8-сынып. Практикалық жұмыс №1: Денені қыздыру/суытуға қажетті немесе бөлінетін жылу мөлшерін есептеу және заттың меншікті жылусыйымдылығын анықтау

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : Практикалық жұмыс №1

Денені қыздыру үшін қажетті немесе оны суытқанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу. Заттың меншікті жылусыйымдылығын анықтау

Сабақтың мақсаты :

Оқушылардығ аталған тақырып бойынша алған теориялық білімдерін тексеру және осы тақырып бойынша есеп шығару қабілеттерін кеңейту

Сабақтың түрі: білімді бекіту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, есептер шығару

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тест жұмысы, деңгейлік есептер

Пән аралық байланыс : жаратылыстану пәндері

Сабақтың барысы :

1) Ұйымдастыру (1 минут)

А) Оқушылармен сәлемдесу, тексеру

Ә) оқушылардың оқу құралдарын тексеру

Б) сыныптың назарын сабаққа аудару

2) Үй тапсырмасын тексеру (7 минут)

сұрақ-жауап (фронтальды түрде)

1. Жылулық қозғалыс дегеніміз не?

2. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

3. Диффузия құбылысы, маңызы

4. Температура, өлшем бірлігі, шкалалары және олардың арасындағы байланыс

5. Жылу берілу дегеніміз не? Оның түрлері

6. Жылу мөлшері, өлшем бірлігі

7. Заттың меншікті жылусыйымдылығы нені сипаттайды?

8. Отын түрлері. Отынның меншікті балқу жылуы

3) Жаңа білімді игерту

А) Жылу құбылыстары тарауы бойынша тест жұмысы (15 минут)

1. 100 ºC ретінде қандай температура алынған?

а) мұздың температурасы;

в) қалыпты атмосфералық қысымдағы мұздың еру температурасы;

с) қайнап жатқан судың температурасы;

д) қалыпты атмосфералық қысымдағы судың қайнау температурасы;

е) тұз араласқан мұздың еру температурасы.

2. Электроплитадан оның үстінде тұрған ыдысқа жылу берілу тәсілдері

А) жылуөткізгіштік

В) конвекция

С) сәулелену

Д) жылуөткізгіштік пен сәулелену

Е) конвекция мен сәулелену

3. Дененің ішкі энергиясының өзгерту тәсілдері

А) жұмыс істеу

В) жылу алмасу

С) энергия алмасу

Д) жылу алмасу және жұмыс істеу

Е) дененің ішкі энергиясы өзгермейді

4. Батарея арқылы бөлмені жылыту жылуберілудің қай түрі

А) жылуөткізгіштік

В) конвекция

С) сәулелену

Д) жылуөткізгіштік пен сәулелену

Е) конвекция мен сәулелену

5. Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама

А) температура

В) тығыздық

С) масса

Д) қысым

Е) күш

6. Диффузия дегеніміз не ?

А) бір зат молекуласының басқа бір зат молекулаларымен араласуы

В) зат молекулаларының жылулық қозғалысы

С) зат молекулаларының ретпен қозғалуы

Д) зат молекулаларының өзара әсерлесу күші

Е) зат молекуларының ретсіз қозғалысы

7. Меншікті балқу жылуының өлшем бірлігі

А) Дж/кг

В) Дж/кг*К

С) Дж*м

Д) Дж/м*кг

Е) Дж/К

8. Пышақты қайрағанда оның ішкі энергиясы

а) өзгермейді

в) жылу берілу арқылы кемиді

с) жылу берілу арқылы артады

д) жұмыс жасау арқылы артады

е) жұмыс жасау арқылы кемиді

9. Массасы 1 кг затты 1 0 С қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет анықтайтын физикалық шама

А) меншікті жану жылуы

В) меншікті жылу сыйымдылығы

С) меншікті булану жылуы

Д) меншікті балқу жылуы

Е) қайнау жылуы

10. Жылу мөлшерінің қандай физикалық шамаларға тәуелді

А) m, Δt, заттың тегіне

В) c, V, Δt

С) ішкі энергияға

Д) меншікті жылусыйымдылыққа

Е) Δt

11. Денені қыздыру кезінде берілген немесе салқындатқанда одан бөлінетін жылу мөлшері

А) 𝐐 = 𝐜 𝐦 ( 𝐭 𝟐 𝐭 𝟏 ) \mathbf{Q = cm(}\mathbf{t}_{\mathbf{2}}\mathbf{-}\mathbf{t}_{\mathbf{1}}\mathbf{) }

В) Q = c m ( t 1 t 2 ) Q = cm(t_{1} - t_{2})

С) Q = r m Q = rm

Д) Q = q m Q = qm

Е) Q = ʎ m ʎm

12. Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама

А) меншікті жану жылуы

В) меншікті жылу сыйымдылығы

С) меншікті булану жылуы

Д) меншікті балқу жылуы

Е) қайнау жылуы

13. Меншікті жылусыйымдылықтың өлшем бірлігі

А) Дж/кг

В) Дж/кг* \mathbf{℃}

С) Дж*м

Д) Дж/м*кг

Е) Дж/К

14. Дененің температурасын өлшеуге арналған құрал

А) психрометр

В) барометр

С) потенциометр

Д) термометр

Е) секундометр

15. Денені құрайтын бөлшектердің кинетикалы энергиясы мен өзара әсерлесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы

А) ішкі энергия

В) механикалық энергия

С) толық энергия

Д) энергиялардың қосындысы

Е) жалпы энергия

В) деңгейлік есептер шығару (15 минут)


Ұқсас жұмыстар
8-сынып физикасы: Практикалық жұмыс - заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу
8-б сынып физикасы: Денелерді қыздыру мен суытудағы жылуды есептеу және заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау - практикалық сабақ
8-сынып: Жылу мөлшері және меншікті жылу сыйымдылығын есептеу
8-сынып: Жылу мөлшері, бірліктері және меншікті жылу сыйымдылығын есептеу
7-8 сыныптарға арналған физика сабақ жоспарлары: Қысым, жылу мөлшері және заттың меншікті жылу сыйымдылығы
8-сынып физикасы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары: Жылу мөлшері, оның бірліктері және меншікті жылу сыйымдылығы
Қажетті өлшемдерді анықтау және тік белдемшенің сызбасын есептеу
8-сыныпқа арналған практикалық сабақ жоспары: Жылу құбылыстары - есептер шығару (30.01.2017)
Заттың агрегаттық күйлері және қатты денелердің балқуы мен қатаюы: ішкі энергияның өзгеруі және меншікті балқу жылуы
8-сынып: Жылу қозғалтқыштары және олардың пайдалы әрекет коэффициентін есептеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz