Қызықты бес пән: колледждегі жаратылыстану пәндері бойынша интеллектуалды ойынның әдістемелік бағдарламасы


Жалпы мәлімет: Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылы, № 9 колледждің МКҚК «Жаратылыстану пәндер» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі және математика пәнінің мұғалімі Жумадилова Эльвира Оразбаевна.

Кештің тақырыбы: «Қызықты бес пән». интелектуалды ойнын.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін дамыту, алған білімдерін пысықтау.

Cабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, плокаттар, эмблемалар.

І . Ұйымдастыру.

ІІ. Сайыстың жоспары:

1-тур. « Топтың таныстыруы, амандасу рәсімі, (эмблема) »
2-тур. «Қызықты бес пән»
3-тур. . «Дода»

4-тур. «Кім жылдам (Ребус) »

5-тур Мақал-мәтелдер сайысы.

6-тур. Жорға (Қасиетті сандар) .

1-жүр: Ассалаумағалейкум құрметті ұстаздар мен студенттер.

2-жүр : Кеш жарық қымбатты көрермендер. Бүгінгі «қызықты бес пән». атты интелектуалды ойнымызға қош келіпсіздер, дей отыра кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

1-жүр:

Бәріне жар салайық.

Бүгінгі ойын төрінде,

Жаратылыстану елінде,

Жаратылыстану тілінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

2-жүр.

Шабыттасып шалқысып,

Есеппен ән салысып

Көңілді ойын жасайық.

Мұнда қызық табылар

Басқалары тағы бар, - дей келе «қызықты бес пән» ойынын бастайық.

1-жүр:Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар:

1-тур. « Топтың таныстыруы, амандасу рәсімі, ұран (эмблема) »
2-тур. «Қызықты бес пән» туралы сұрақ-жауаптар
3-тур. . «Дода» (логикалық және арифметикалық есептер мен жұмбақтар )

4-тур. «Кім жылдам (Ребус) »

5-тур Мақал-мәтелдер сайысы.

6-тур. Жорға (Қасиетті сандар) .

2-жүр:Ал енді осы сайыстарды әділ бағалайтын әділ қазы алқасымен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.

4.

1-жүр: Әділ қазы алқасымен танысып болсақ онда сайсымызды бастаймыз.

бірінші тур, таныстыру (сәлемдесу, эмблема) . Командалар өз топтарына байланысты эмблемаларын әділ қазы алқасына ұсынып, әр топ өздерін таныстырып өтеді. Командалар ортаға келсін. Бірінші команда арифметика, ал екінші команда логика.

2-жүр . Бірінші тур бойынша әділқазылар алқасы бағасын берсін.

1-жүр :Ендеше ортаға ән-шашуымызды қарсалыңыздар.

Ән : «Аспанға қараймын» орындайтын «Баққон» дуеті

2-жүр :2-турымыз бойынша. «Қызықты бес пән» туралы сұрақ-жауаптар.

Математика әлемі, химия әлемі, информатика әлемі, физика әлемі, биология әлемі.

1-жүр: Екінші тур бойынша әділқазылар алқасы бағасын берсін.

Алдарыңызда колледж өнер паздарының орындауында сатиралық қойылымды тамашалаңыздар.

2-жүр : 3-кезең: «Дода»

1-жүр

Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
2-жүр:

Ойын-толқын, жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып
.

1-жүр: Бұл сайыста жәшіктің ішінде арифметикалық, логикалық есептер және жұмбақтар жасырылған. Сайыстың ережесі:Екі топ кезектесіп жәшіктегі сұрақтарға жауап береді, жәшік номеріне қарай сұрақтарыда қиындай түседі. Бағасы жәшік номеріне байланысты. Ендеше жарысқа қатысушыларды ортаға шақырайық.

2-жүр: Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты дей отырып

3-ші тур бойынша әділқазылар алқасынан бағасын сұрайық

. 1-жүр: алдарыңызда «шалқыма » бишілерінің орындауында «Харрезм » биі.

Келесі кезекте Дүйсенов Бақдаулеттің орындауында Сенен басқа кімім бар әнін қарсы алыңыздар.

2-жүр : 4-тур. Кім жылдам (Ребус) Командалар өздерініңдайындап келген ребустарын бір-біріне жасырады (сайыстың уақыты 5-7мин)

1-жүр: Достық пен бірлікті етіп тұлға

Жеңіске жеткен едің талай сында

Қара қылды қақ жарып әділ қазым

Еңбегін тапқырлардың әділ сына

2-жүр :Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем әділдігіне бас иеді күллі әлем

жүйрік озар сайыста неше бір.

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл., дей отырып 4- ші тур бойынша әділқазылар алқасынан бағасын сұрайық.

1-жүр: Келесі кезекте Лесбай Аяуулымның орындауында « Астана » әнін қарсы алыңыздар.

2-жүр : Біліміңнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен. -дей отырып

5-турымызға кезек берейік.

1-жүр: 5-тур мақал-мәтелдер сайысы ( екі командадан бір-бір студентен шығып жарысады )

2-жүр: 5- ші тур бойынша әділқазылар алқасынан бағасын сұрайық.

1-жүр :Алдарыңызда ән: Ұлданай мен Аяулымның орындауында « Көріктім»

2-жүр : 6-тур. Қасиетті сандар.

1-жүр 1 . Жеті санына байланысты 7 ұғымдарды ата.


Ұқсас жұмыстар
Жұлдызды сәт: математика, жаратылыстану және информатика пәндері бойынша интеллектуалды сабақ-ойын
Білгір биолог: биология пәні бойынша интеллектуалды ойынның әдістемелік жоспары
Бастауыш сыныптарға арналған Қызықты жеті пән брейн-ринг ойынының әдістемелік жоспары
Ғажайып ғылымдар патшалығы: жаратылыстану-математика пәндері бірлестігінің онкүндік қорытынды кешінің бағдарламасы
Түркістан көпсалалы медицина колледжі №3 Тапқыр болсаң озып көр интеллектуалдық сайысын жаратылыстану пәндері бойынша әдістемелік өңдеу
Жаратылыстану пәндері апталығындағы МИФ әлеміне саяхат: математика, информатика және физика бойынша танымдық ойын
Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің 2012-2013 оқу жылына арналған Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігі жұмыс жоспары
3-сыныпқа арналған Қызықты математика үйірмесінің оқу-әдістемелік бағдарламасы
Семей қаласы №15 орта мектептің информатика және математика пәндері бойынша интеллектуалды олимпиадасы
Қызықты биология: сыныптан тыс интеллектуалды сайыс сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz