Сабақ жоспары :: Сурет, сызу

Файл қосу

Графика өнері. Гравюра

Күні:
Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 6 Сабақ №: 10-11

Тақырып: Графика өнері. Гравюра
Мақсаты : Графика өнерінің түрлерімен таныс болу.
Міндеттері:
Білімділік : Графика өнерінің шығармаларына толық
мәлімет беру.
Тәрбиелік: Әсем сұлулықты байқауға, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын дамыту.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілдері : Баяндау, сұрақ- жауап, сурет салу.Слайд
Көрнекілігі: Графика шығармаларының түрлері және салу құралдары.
Жылы және суық түстер айырмашылығы плакаттағы
суреттер.
Пәнаралық байланыс: Тарих
Құрал - жабдықтар: Альбом, акварель краскасы, қарындаш,
қылқалам, политра, тущь.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Сәлемдесу, оқушыларды журналмен тексеру.
3. Өткен сабақты қайталау
4. Жаңа сабақты түсіндіру.
5. Бекіту.
6. Сурет салу.
7. Қорытындылау, бағалау.
8. Үйге тапсырма беру.
Өткен сабақты қайталау
1. Кескіндеме өнері жайлы не білдік, не үйрендік?
2.Кескіндеменің қандай шығармалары бар?
3. Қандай кескіндемеші суретшілерді білесіңдер? - деген сұрақтарды қоя отырып жаңа сабақты баяндау.
Жаңа сабақ
Графика гректің "грапо" деген сөзінен шыққан, қазақша "жазамын", "сызамын", "суретін саламын" деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немесе гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газаттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі көшедегі плакаттар - осының бәрі график суретшілерінің туындылары. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қоңыр дақтардың арақатынасы жетекші маңызға ие болады. Графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілерден: И. Исабаев, Ә, Рахманов, М. Қисамединов, А. Смағұлов, Б. Табылдиев, К. Баранов, Н. Гаев, В. Гурьев, Е. Сидоркин, Т. Ордабеков, Қ. Қаметов, В. Тимофеев, т.б. атауға болады. Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. ХІХ ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке - қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т.б. жатқызады. Гравюрлеу француздың grawer - "қию", "тырнау" деген сөзінен шыққан. Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай-ақ одан алынған басылымды да айтамыз. Гравюра Қытайда шамамен VI ғасырда пайда болды. Батыс Еуропада ол XIII-XIV ғасырларда шығып, XVI ғасырда кемеліне жетті. Көптеген график суретшілері байқасақ, олар қарындаш, акварель, тушь сияқты қолайлы әрі ыңғайлы материалды қолданған. Графикаға гравюралардың барлық түрлері де жатады, суреттерден айырмашылығы сол - оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар бірнеше тақталардан басылады. Гравюраның түрлері өте көп, олар: офорт, ксилография, линогравюра, литография т.б. болып бөлінеді. Графика өнері бейнелеу өнерінің бір түрі. Қазақ графика өнерінің бастауы тас дәуірі мен ата - бабаларымыздың рухына табынуға барып тіреледі. Жартастарға салынған сызықтық суреттер Балқаш, Түркістан,Маңғыстау өлкесінен табылған.
Графикаға қарындаш, көмір, тущьты пайдаланып, қолмен салынған суреттер, баспа графиканың әр алуан түрлері - ағашқа жасалған гравюра (ксилография), металға жасалған гравюра (офорт) , литогравия, линогрвюра жатады.
Кескіндеме сияқты графикаға да - портрет, натюрморт, пейзаж, тарихи, анималистік және т.б. жанрлар тән. Графмкамен кескіндеме арасындағы байланыс ауыспалы. Мысалы, акварель, пастель кейде гуащпен жұмыс істеу техникасын өнердің бір түріне, кейде екіншісіне жатқызады. Бұл - түстің қандай деңгейде пайдаланылғанына, шығармада сызық пен дақтың қайсысы басым екендігіне, оның қолданылатын орнына байланысты. Қолданылу орнына қарай графиканың станокты, кітап, гәзет - журналдар , қолданбалы графика және плакат сияқты түрлері бар.
Станокты графика шығармаларын көрмелерден тамашалауға болады.
Графиканың маңызды салаларының бірі - кітап графикасы. Кітаптың ішкі және сыртқы безендіру жұмыстарының барлығы тұтас өнер туындысын құрайды. Әсіресе суретші - иллюстрацияшылардың рөльі зор.
Қолданбалы графикаға күнтізбе, құттықтау ,ашық хаттар, орауыштардағы зат белгілері (этикетка), пошта маркалары, көшедегі жарнамалар жатады.
Компьютерлік графика - графиканың жаңа түрі. Суретшілер қиылысқан сызықтардан, көлемді элементтерден, өрнек, түрлі түсті дақтардан манитор бетінде клмпазиция жасап, одан кейғн дайын болған бейнені принтер арқылы басып шығарады.

Сурет салу
Графикалық жұмыстарды орындау.
Графиканың қағаз бетінде жасалатын қарапайым түрлерімен таныс болайық. Ол үшін қажетті материалдар мыналар. ағаш сабы бар ұшы өткір ине, пышақ немесе алмас, қара тущь, жұмсақ қылқалам, беті жылтыр ақ қағаз.
Қара тущьты қағаз бетіне толық жағып шығу қажет. Тущь кепкеннен соң, қағаз бетін инемен тырнап, әртүрлі бейнелер салуға болады. Егер көлемді ашық жерлер қажет болса, қағаз бетін пышақпен немесе алмаспен қыру қажет. Нәтижесінде пайда болған бейне ақ және қара түсті болып өте айқын көрінеді. Бірақ сурет жалғыз дана болып шығады.
Гравюра туындылары кесу іс - әрекеттері арқылы жүргізіледі . Сондықтан кескішті мықтап игеру және онымен кез келген сызықтарды емін - еркін жүргізуді үйрену үшін бір қатар дайындық жаттығуларын жасау қажет. Тақтай (пластина) алу.

1- жаттығу. Қарындаш сызығының бойымен бұрыштық кескіш арқылы ені 1 - 1,5 мм - ден аспайтын арықша бедер жүргізу керек. Содан соң жүргізілген арықшадан шегініп, тағы да 1-1,5 мм болатын сызық жүргізіндер. Осылайша бүкіл тақтаның бетін 10 х 10 см. көлемде тік төртбұрыштарға тілу керек.
2 - жаттығу. Толқынды қарындаш сызығының бойымен осылайша арықша жасау, тақтаның бетін тегіс толтыру керек.
3- жаттығу. Шеңберсызғышпен шеңбер сызып, оларды да кескішпен тіліп, арықша жасау.

Сабақты қорытындылау
Жаңа сабақ бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылып, еске түсіреміз.
Сұрақтар қою
1.Графика жасау техникаларына не жатады?
2. Графика өнері дегеніміз не ?
3. Графика қай елдің сөзінен шыққан?
4. Қандай графика өнермен таныс болдық ? - деген сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймыз.
Оқушыларға сурет салғызу
36-38 беттерді оқу және осы беттердегі суреттерді альбом бетіне графика құралдары көмегімен салу.
Бағалау.
Сабаққа қатысып отырған оқушыларды және суреттерін тексеру арқылы бағалау.
Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу, суреттерін аяқтау.

Толық бір жылға арналған (34 сағат) осы пәннен, тарихтан және басқа пәннен сабақ жоспарлары арзанға сатылады. Мына сайттан толық мағлұмат ала аласыз:
Sabaktar.mya5.ru
Sabaktar.ucoz.ru
Тел:+7 705 269 74 11

Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінің түрлері
Кескіндеме өнерін бейнелеу өнері сабақтарында қолдану әдістері
Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің даму тарихы
Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың тақырыбы
Бейнелеу өнері
Өнер және бейнелеу өнері
Портрет нобайларын қарындашпен салу. Гризайль техникасында адам басыньщ этюді
Adobe Photoshop қандай графика
Ағашты күйдіріп өрнектеу
Графика. ашық хаттар
Пәндер