2-сыныпқа арналған бейнелеу өнері: әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс жасау

Күні:

Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 2 Сабақ №: 11

Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс жасау

Сабақтың мақсаты : Графикада қолданылатын материалдар туралы түсінік қалыптастыру

Сабақтың міндеттері:

Білімдік . Оқушыларға бейнелеудің графика жанры, оның материалдар туралы түсінік беру.

Дамытушылық . Бейнелеу ережелерін түсіндіре отырып, көркем шығармада штрих түрлерін қолдана білу қабілеттерін дамыту, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік . Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Типі . Жаңа білім беру.

Түрі . Фантазиялау (қиялдау) сабағы.

Әдісі :Түсіндірмелі, иллюстрациялы.

Қажетті құралдар: Қара, түрлі-түсті қаламсаптар, қарындаштар .

Көрнекілігі: Слайдтар, плакаттар, А 3 , А 4 қағаздар, үлгі полиграфиялық ашық хаттар, өшіргіш, түсті қарындаштар, пасталы қаламсаптар. насихаттық плакаттар, т, б.

Пәнаралық байланыс : Математика: Пішіндер, қашықтық, пропорция.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

А) Жұмыс орнын дайындау.

Ә) Оқушыларды түгендеу.

2. Білімдерін жан-жақты тексеру.

Өткен сабаққа шолу .

Жаңа сабақ :

Графикалық материалдар : графит, қарандаш, сангина, стеклограф, қара бор, пастель, сепия, акварель материалдары, көмір, соус, ақ бор, тушь, рапидограф, фломастер, маркер.

Графит - минерал, ол көміртектін аллотропты модификациясы. Құрылымы қабат - қабат. Графит - минерал, көміртектің (С) Жер қыртысында ең жиі кездесетін әрі тұрақты гексагондық полиморфтық түрі. Гексогональдік сингонияда кристалданады. Табиғатта кристалы жетілген графит ( грекше grapho - жазамын ) сирек ұшырайды, көбінесе, қабыршақ, түйіршік, кейде домалақ агрегаттар күйінде кездеседі.

Түсі қара, сұр, қара сұр, ұстағанда май сияқты, қолға жұғады, металдай жылтыр. http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/0c/Commercial_pastels.JPG/1024px-Commercial_pastels.JPG

Қарындаш - (түрк. «кара» - қара және «даш» - тас) - өзекше тәрізді құрал, жазу материалдан дайындалады (көмір, графит, қурғақ бояғыштардын және т. с. ), жазуға, сурет салуға, сызуға арналған.

Сангина - (фран. s anguine, лат. sanguis ) - сурет салуға арналған материал, каолиннен және темір тотығудан таяқша тәрізді жасалынған.

Пастель - (лат. p asta - қамыр) - көркем материалдардың тобы, графикады және кескіндемеде қолданылады. 1) сырты қапталмаған, құрғақ әрі жұмсақ түрлі-түсті қаламмен салынатын кескіндеме. Пастель ұнтақталған пигменттерге желімді зат, бор, сүт, гипс, т. б. қосындыларын араластыру арқылы жасалады;

2) Пастель тесілмен салынған сурет. Пастель қаламмен суреттерді қатырма және қожырлы қағаздарға, жақпа қабатты кенепке, пергаментке салуға болады. Пастельде кескіндеме, графика әдістері де кеңінен қолданылады.

Сергіту сәті. Оқушылар жылдам әуен ырғағымен бір - біріне әзіл сурет орындайды.

Сарамандық жұмыс:

Сурет салуды үш деңгейлік оқыту теориясы бойынша орындаймыз.

І. Репродуктивтік деңгей .

Ең алдымен қажетті қағаз пішінін өлшеп, қиып дайындап аламыз. Қажетті өлшемдермен керек жерлерін өлшеп қиып, бұрыштық шығарамыз.

ІІ. Эвристикалық деңгей:

Қағаз бетіне қиялдау арқылы композициялап өрнектер, мерекелік суретер саламыз. Сурет салуда заттарды орналастыру, салыстыра отырып пішіндерді қағаз көлеміне есептеп орналастырып, пішіндерін шығарамыз.

ІІІ. Шығармашылық деңгей.

Өрнектің, заттардың мерекелік пішіндердің реңін табу, штрихтау арқылы барлық композициясының шешмін табу.

Қорытындылау
Графика дегеніміз не?

Графиканың қандай түрлері бар?

Графика өнерінде қандай материалдар қолданылады?

Бағалау

Үйге тапсырма : Осы ертегіні аяқтап келуді тапсыру.

Толық бір жылға арналған (34 сағат) осы пәннен, тарихтан және басқа пәннен сабақ жоспарлары арзанға сатылады. Мына сайттан толық мағлұмат ала аласыз:

Sabaktar. mya5. ru

Sabaktar. ucoz. ru

Тел:+7 705 269 74 11


Ұқсас жұмыстар
2-сынып бейнелеу өнері: Күзгі бұтақ - затқа қарап графикалық натюрмортты салу
3-сыныпқа арналған бейнелеу өнері сабақ жоспары: Ұстаздар күніне ашықхат жасау
Хайуанаттарды мүсіндеу: 2-сыныпқа арналған бейнелеу өнері сабақ жоспары
Ашық сабақ: 5-сынып бейнелеу өнері - матрицалармен жұмыс
2-сыныпқа арналған бейнелеу өнері: Портрет, бет әлпет және мимика - ашық сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған бейнелеу өнері сабақ жоспары: Плакат өнері (Сабақ №16)
5-сынып бейнелеу өнері: символдық ою-өрнектер арқылы Наурыз эмблемасын жасау
10-сыныпқа арналған сабақ: Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу өнері
3 «А» сыныпқа арналған бейнелеу өнері сабақ жоспары: Спорттық бұйымдарды бейнелеу
6-сыныпқа арналған бейнелеу өнері сабағы: Қазақтың ұлттық киімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz