3 санын қосу кестесін меңгертуге арналған бастауыш сынып сабағы

Атырау облысы

Индер ауданы

Құрылыс ауылы

М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебі

І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Гулаим Тулегенова

Сабақтың тақырыбы : 3 санын қосу кестесі
Сабақтың мақсаты:
1. Өткен сабақтарда игерген оқушылардың білімін, икемін, машығын пысықтау, 3 санын қосу кестесін түсіндіру.
2. Ойын арқылы ойлау, танымдық қасиеттерін дамыту.
3. Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас, ойын сабақ
Сабақтың типі : жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың барысы.
І . Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлік (топқа бөлу)
ІІ. Өткенді қайталау
1) Алдыңғы сабақта не өттік?
Енді «миға шабуыл» стратегиясы арқылы ойымызды жинақтайық.
Мұнда біз «кім жылдам?» ойынын ойнаймыз. Сандардың арасына «+», «-» таңбасын қойып, өрнектерді теңестіру.
І - топ II - топ
3 2=5 5 2=7
4 1=3 4 2=2
2 2=0 2 1=1
2. Сандар құрамымен жұмыс «Үйшікке адамдарды орналастыр» ойыны

2) Сурет бойынша есеп құрастыру

ІІ. Жаңа сабақ
1) 3 санын қосу кестесін құру
«Домино» ойыны арқылы 3 санын қосу кестесі

2) Оқулықпен жұмыс.
1 - Тапсырма «домино» тастарынан өрнек құру, мәнін табу. Қосу мен азайту қандай амалдар?
3) . Сергіту жаттығулары
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.
ІV. Түсініктерін тексеру.

Кестені толтыру.

2) Өздік жұмыс. №4
9 - 2 8+2 8-5 3-2
8 - 2 5+3 9-3 8-8
10 - 2 6-2 4+2 10-6
3) логикалық тапсырмалар: Кім шапшаң?
1. Екі баланың аяғы нешеу?
2. Үш сиырдың мүйізі нешеу?
3. Төрт қойдың басы нешеу?

IV. Бекіту: ББҮ әдісі.
Бүгін біздер қандай санды қосып, азайттық?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Саған қандай тапсырма ұнады?
V. Бағалау: Енді сабақ барысында жинаған сыйлықтарымызды санаймыз. Кім көп сыйлық жинады екен? Сол бойынша оқушылардың білімдері бағаланады.


Ұқсас жұмыстар
3 санын қосу және азайтуға арналған бастауыш сынып математикасы сабақ жоспары
Бастауыш сыныпта 5 санын қосу және азайту тәсілдерін бекіту сабағы
4 санын қосу мен азайтуды бекіту: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
1 санын қосу және азайту: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
8 санын қосу және азайту: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
2-сынып математика сабағы: 8 санын қосу және азайтуды қайталау
Бастауыш сыныпқа арналған 4-ті қосу кестесін оқыту бойынша ашық сабақ жоспары
5 санын қосу және азайту: бастауыш сыныпқа арналған ойын сабақ жоспары
1-сыныпқа арналған математика сабағы: 6 санын қосу және азайту
1-сынып математикасы: 3-ті қосу кестесін оқыту - саяхат сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz