9-сынып химиясының қысқа мерзімді жоспары: Электролиттік диссоциация дәрежесі және күшті мен әлсіз электролиттер

Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: Сабақтың тақырыбы
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д: Электролиттік диссоциациялану дәрежесі. Табиғаттағы және тұрмыстағы күшті және әлсіз электролиттер.
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: Жалпы мақсаты
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д: Электролиттік диссоциациялану дәрежесі және оның белгіленуі туралы мағлұмат беру. Күшті және әлсіз электролиттердің айырмашылығын дәлелдеу.
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: Сілтеме
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д: Химия оқулығы 9 сынып. Авторлары: Н. Нұрахметов, К. Жексембина, Н. Заграничная. Алматы"Мектеп" 2013ж
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия:
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д:
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: Оқу нәтижесі
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д:

- Электролиттік диссоциациялану дәрежесін және оның қандай жағдайларға тәуелді екенін біледі;

- Күшті және әлсіз электролиттердің қайсысында иондар берік байланысқанын және олардың айырмашылықтарын дәлелдейді.

Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: Негізгі идеялар
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д: Презентация, флипчарт, шаблон
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: Ресурстар және керекті құрал-жабдықтар, реактивтер
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д: Интернет материалын пайдаланады. Электронды оқулық 9 сын, интерактивті тақта, смайликтер, бағалау парағы, қима қағаздар, рефлексия парағы, тапсырмалар, стикерлер, маркерлер, заттардың электрөткізгіштігін тексеретін аспап, кейбір күшті және әлсіз электролиттердің диссоциация дәрежесінің сандық мәндері көрсетілген кесте.
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: Оқыту формасы, технологиясы, әдіс-тәсілдер
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д: Үй тапсырмасын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, жетектеуші сұрақтар, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары - блум таксономиясы, деңгейлік тапсырмалар.
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: С а б а қ б а р ы с ы :
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия:

Сабақ

кезеңдері

Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д: Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия:

Кіріспе

Психологиялық дайындық

1. Білу

Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д:

Ұйымдастыру

- Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау;

- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

- Топқа бөлу: Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы 4 топқа бөлемін.

- Үй тапсырмасын тексеруде жабық және ашық сұрақтар қойылып, тапсырмалар орындалады:

Тапсырма № 1.

1 . Электролиттік диссоциация дегеніміз не?

2. Электролиттерге, бейэлектролиттерге қандай заттар жатады?

3. Натрий хлоридінің судағы ерітіндісі электр тогын өткізетіндігін, ал қант пен глюкозаның судағы ерітінділері неліктен ток өткізбейтіндігін түсіндіріңдер.

4. Мына заттардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін жазыңдар:

а) мыс ІІ сульфаты;

б) кальций хлориді;

в) натрий гидроксиді;

г) алюминий нираты.

Мұғаліммен амандасады.

Оқушылар зертханалық ыдыстардың суреттерін құру арқылы 4 топқа бөлінеді.

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді. Флипчартта жазылған тапсырмалар орындалады. Топ басшысы жауап берген оқушыларды жұлдызшалармен бағалап отырады. Топтарға

критериалды бағалау парақшасы таратылады.

Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: 2. Түсіну
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д:

Оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазады. Үй тапсырмасымен байланыстыра отырып, жаңа тақырыпқа көшемін. Электронды оқулықтан “Электролиттік диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер” тәжірибе жүзінде дәлелденіп, бейне баяннан көрсетіледі.

Сонымен қатар диссоциациялану дәрежесі концентрацияға,

температураға,

электролиттің табиғатына тәуелділікте болады.

Мысалы: концентрацияға тәуелділігін сірке қышқылының электрөткізгіштігінен көруге болады. Алғаш электр шамы әлсіз ғана жылтыраса, ерітіндіге су құйған сайын шам жарқырап, жануы күшейеді.

Диссоциациялану дәрежесінің электролиттің табиғатына тәуелділігін NaОН және КОН, НF және НСІ электролиттерінің электрөткізгіштігінен салыстыруға болады.

Диссоциациялану дәрежесінің температураға тәуелділігін стакандағы қыздырылған және қыздырылмаған сірке қышқылына электрөткізгішті салып, байқаймыз.

Мына электролиттерді ажыратып жазыңдар: HCI, HCIO 4 , CuSO 4 , NaOH, H 3 PO 4 , H 2 S, CH 3 COOH, H 2 SO 3 , H 2 SO 4 , H 2 SiO 3 , NaCI, K 2 SO 4 , AI 2 (SO 4 ) 3 .

Оқушылар электронды оқулықтан алған жаңа тақырыпты бірлесе талдай отырып, күшті, орта және әлсіз электролиттерді ажырату мақсатында жаттығулар орындайды.
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: 3. Қолдану
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д:

Тапсырма № 2.

Оқулықпен жұмыс 35 беттегі № 4, 5, 6 жаттығуларды орындайды.

№4. “Сарыағаш” минералды суы құйылған ыдыста: Na + , K + катиондары және HCO 3 - , CO 3 2- , F - аниондары бар” деп жазылған. Осы минералды суда түзілуі мүмкін тұздардың формулаларын жазыңдар.

№ 5. Егер электролит молекуласының әр 200 - інің 60 - ы иондарға ыдыраса, сол заттың диссоциациялану дәрежесі қанша пайызға тең?

№ 6. Мыналардың қайсысы күшті электролитке жатады: H 2 S, H 2 CO 3 , HNO 3 , NH 4 OH.

көмір қышқылы, натрий гидроксиді, аммиак, күкірт қышқылы?

Берілген тапсырмаларды оқушылар жеке орындайды, жұптық және топтық талқылайды, бір-бірін топтық бағалайды жұлдызшалармен. Тапсырманы бірінші аяқтаған топ марапатталады: Смайликпен. Топ басшысы бағалау парағына бағалап отырады.

H:\ап.jpg

Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: 4. Талдау
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д:

Тапсырма №4.

Шығармашылық жұмыс “Электролиттердің маңызы”

І топ: “Электролиттер - ғылым мен техникада”

ІІ топ: “ Электролиттер - медицинада”

ІІІ топ: “ Электролиттер - өндірісте”

ІV топ: “Электролиттер - тамақ өнеркәсібінде”

Оқушылар берілген тапсырмаларды бірлесе отырып, топпен орындайды. Әрбір топ өз постерлерін

Ұқсас жұмыстар
9-сынып химиясы: Электролиттер және бейэлектролиттер. Электролиттік диссоциация - қысқа мерзімді сабақ жоспары
9-сынып химиясы: Электролиттік диссоциация тақырыбы бойынша сабақ жоспары
9-сынып химиясының орта мерзімді сабақ жоспары: электролиттер, көмірсутектер, қышқылдар және химиялық элементтер
Электролиттік диссоциация тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттері
Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдар, негіздер мен тұздардың химиялық қасиеттері - 9 сынып зерттеу сабағы
Электролиттік диссоциацияны қайталау және бекіту: 9-сынып химиядан ашық сабақ жоспары
Сұйықтардағы электр тогы: электролиттік диссоциация, электролиз және Фарадей заңдары
9-сынып химиясы: электролиттік диссоциация тұрғысынан негіздердің химиялық қасиеттері және иондық теңдеулерді құрастыру
Химия пәні бойынша практикалық жұмыстар: Электролиттік диссоциация, бейметалдар және металдар
Электролиттік диссоциация бойынша станциялық қайталау сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz