Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақстан суретшілері

Күні:
Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 1 Сабақ №: 10
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан суретшілері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан суретшілерінің еңбектерін, қысқаша өмірбаянын, алғаш Қазақстан суретшісі Ә. Қастеев туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Қазақстаннның суретшілерімен таныстыру.
2. Балалардың өз жерлестерінің өнерлерін мақтан тұтуларына ықпал ету.
3. оқушылардың сәулет және дизайн өнеріне деген қызығушылықтарын оятып, іскерлік пен шеберлікке баулу
Сабақтың түрі: Әңгіме.
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: Суретшілер туралы мәліметтер, фотосуреттері. Сурет альбомы, қарындаш бояу, т. б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жоқ балаларды белгілеу, үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Қазақстан Республикасына танымал Қазақстан халық суретшілері баршылық.
Әбілхан Қастеев - қазақ бейнелеу өнеріне алғаш жол салған кәсіби суретші. 1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы, Жаркент ауданының Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 - 1931 жылдары Н. Г. Хмудовтың студиясында бейнелеу өнерінің негізін үйренеді.
1930 жылы Москва қаласындағы мұражайларымен танысады, 1937 жылы Қазақ ССР - інің халық суретшісі атағын алды.
Әубәкір Ысмайылов - 1910 жылы Қарағанды облысы, Тельман ауданында дүниеге келген. 1932 жылы Москвадағы жоғары техникалық көркемсурет шеберханасын, 1938 жылы Театр өнері институтын бітірген. 1933 жылы КСРО суретшілер одағының мүшесі болды. <<Қарағанды шахтасы>>, <<Тың игеру>>, <<Хантәңірі>>, <<Абай достарымен бірге>>, <<Исатай Махамбет>>т. б. толып жатқан шығармалары елге танымал.
Молдахмет Кенбаев, Қанапия Тельжанов, Хакімжан Наурызбаев, Сабыр Мәмбеев, Сахи Романов, т. б. көптеген Қазақстан суретшілерінің еңбектері тек еліміз ғана емес шет елдерде де танымал.
Сергіту сәті. Оқушылар жылдам әуен ырғағымен бір - біріне әзіл сурет орындайды.
Тапсырма: Халық суретшілері жайлы әңгімелеу.
Сабақты қорытындылау: Сұрақ - жауаптар
Қазақстанның ең тұңғыш суретшісі атанған кім?
Тағы қандай суретшілерді білеміз?
Суретшілер шығармалары қандай әсер қалдырды?
Үйге тапсырма: Қазақстан суретшілері турала мазмұндама немесе реферат жазу.
Оқушыларды бағалау.
Толық бір жылға арналған (34 сағат) осы пәннен, тарихтан және басқа пәннен сабақ жоспарлары арзанға сатылады. Мына сайттан толық мағлұмат ала аласыз:
Sabaktar.mya5.ru
Sabaktar.ucoz.ru
Тел:+7 705 269 74 11

Ұқсас жұмыстар
1.грамматика. құрмалас сөйлемді қайталау. 2. лексика. қазақтың атақты суретшісі
Бейнелеу өнерінің жанрлары. Пейзаж
Ежелгі Египеттің сурет үлгісі
20 ғасырдың 50-70 жж. Қазақстандық суретшілер
Адамның басын бейнелеу
Табиғат көрінісі
Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу өнері
Бейнелеу өнерінің бастауы
Бейелеу өнері
Ана тілінен ашық сабақ
Пәндер