8-сыныптар арасындағы математика пәнінен Брейн ринг сайысының жоспары

в
Математикалық сайыс
8 сыныптар арасында
Математика пәні мұғалімі: Жалмаганбетова Б. Л
Күні:
Мақсаты: Білім алушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттырып, логикалық ойлау қабілетін ширатып, математика тарихы мен математикаға қатысты жұмбақтар шешу дағдысын жаттықтыру
Жүргізуші:
Қош келдіңіздер құрметті қонақтар, білім алушылар! Мектебімізде өтіп жатқан жаратылыстану ғылымдары онкүндігі аясында 8 сыныптар арасында өткелі отырған «Брейн ринг» математикалық сайысын ашық деп жариялаймыз!
Сайыс тәртібі: Екі топ, әрқайсысы 5 қатысушыдан тұрады. Сұрақтарға кезекпен жауап береді. Дұрыс жауап алынбаса, қарсылас топ жауап бере алады. Сайыс жеңімпазын анықтау үшін Әділ қазыны тағайындап алайық.
І тур
«Күш сынасып көрелік!»
- a3-3a2b+3ab2-b3
- a3-b3=?
- (a-b) (a+b)
- 900-тан үлкен, 1800-тан аз бұрыш
- Ең алғашқы әйел математик
- 7 санына байланысты 3 мақал айтыңыз.
- 1 тақ сан ба, жұп сан ба?
- Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым
- 900-тан аз бұрыш
- a3+b3=?
- 100-ді 0-ге бөлгенде неше болады?
- (а-b) 2=?
- Екі көзінен бірдей айырылса да, өзінің өте жақсы есте сақтау қабілеті арқасында еңбегін жалғастырған математик
- 1, 100, 1000 санына байланысты 3 мақал айтыңыз
ІІ тур «СОФИЗМДЕР»
1. X=X-II
2. XXV=XXI+XI
1. X-IX=I
2. XXV=XIV+XI
ІІІ тур «Логикалық есептер мен жұмбақтар»
- Атасы қалғып мүлгиді,
Әкесі зорға жылжиды,
Ағасы-шабан,
Өзі-жорға,
Інісі-жылдам,
Баласы-жүйрік,
Зымырап тұрған.
- Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те қаламыз.
- Біреу алты жылқысына күн сайын 10 келі сұлы беріп жүреді. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді: биеге- 3 келі, құнандарына - 2 келіден, ал тай басына 1 келіден жем береді. Сонда бие
нешеу, құнан нешеу, тай нешеу?
- Табаға бір салғанда екі самса салуға болады.
Самсаның бір жағының пісуіне 1 минут,
екінші жағының пісуіне 1 минут
жиыны2 минут кетеді. Үш самсаны
3 минутта қалай пісіруге болады?
ІV тур «Сөз құрау»
“АРИФМЕТИКА”
сөзінің әріптерін пайдаланып сөздер құрау керек. Бір әріпті 2 рет пайдалануға болмайды!
VІ тур «Құпия қара жәшік»
Қытайлықтар бұл затты СУАНПАН деп, ал жапондықтар СЕРОБЯН деп атаған.
Есептеуіш құрал.
Көмек - 101 түйме, 11 ине ЕСЕПШОТ
VІІ тур «Әзіл есептер»
- Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
- Бір таяқтың екі ұшы бар.
Екі таяқтың неше ұшы бар?
Бес таяқтың неше ұшы бар?
Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?
Жеңімпаз топты анықтау