Ана тілім - бал тілім - сынып сағаты

22. 09 2014
Сынып сағатының тақырыбы
: «Ана тілім - бал тілім»
Сабақтың мақсаты
: Оқушылардың өз еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтап, тіліміздің қадір - қасиетін бойларына өнер арқылы сіңіре білуге үйрету.
Көрнекілігі
: Тіл туралы өлеңдер, мақалдар, плакаттар, шарлар.
Ана тілім - дана тілім, айбарлым,
Сырың терең, тұнығындай қайнардың.
Ана тілім - қасиетім қастерлім,
Бір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын, - деп ақындар жырлағандай, халқымыздың өшпес асылы сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасыр тарихы бар, қасиетті тіл мен өнеріне арналған « Ана тілім -бал тілім» атты тақырыптық сабағымызды бастаймыз.
- Балалар, қандай мерекені атап өткелі жатырмыз.
- Қазақстан Республикасы Тілдер күнін.
- Елбасы Н. Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес «22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталып келеді.
Сұрақ-жауап әдісі
-Тіл не үшін керек?
- Тіл бір - бірімізбен сөйлесу үшін қажет қой.
- Адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлемей ме?
Неге ана тілі деп бөлінеді?
- Себебі, әр елдің өз Отаны өз тілі бар емес пе.
Мұғалім - Балалар, сендер бір - біріңмен сөйлескенде қай тілде сөйлесесіңдер?
- Қазақ тілінде, ана тілінде, сөйлесеміз.
- Неге біз өз тілімізді ана тілі дейміз?
- Себебі, бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.
Ана тілі дегеніміз, ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал, ана деген - бәрінен де, қастерлі, аяулы да, асыл жан.
Мұғалім - Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың тілі, оның бақыты, тірегі.
Тіл туралы өлеңді мәнерлеп айту.
- Ақыл - ойын дараның
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Бекарыс - Ақыл - ойын дананың
Ана тілден аламын
Сүйем туған тілімді,
Мақсат етем әр сөзін.
Жайна - Ана тілім - елім,
Қайсар, қайрат, күнім.
Ана тілім - менің,
Баста бақыт құсым.
«Ананың тілі - аяулым менің» әні орындалады.
Мақал -мәтел жаттайық .
- Ана тілі туралы кім қандай мақал - мәтел біледі.
- Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
- Піл көтермейді,
Тіл көтереді
- Ақыл көркі - тіл
Тіл көркі - сөз.
- Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
- Өнер алды - қызыл тіл,
Тілден биік асқар жоқ
Тілден терең теңіз жоқ.
Қорытындылау.
Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңында» Тіл - ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамда ардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы - тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің күшеюіне тығыз байланысты» делінген. Мұғалім - Балалар, міне осы өлең - тақпақтарда айтылғандай, өз тілімізді, қадірлеп, оны сүйе білуіміз керек. Тіл бар жер де, ұлт та, жер де, болмақ. Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың тілін қадірлейік.
Тіл - адамның барлық саналы өмірінің құралы өнерлі, білімді, мәдениетті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде қазақ тілі де халықтың барлық іс - әрекетінің, қарым - қатынасының құралы болғандықтан оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрқайсымыздың борышымыз.
Тіл мерекесі құтты болсын!
06. 10. 2014.
Сынып сағатының тақырыбы: «Ұстаз есімін ардақтайық»
Мақсаты: Оқушыларды мұғалімдерді құрметтеуге баулу, өз елінің адал, әділ ақылды азаматы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі. Мерекеге арналған газеттер, суреттер, гүлдер, шарлар, қанатты сөздер.
Әдісі: сұрақ-жауап, мәнерлеп айту, жатқа айту.
Барысы:
Мына өлең жолдарымен бастау.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы
Оқушылардың ұстаздарға арналған өлеңдерін оқу.
Анель
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Ернұр
Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алсын, үйренсін деп,
Күнде ерте құшақ жая шықты алдан.
Гүлзат
Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің өр шақтарын қуғандар.
Қарақат
Ұстаз бізге білім беріп өсірген,
Қатемізді әрқашанда кешірген.
«Өмір жолы - қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп ақылды ғып өсірген
Айшат
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып, өз мерекең қарсы алды.
Қуанышта жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды. !
Арсен
Жақсылыққа біздерді баптаған,
Ұстазым өзіңменен мақтанам!
Iзгілік сыйлаған біздерге,
Мың алғыс, мың алғыс сіздерге!
Ұстаздарға арналған нақыл сөздер:
1 - оқушы: «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан басталады»
Абай Құнанбаев
2 - оқушы: «Ұстаз» деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
С. Қожамқұлов
3 - оқушы: Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин
4 - оқушы: Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға. Абай Құнанбаев
5 - оқушы: Ұстаздық ету - өзінің уақытын аялау, өзгенің бақытын аялау.
6 - оқушы: Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы - мұғалім. Ғабит Мүсірепов
Қорытындылау.
Ұстаз ақыл - ойы мен күш - қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік . Кері қайту
«Мейірбан ұстаздар» әнімен аяқтау.
03. 11. 2014.
Сынып сағатының тақырыбы:
«Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді».
Мақсаты:
1 Оқушылардың адамгершілік тәрбиесінен білік - дағдыларын қалыптастыра отырып, осы бағытта өзге елдің салт - дәстүрлерімен таныстыру.
2. Жалпы адамгершілік қасиеттерін дамыту, осы сабақтағы әдістердің бірі - тіл дамытушылығына баса назар аудару. Нақыл сөздердің мағынасына, тәрбиелік жақтарынталдап, саралау.
3. Адамгершілік тәрбиеге тоқталу арқылы оның ішінде алғашқы сәлемдесу әдебінің маңызын аша отырып, адамшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілігі: әртүрлі үлгі сөздер, адамгершілік тәрбиесі кестесі Әдеп, мәдениет - амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні - ең алдымен адамның кейіп - кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауғанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын ұқтыру, өздерінің аман - есен дидарласып тұрғанына қуанып, ниетінің ақ - адал, таза екенін білдіру.
Мысалы, сырттан үйге кірген кісі қандай жастағы адам болса да, отырғандарға сәлем беруі керек.
Қауышып, амандасу ер азаматтар үшін ұлттық амандасудың ең құрметті түріне жатады. Жастар қол алысып, арқа, иық қағысып та амандасады. Қыздар бір - бірімен құшақтасып, сүйісіп, жай қол алысып немесе «Сәлеметсіз бе?», «Есен - саусыз ба?» деп амандасады.
Әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан түрлі болып келеді. Мысалы, Орта Азиядағы туысқан түркі халықтары барлық мұсылман елдеріндегідей, «Ассалаумағалейкум» деген араб сөзімен амандасады, ол «Сізге Алланың нұры жаусын» - дегенді білдіреді, оған жауап, яғни, сәлемді алу ретінде айтылатын «Уағалейкум ассалам» сөздері «Алланың рақым нұры сізге де жаусын» дегенді ұқтырады.
Сәлемдесу жайында нақыл сөздер айтып, мағынасын түсіндіру.
1. Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.
2. Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше.
3. Сәлем беру де парыз,
Сәлем алу да парыз.
4. Сыпайылық - жан азығы, көрегендік - ой қазығы.
5. Отан - отбасынан, тәрбие - құлақтан.
6. Айтар сөзің қандай болса, еститұғын сөзің де сондай болар.
Сұрақ- жауап арқылы қорытындылау.
08. 12. 2014.
Сынып сағатының тақырыбы : «Зиянды әдет»
Сынып сағатының мақсаты:
«Бірінші байлық - денсаулық» деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ- жауап, көрсету, түсіндіру.
Түрі: Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Барысы: Сергіту жаттығудан бастау (қимылмен)
Кіріспе.
Денсаулық дегеніміз
- адам жаны мен тәнінің амандығы. Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі әдетте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық - ел дамуының басты арқауы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды. Дегенменде, біздің замандастарымыз соны ескерместен әр түрлі зиянды заттарға ұрынып жатады.
Темекі туралы жалпы мағлұмат.
Құрамында никотин және 4 мыңға жуық улы зат бар темекі өсімдігің майдаланған, құрғатылған және қолдануға дайын күйдегі жапырағынан шылым жасалады. Темекінің елі Америка болып табылады. Американы ашқаннан кейін темекі Еуропада кең таралады. Темекінің ішінде ең көп мөлшерде никотин алкалоиді болады. Никотин улы зат болғандықтан медицинада қолданылмайды және дәрі болып та саналмайды. Бір қорап темекінің құрамындағы никотинді адамға инемен шаншыса, адам өліп кетеді.
Темекінің зияндары
.
Мидың қатерлі ісік ауруларының 99, миға қан құйылу ауруының 85 -, өкпенің қатерлі ісік ауруының 90 - ы, тамақтың қатерлі ісік ауруының 99 - нан темекі себеп болады. Темекінің салдарынан өмірімен қоштасқан адамдардың саны есірткі өліміне қарағанда 13 есе көп.
Есірткі қолданудың себептері.
Білімсіздік: Есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілдікпен қарау.
Қызығу: Қызығушылықтың туындауына көбінесе бұқаралық ақпараттардың өздері себеп болады дей аламыз.
Қысым: Жаман достардың қысым жасауы.
Әуестік: Бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады.
Зиянды әдеттерге байланысты мақал - мәтелдер мен ұлағатты сөз жарыстыруға кезек берейік.
Сынып сағатын сұрақ- жауап арқылы қорытындылау.
1. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай? (отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы. )
2. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (ішімдік) .
3. Темекі құрамындағы улы зат? (никотин) .
02. 12. 2014.
Сынып сағатының тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!
Сынып сағатының мақсаты: Балалардың өз Отаны туралы білімін кеңейту. Еліміздің тұңғышпрезиденті, Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі екендігін, құдіретті тұлға екенін жас ұрпаққа таныту. Елбасының кісілік келбетін меңгеру. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, рәміздер, Қазақстан картасы
Сабақтың барысы: «Көк тудың желбірегені» әні орындалып, қолдарына жалауұстап топқа кіреді. Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталады.
Сынып сағатын кіріспеден бастау.
-Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз-тәуелсіз мемлекет. Яғни, біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан; өз еліміздің әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Осы жетістіктердің бәрі елбасымыздың ерен еңбегінің жемісі.
1991 жылы 1 желтоқсанда Республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н. Ә. Назарбаев болып сайланды, қазақ елі өз басшысын сайлады. Қазір біз-бақытты елміз. Елбасымыз өз елінің қамы үшін, тағдыры үшін көптеген істерді жүзеге асырып, атқарып келеді.
Біздің республикамыздың президенті-Нұрсұлтан Назарбаев.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz