Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Тіл мен әліппе

Қарағанды облысы , Шахтинск қаласы
<<Шахтинск қаласы әкімдігінің №1 гимназиясы>> КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Танабаев Сакен Нуркешевич

Сабақтың тақырыбы: Тіл мен әліппе
Сабақтың мақсаты: а) Сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгуіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын ақпараттық құзыреттілігіндамыту.
ә) Сәттілікке жеткен тұлға көрсеткіші сияқты пәнді сапалы түрде меңгеруге ынталану және қызығушылығын таныту. б) Тілге құрмет ете білуге баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: отырған орындар бойынша сұрақ-жауап \МПМ/
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі. А) Сәлемдесу. Ә) Кезекшімен сұхбат. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
І. Үй тапсырмасын тексеру
Балалар, бүгін біз сабағымызды <<БИС>> технология бойынша өткіземіз, сендердің жауаптарын мына отырған орындар бойынша бағаланып, дұрыс жауаптарын \+\, ал бұрыс жауаптарын \-\ деген таңбалар қойылады,сондықтан сабаққа белсенді қатысуларыңды сұраймын.
1 белгі. Өткен тақырыпты қайталауға арналған сұрақтар:
1. Сан есім неше мағыналық түрге бөлінеді? 6 түрге бөлінеді
2. Қазақ тілінде неше септік бар? 7 септік бар
3. Қазақ тілінде неше жалғаудың түрі бар? 4 түрі бар
4. <<Алтау>> деген сөз қандай сан есімнен жасалған? Жинақтық сан есім
5. Орфографиялық сөздіктің міндеті қандай? Сөздердің жазылуы
6. Қазақстан Республикасының <<Тіл туралы>> Заңы қанша тараудан тұрады? 6
7. Осы шақ нешеге бөлінеді? 2-ге
8. Тұйық етістік қалай жасалады? - у жұрнағы арқылы
9. Ілік септіктің сұрақтарын ата.
10. Барыс септіктің жалғауларын ата.
11. <<Ертегі>> сөзінде неше буын бар? 3
12. <<Жаздай>> сөзі қандай буыннан жасалған? Бітеу буыннан
13. Қазақ тілінде неше әріп бар? 42
14. <<Тіл туралы>> Заңы қашан қабылданды? 1989 жылы 22.09
15. Сенің ана тілін қай тіл?
16. Сен қазақша сөйлесің бе?
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Тіл мен әліппе
Сабақтың мақсаты: Сабақта норматив талабына сай оқу материалын 63% меңгуіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын ақпараттық құзыреттілігін дамыту
II. Сөздермен жұмыс орындау.
(Тақтада сөздер жазылады осы сөздерді естеріне сақтап, 30 секунд ішінде, орындарын ауыстырмай жазу керек 7 сөз болуы тиіс)
2 белгі. Тірек - сөздермен таныстыру: Емтихан, қолайлы, қытықтау, мекен, сұқпау, жақтырмау, қауіпті.
ІІІ. Мәтінмен жұмыс: (оқушыларға мәтінді оқуға 3 минут уақыт беріледі)
Лексикалық тақырыбы: Ертегілер әлемінде.
3 белгі. Ертегілер әлемінде мәтіні бойынша сұрақ- жауап:
1.
2. Тіл мен Әліппе ойласып, емтиханды қайда алатын болып келісті?
3. Бүл қандай жер еді?
4. Ағаштар не істеді?
5. Бақ кімнің мекеніне айналды?
6. Кімді сирек қабылдайды?
7. Кімнің алдында батылы жетіп, бас сұқпайды?
8. Елге қандай адам?
9. Не жазып жүрсің? - деп кім атты?
10. Ол қалай сөйлеп кетті?
11. Тіл қандай ғылым?
12. Оны зерттеуге кімнің өмірі жетпейді?
13. Осы кезге дейін не істелінді?
14. Жақында қандай кеңес өткізілмек?
15. Мен онда қандай баяндама жасамақпын?
16. Әліппе не деді?

IV. Сыни- тұрғыдан сұрақтар: 4 белгі.
1.
2. Тіл мен Әліппе ойласып, емтиханды сыныпта алатын болып келісті -
3. Бүл ауасы таза жер еді +
4. Ағаштар гүлдеді. -
5. Бақ Әліпенің мекеніне айналды. -
6. Әліпені сирек қабылдайды.+
7. Әліпенің алдында батылы жетіп, бас сұқпайды.-
8. Елге сыйлы адам.+
9. Не жазып жүрсің? - деп Тіл атты. -
10. Ол шешіле сөйлеп кетті. +
11. Тіл - сарқылмас ғылым. +
12. Оны зерттеуге екі адамның өмірі жетпейді. -
13. Осы кезге дейін аз жұмыстар істелді. -
14. Жақында тіл мәселесі жөнінде кеңес өткізілмек.+
15. Мен онда баяндама жасамақпын. +
16. - Қайда жүрсеңіз де жолыңыз болсын! - деген Тіл риза болды. -

V. Сөздік қоры: (56 сөз) 5 белгі.
Ал, енді ,балалар, кітаптарыңды жауып, бүгінгі сабағымызда қандай сөздер естеріңде қалды соның барлығын дәптерлеріңе жазыңдар. 5 минут өткен соң оқушылар дәптерлерін ауыстырып, неше сөз жазғанын айтады.
Бекіту: - Ал, енді оқушылар сабақта өздеріңді қалай сездіңдер шыршаға іліндер.
Бағалау: Сабақтың соңында неше (+) және неше (-) алғандарын мұғалім оқушылармен санап, бағасын айтады.
<<5>> - 4, 5; <<4>> - 3; <<3>> - 2; <<2>> - 1
Рефлексия: Ой толғаныс <<Бүгінгі менің сабақтағы көңіл күйім>>. Оқушылар стикерлерін тақтаға жабыстырады.
Үй тапсырмасы:
226 бет. Мәтінді мазмұндау.
227 бет. 3-тапсырма. Жазбаша орындау

Ұқсас жұмыстар
Қош бол, менің қасиетті әліппем ( ертеңгілік )
Ертегілер әлемінде жайлы
Қош, сүйікті Әліппе
Қош болыңдар балалар
Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа 1 сынып әліппемен қоштасу кеші
Білімнің бастауы болған Әліппеден
Әріптер қалай пайда болған
Тойымыз тойға ұлассын
Әліппемен қоштасу мерекесі. Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-беру дағдыларын көрсету
Әліппемен қоштасу 1 сынып
Пәндер