
Мәтінмен жұмыс. Тәрбиеші мәтінді оқып, к дыбысы кездесетін сөзді табады, сол сөздерді буынға бөледі.
Көкен ауылда тұрады. Ауылдың қасында көл бар. Көлдің суы мөлдір, таза. Еркебұлан Назкен көлге шомылып, Еркебұлан балық аулады.
Жұмбақтар шешкізу.
Жұп-жұмыр жоны бар, Инеден тоны бар. Түйреген түрпі, Бұл не?(Кірпі) Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды. (Күн)
Дыбысты естиміз, әріпті көреміз, жазамыз, оқимыз.
Екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыстар.
Күлән, Күлпаш, Кәрім.
« К» дыбысы естіліп тұр.
Сөздің басында кездеседі.
Сөздің ортасында кездеседі.
Сөздің басында да, ортасында да кездеседі.
Буынға бөлу. Ке-се, кө-бе-лек, кө-кек,
Балалар оқулықпен өз бетінше жазуға үйренеді.
Балалармен бірге оқу.
Балалар өрнекті жалғастырып салады.
К
К
К
Үлгі бойынша баспа түрін жазу. Тор көздегі к дыбысына сөз ойлап табады.
Қимылмен көрсету
Ке-ке -се
Кө-кө- кек
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz