9-сынып сабақ жоспары: Қоғам түсінігі - ұғымы, әлеуметтік топтар мен саясат

Пән: Адам. Қоғам. Құқық
Пән:Адам. Қоғам. Құқық: Сынып: 9А
Сабақ: 10
Күні:

Тақырыбы: Қоғам түсінігі

Сабақтың мақсаты: Қоғамды құрайтын адамдардың мәнін түсіндіру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Адамдар қарым-қатынастардың арқасында қоғам құрайтынын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушының танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу, өзін-өзі еркін ұстауға баулу, психологиялық үдерісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды кездескен проблемаларды дұрыс түсіне білуге, әр жеке оқушы үнемі өз-өзіне психологиялық саулықты тілей отырып, өзін-өзі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау

Сабақты ұйымдастыру әдісі: сыныптық

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Өмір, өмірдің мәні туралы түсінік

2. Бақыт және махаббат туралы әртүрлі ұғымдар

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Қоғам ұғымы
  2. Әлеуметтік топтар, қатынастар
  3. Қоғам және саясат
  1. Қоғам-жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасындабұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.
  2. Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.

Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:

Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т. б. ) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыста-рының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар

  1. Қоғам және Саясат - саяси ғылым мен басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің өзара диалектикалық байланысын білдіретін үғымдар. Қоғам - қатынастардың және адамдар арасындағы өзара байланыстардың тұтас жүйесі. Оның қүрамдас бөліктері болып күрделі ұйымдасқан әлеуметтік жүйелер немесе қоғамдық өмірдің мына салалары болып табылады: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани. Саясат жалпы қоғам шеңберінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларында адамдар¬дың өзара әрекеттесуін реттеуді жүзеге асырады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Қоғам ұғымы
  2. Әлеуметтік топтар, қатынастар
  3. Қоғам және саясат

V. Үй тапсырмасын беру: § 9. Қоғам түсінігі

VI. Бағалау.

Толық бір жылға арналған (34 сағат) осы пәннен, тарихтан және басқа пәннен сабақ жоспарлары арзанға сатылады. Мына сайттан толық мағлұмат ала аласыз:

Sabaktar. mya5. ru

Sabaktar. ucoz. ru

Тел:+7 705 269 74 11


Ұқсас жұмыстар
Қоғам ұғымы және оның құрылымдық элементтері (9-сынып)
Гендерлік саясат пен тәрбиенің мазмұны мен мәні: Қазақстандағы заңнамалық негіздер мен әлеуметтік тәжірибе
9-сыныпқа арналған Саясат және билік тақырыбы бойынша сабақ жоспары
9-сынып: Әкімшілік құқық - түсінігі, әдістері, нормалары мен қатынастары
9-сынып: Адам. Қоғам. Құқық пәні бойынша Отбасы және қоғам тақырыбының ашық сабақ жоспары
Қоғамның әлеуметтік құрылымы: 9-сынып Адам.Қоғам.Құқық пәнінің сабақ жоспары
Саясат және оның қызметтері: тарих пәні бойынша сабақ жоспары
Алгоритм ұғымы, қасиеттері, орындаушы және блок-схемалар: 9-сынып сабақ жоспары
9-сыныптың Адам. Қоғам. Құқық пәні: кіріспе және адам мәселелері, қызметі, қабілеті мен өмір мәні
Информатика: Алгоритм ұғымы - 9-сыныпқа арналған оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz