Атом орбитальдарының гибридтенуі(sp, sp2, sp3), молекулалар геометриясы, зат қасиеттерінің молекулаларының химиялық, электрондық және кеңістік құрылысына, атомдардың өзара әсеріне, кристалдық торы мен химиялық байланыс типіне тәуелділігі

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған

С. Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ

мектеп -интернат кешені

Химия пәнінің мұғалімі Темиралиева Аяжан Джигеровна

Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы, пәні: 10б, химия
Пән мұғалімі: Темиралиева А. Д
Сыныбы, пәні: 10б, химия: Сабақтың тақырыбы
Пән мұғалімі: Темиралиева А. Д: Атом орбитальдарының гибридтенуі(sp, sp 2 , sp 3 ), молекулалар геометриясы, зат қасиеттерінің молекулаларының химиялық, электрондық және кеңістік құрылысына, атомдардың өзара әсеріне, кристалдық торы мен химиялық байланыс типіне тәуелділігі
Сыныбы, пәні: 10б, химия: Жалпы мақсаты
Пән мұғалімі: Темиралиева А. Д:

- атом орбитальдарының гибридтенуі туралы, молекуланың геометриялық формасы туралы түсініктерді қалыптастыру;

- зат қасиеттерінің молекулаларының кристалдық тор мен химиялық байланыс типіне тәуелділігін, атомдардың өзара әсеріне тәуелділігін, олардың электрондық, кеңістік құрылыстарына тәуелділігін түсіндіру;

- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын

дамытып, ұжымда жұмыс жасай алу қабілетін жетілдіру;

Сыныбы, пәні: 10б, химия: Сілтеме
Пән мұғалімі: Темиралиева А. Д:

Оқулық Химия 10 сынып Авторлары: Н. Н. Нұрахметов, Қ. Б. Бекішев, Н. А. Заграничная. Алматы"Мектеп" 2014 ж Қосымша материалдар: “Анорганикалық және бейорганикалық химия” Ж. Шоқыбаев. Алматы "Қайнар", 1992 ж, Химия 8-11 сыныптар

“Химиядан дидактикалық материалдар” Авторлары: Н. Н. Нұрахметов, Қ. Б. Бекішев, Н. А. Заграничная. Алматы"Мектеп" 2003ж

Сыныбы, пәні: 10б, химия:
Пән мұғалімі: Темиралиева А. Д:
Сыныбы, пәні: 10б, химия: Оқу нәтижесі
Пән мұғалімі: Темиралиева А. Д:

- Гибридтену, молекулалар геометриясы туралы түсінік қалыптастырады;

- Орталық атомның сыртқы электрондық орбитальдарының гибридтенуінің әр түрлі типіне сәйкес келетін молекулалардың геометриялық конфигурацияларын жазып, құрастырады;

- пәнге деген қызығушылығын дамытып, ұжымда жұмыс жасай алу қабілеті артады.

Сыныбы, пәні: 10б, химия: Негізгі идеялар
Пән мұғалімі: Темиралиева А. Д: Презентация, флипчарт, шаблон
Сыныбы, пәні: 10б, химия: Ресурстар және керекті құрал-жабдықтар, реактивтер
Пән мұғалімі: Темиралиева А. Д: Интернет материалын пайдаланады. Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, интерактивті тақта, смайликтер, бағалау парағы, қима қағаздар, рефлексия парағы, тапсырмалар парағы, стикерлер, маркерлер
Сыныбы, пәні: 10б, химия: Оқыту формасы, технологиясы, әдіс-тәсілдер
Пән мұғалімі: Темиралиева А. Д: Үй тапсырмасын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, жетектеуші сұрақтар, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары - Блум таксономиясы, деңгейлік тапсырмалар.
Сыныбы, пәні: 10б, химия: С а б а қ б а р ы с ы :
Сыныбы, пәні: 10б, химия:

Сабақ

кезеңдері

Пән мұғалімі: Темиралиева А. Д: Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Сыныбы, пәні: 10б, химия:

Кіріспе

Психологиялық дайындық

1. Білу

Пән мұғалімі: Темиралиева А. Д:

Ұйымдастыру

- Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау;

- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

- Топқа бөлу: Оқушыларды химиялық байланыстың типтерімен 3 топқа бөлемін. Әр оқушыға химиялық формулалар жазылған қима қағаздар таратылады . Солар бойынша:

І топ: Коваленттік байланыс

ІІ топ: Иондық, металдық байланыс

ІІІ топ: Сутектік байланыс

Әр топ өздерінің топ басшыларын сайлайды. Топ ережесін шығарады. Бағалау парағы таратылады.

Тапсырма № 1. "Ой түрткі" арқылы үй тапсырмасы сұралады.

І топ:

1. Коваленттік байланыс дегеніміз не? Түрлері қандай? Мысалдармен түсіндіріңдер.

2. Коваленттік байланыстың қандай сипаттамалары бар? (қанығуы, полюстенуі, бағытталуы)

3. Ковалентті байланыстың қанығуы деген не?

4. Ковалентті байланыстың полюстенуі деген не?

5. Ковалентті байланыстың бағытталуы деген не?

ІІ топ:

1. Иондық байланыс дегеніміз не?

2. Иондық байланыс пен коваленттік байланыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

3. Металдық байланыс дегеніміз не?

4. Металдық байланыстың кристалдық торы қандай?

5. Металдық байланыс пен ковалентті байланыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

ІІІ топ:

1. Сутектік байланыс дегеніміз не?

2. Сутектік байланыс түзіу үшін қандай жағдайлар қажет?

3. Тірі организмдер үшін сутектік байланыстың маңызы қандай?

Үй тапсырмасын қорытып, жаңа сабаққа көшемін.

Мұғаліммен амандасады.

Оқушылар химиялық байланыстың типтері арқылы 3 топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлайды. Топ ережесін шығарады. Бағалау парағына топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жауап беруіне қарай бағалап отырады.

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді. Флипчартта жазылған тапсырмалар орындалады. Топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалау парағына бағалап отырады.

Оқушы тапсырманы жекелей, жұппен топпен орындайды.

Сыныбы, пәні: 10б, химия:

2. Түсіну

3. Қолдану

Пән мұғалімі: Темиралиева А. Д:

Оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазады.

Сабақ тақырыбы: Атом орбитальдарының гибридтенуі(sp, sp 2 , sp 3 ), молекулалар геометриясы, зат қасиеттерінің молекулаларының химиялық, электрондық және кеңістік құрылысына, атомдардың өзара әсеріне, кристалдық торы мен химиялық байланыс типіне тәуелділігі

Тапсырма № 2.

І топ:

Sp гибридтену, молекуланың геометриясы

ІІ топ:

sp 2 гибридтену, молекуланың геометриясы

ІІІ топ:

sp 3 гибридтену, молекуланың геометриясы

Постер қорғау

Оқушыға қосымша:

Гибридті орбитальдар түзілу үшін мына жағдайлар орындалуы керек:

Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді. Оқулықпен жұмыстанып, интернет материалдарын пайдаланып, әрбір топ өздеріне берілген тапсырманы топтық жұмыспен орындайды. Постер қорғайды. Осы арқылы жаңа тақырып ашылады. Топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалау парағына бағалап отырады. Әрбір топ постер қорғап болған соң бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
Сыныбы, пәні: 10б, химия:
  1. Гибридтелетін электрондардың энергиялары шамалас болуы, яғни олар бір деңгейдің әр деңгейшелерінде орналасуы керек;
  2. Гибридті орбитальдар басқа элементтің электрон бұлттарымен мүмкіндігінше толық қабыса алуы тиіс;
  3. Гибридтелуге қанша орбиталь түссе, пайда болатын гибридті орбитальдар саны да сонша болады;
  4. Гибридтенуге тек ƃ байланысын түзетін электрондар ғана қатысады.
Сыныбы, пәні: 10б, химия: 4. Талдау
Пән мұғалімі: Темиралиева А. Д:

“Кім жүйрік” ойыны

Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай тапсырмалар беріледі. Әр топ тапсырманы бір-бірімен жарыса орындайды.

Тапсырма № 3.

І топ:

СО 2 , ССІ 4 молекулаларының кеңістіктік формуласын құрастыр.

ІІ топ: SO 3 , BeH 2 молекулаларының кеңістіктік формуласын құрастыр.

ІІІ топ: POCI 3 , BCI 3 молекуласының кеңістіктік формуласын құрастыр.

Бағалау. Бағалау парағына топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалайды.

Берілген тапсырмаларды оқушылар жеке орындайды, жұптық және топтық талқылайды, бір-бірін топтық бағалайды жұлдызшалармен. Тапсырманы бірінші аяқтаған топ марапатталады: Жарайсың, сенің қолыңнан келеді!!! (Вербальді бағалау)
Сыныбы, пәні: 10б, химия: 5. Жинақтау
Пән мұғалімі: Темиралиева А. Д:

Тапсырма № 4.

Деңгейлік тест тапсырмасы

A деңгей

1. Әр деңгейшелердегі орбитальдардың пішіні мен энергиясының теңесу процесі не деп аталады?

a) Электрон жұбының ығысуы;

б) гибридизация;

с) иондану;

д) химиялық байланыстың түзілуі.

2 . Атом орбитальдарының гибридизациясы ұғымын алғаш енгізген кім?

a) А. М. Бутлеров;

б) Л. Полинг

с) Э. Резерфорд

д) Д. И. Менделеев

3 . BCI 3 молекуласындағы гибридизация типін көрсетіңіз:

a) sp

б) sp 2

с) sp 3

д) dsp

4 . sp 2 гибридизациясы бар молекулалардың геометриясы қандай?

a) тетраэдр

б) бұрыштық

с) белгілі пішіні жоқ

д) сызықтық

В деңгей

5. Ацетилен молекуласындағы а) гибридтену типін, б) геометриясын көрсетіңіз:

a) sp - сызықтық;

б) sp 2 - бұрыштық;

с) sp 3 - бұрыштық;

д) sp 3 - бұрыштық.

6. Молекуланың кеңістіктегі құрылысы ковалентті байланыстың қандай қасиетіне негізделген?

a) бағытына

б) беріктігіне

с) қаныққандығына

д) байланыс энергиясына

7. BF - 4 ионының кеңістіктегі пішіні қандай?

a) сызықтық

б) бұрыштық

с) тетраэдр

д) үшбұрыштық

8. Мына қатарда гибридтену типі қалай өзгереді?

a) sp → sp 2 → sp 3

б) sp → sp 3 \rightarrow sp 2

с) sp 2 → sp 3 → sp

д) sp 3


Ұқсас жұмыстар
Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі
"Аминдер."
Химиялық байланыстың негізгі түрлері. Ковалентті полюсті және полюссіз байланыстар
Алғашқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар
Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі
Энергетикалық деңгейлер
Екінші оқушыға тапсырма
Химиялық элементтер, атом молекулалар. д.и.менделеевтің периодтық заңы,периодтық жүйенің құрылысы
Химиялық байланыстың негізгі түрлері
Металдар жəне бейметалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz