Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Мектебім- алтын бесігім

"Пятигорский орта мектебі"ММ

Сабақтың тақырыбы:
Мектебім- алтын бесігім.

Нарботина Зина Кокашевна,
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

2015ж

Сабақтың тақырыбы: Мектебім- алтын бесігім.
Сабақтың мақсаты: <<Мектеп>> тақырыбынан өткен материалдарды кайталату арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеп, бекіту,оларды тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету, тақырыптың негізгі идеясын ашу.
Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік: Өткенді еске түсіру, сұрақтарға жауап беру, көрген, естіген, оқығандарын практикада қолдана білуге дағдыландыру.
2.Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту.
3.Тәрбиелік: Білім алуға ынталандыру, оқушыларды оқуға шақырып, өз мектепті құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижесі: Зат есімнің септелуін, тәуелденуін,көптелуін қайталау, білімдерін тиянақтайды, Сөз тіркестерін,сөйлемдер құрастыра біледі,өз ойларын толық жеткізе алады.
Сабақтың түрі: Жалпылау сабақ
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ .
Сабақтың әдісі: Интерактивтік оқыту әдісі,СТО, мәтінмен жұмыс, қайталау, сұрақ-жауап, сөйлемдер құрастыру, талдау, топпен жұмыс жасау, бір-бірін тексеру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, мәтін, сәйкестендіру парақтары, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
-Cәлеметсіздер ме, балалар?
- Қазір бізде қандай сабақ?
- Аптаның қай күні?
1. Психологиялық тренинг.
<<Кім жылдам?>>жаттығуы. Қатысушлар шеңбер құрып отырады. Доп лақтырған адам мына үш сөздің ауа жер мектеп сөздерінің біреуің айтады, жер дегенде аңдарды, <<ауа>> дегенде құстарды, <<мектеп>> дегенде мектепке қатысты сөздерді атайды.
2.Топқа бөлу.\сөздер арқылы\ Кім?сұрағына жауап беретін сөздер бір бөлек.Не? сұрағына жауап беретін сөздер бір бөлек.
3.Сәттілік тілеу.
4. <<Миға шабуыл>>
Сөз жұмбақты шешу.

ім

-

ім.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1.Мектеп туралы мақал-мәтелдерді жатқа сұрау.
1.Мектеп-кеме.Білім-теңіз
2.Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.
Много знает не тот, кто больше прожил, а тот, кто больше видел.
3.Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
Стремись удивить знаниями, а не красноречием.
4.Өмір - үлкен мектеп.
Жизнь - самая большая школа.
5.Кітап - алтын қазына.
Книга - кладовая золота.
6.Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
Нет жизни без знания, нет знания без учения.
7.Білім инемен құдық қазғандай.
Глубину науки постигать, что иголкой колодец копать.
8.Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы.
Учение - основа знания, знание - основа жизни.
9.Күш - білімде, білім - кітапта.
Сила - в знаниях, знания - в книгах.
ІІІ. Өткенді қайталау.
1.<<Кубизм>>әдісі
1.Зат есім дегеніміз не?
2.Зат есімнің сұрақтары?
3. Зат есім тұлғасына қарай қандай болады?
4. Құрамына қарай?
5.Мағынасына қарай?
6.Жалпылай немесе жекелей атауына қарай?
6.Зат есімнің көпше түрі қалай жасалады?
2.Зат есімнің жіктелуі.
Семантикалық картаны толтыру.
Іжақ
Мен

Біз

ІІжақ
Сен
Сіз

Сендер
Сіздер

ІІІжақ
Ол

Олар

ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Сөздікпен жұмыс.
Орталық-центр
Сәулетті-величественный
Мүмкіндік- возможность
Өйткені - потому что
Алтын ұя-родной дом.
2.Сөз тіркестерін құрастыру.
3. Оқып сұрақтарға жауап бергізу. Көпше түрдегі зат есімдерді дәптерлеріне көшіріп жаздыру.
Мектебім-алтын ұям.
Мен бесінші сыныпта оқимын. Мектеп ауылдың орталығында орналасқан. Мектеп үлкен,сәулетті. Сынып бөлмелері кең,жарық. Сынып терезелері үлкен.Оқушылардың жақсы оқып, білім алуына барлық мүмкіндік жасалған.Біз мектебімізді жақсы көреміз. Өйткені ол - біздің алтын ұямыз.
4.Сұрақтар:Мектеп қай жерде орналасқан? Мектеп қандай? Сынып бөлмелері қандай? Оқушыларға қандай мүмкіндіктер жасалған? Алтын ұя деп нені атаймыз?
5.Сергіту сәті.(видеоролик)
5. <<Сәйкестендіру>>әдісі.Септіктерді сұрақтарымен, Тәуелдік жалғауларды сөздермен сәйкестендіру (топтық жұмыс)
7.Жобаны қорғау. <<Біздің болашақ мектебіміз>>. Болашақта біздің мектеп қандай болады? Мектеп қандай болсын деп қалайсыздар?Қазір біз сіздермен болашақтағы мектептің жобасын құрастырамыз. (Болашақ мектебінің суретін салып қорғау).
Менің болашақтағы мектебім
Менің болашақтағы мектебім өте әдемі болады. Ол мектеп бес қабатты, лифт жұмыс істейді. Әр кабинетте интерактивті тақта,әр оқушыда компьютер болады. Интернет жүйесі барлық кабинеттерге қосылады. Мектеп өте таза, кабинеттер кең болады. Оқушыларды сабаққа арнайы автобус тасымалдайды. Әр оқушының киім қоятын жеке шкафы болып, ол кілттенеді.
ІҮ. Бағалау.
Формативтік бағалау.
Оқушылардың
аты-жөні
Сөздікпен жұмыс
Мәтінмен жұмыс,сұрақтарға жауап беру.
<<Сәйкестендіру>>
әдісі.
баға

Критериялары: <<5>> - 14-15 балл.
<<4>> - 13-12 балл
<<3>> - 11 - 8балл.
Ү. Рефлексия. <<Даналық ағашы>> Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып <<Білім ағашына>> іледі.
ҮІ. Ү/ж. Мектеп туралы диалог құрастыру.

Ұқсас жұмыстар
Ауылым – алтын бесігім
Тілашар
Құрал-саймандар тақтасы және мәзір. мәтінді теру ержелері
Дұрыс шештіңдер балалар
Қош бол, бастауыш!
Ақдала ауылы
Ауылым- алтын бесігім. 3 сынып
Туған өлкем-неткен көркем
Көңілді балалар әні
Мектеп вальсі
Пәндер