Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Г г дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы Темір ауданы
Шұбарқұдық №5 бастауыш мектебінің
мұғалімі Бекешова Света Қырғызбайқызы
Сабақтың тақырыбы: <<Г г>> дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға Гг әрпі мен дыбысын таныту,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету,сөздерге дыбыстық талдау жасату; 2. Дамытушылығы: Гг дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту; 3.Тәрбиелігі: әсемдікке,сыпайылыққа,ұқыптылық- қа,табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кітап,кеспе әріптер,суреттер,әліппе серігі,гүлдер
Пәнаралық байланыс: дүниетану,математика,музыка
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Жадыраған күндейміз,
Жайнап өскен гүлдейміз.
Құрметпен біз сізге,
Сәлеметсізбе дейміз!
2.Үй тапсырмасын тексеру. <<Балапандарды құтқарайық>> ойыны.
Жайма шуақ ашық күнде балапандарымен қыдырып жүрген қаздың балапандарын аңдамай тұрғанда түлкі ұрлап әкетеді.
-Енді біз балапандарға көмектесейік.Түлкі бізге сандық беріп жіберіп- ті.Ішінде тапсырмалар бар екен,сұрақтарына дұрыс жауап берсек,түл- кі балапандарды қоя береді екен.
-Дыбыс дегеніміз не? Дыбыстарды не Істейміз? (естиміз,айтамыз)
-Әріп дегеніміз не? (көреміз,жазамыз)
-Әріптерден не құралады? (сөз)
-Сөзден не құралады? (сөйлем)
-Сөйлемнен не құралады? (мәтін)
-Дыбыс неше түрге бөлінеді? (дауысты,дауыссыз)
-Дауысты дыбыс неше түрге бөлінеді? (жуан,жіңішке)
-Дауыссыз дыбыс неше түрге бөлінеді? (қатаң,үнді,ұяң)
-Қандай буындарды білеміз? (ашық,тұйық,бітеу)
-Біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? (Үү дыбысы мен әрпі)
-Ү дыбысы қандай дыбыс? (дауысты,жіңішке)
-Ү дыбысынан келетін қандай сөздер білеміз? (үкі,үйрек,т.б.)
-Үйге қандай тапсырма берілді? (<<Кім кінәлі?>> өлеңін оқу)( тізбектей оқыту)
Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:
-Өлеңдегі балалардың аттарын ата. Кім кінәлі? (Елемес)
-Елеместің әрекеті дұрыс па?
<<Адасқан буындар>> ойыны. (түл-кі,түй-ме,жү-рек)
Сергіту сәті. Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қолдарымды қозғалтып,
Гүлдей болып жайқалам.
3.Жаңа сабақ. Гг дыбысы мен әрпі. Ой қозғау.
-Жаңа сабақты бастамас бұрын мен сіздерге жұмбақ жасырайын.
Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл қайсы әріптен басталған,
Үзуге адам қимайтын? (гүл)
Гүл-әсемдік белгісі. Гүлді мерекеде,тойда,қуанышта,туған күнде бір-бірімізге сыйлаймыз. Гүл дегенде қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? -Олай болса,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Гг дыбысы мен әрпі. Гг дыбысы туралы түсінік: дауыссыз,ұяң. Ғ-Г
(ұқсастығы,айырмашылығын айтып салыстыру) - Балалар,бүгінгі сабағымызда гүлдер әлеміне саяхат жасаймыз. Гүлдерді аралап,неше түрлі гүлдермен кездесеміз,әр гүлдің тапсырмаларын мұқият тыңдап,білімімізді арттырайық.Өздерің көріп тұрғандай әдемі гүлзарымыз көз тартады.Осы гүлзарымызды әсем де,көрікті гүлдерге толтырайық. - Қане,біз қандай гүлдерді білеміз?
(қызғалдақ,раушан,роза,қоңыраубас,түймедағы,лалагүл,бәйшешек)
-Балалар,осы аталған гүлдердің әрқайсысының өз тапсырмасы бар екен.Осы тапсырмаларды орындап көрсек қайтеді.Олай болса:
1.Қызғалдақ гүлінің тапсырмасы: <<Гүл>> сөзіне дыбыстық талдау жасау. Гүл-3 әріп,3 дыбыс,1 дауысты,2 дауыссыз.
2.Раушан гүлінің тапсырмасы: Гг дыбысынан келетін сөздерді ата,буынға бөл.(суретпен жұмыс)
3.Роза гүлінің тапсырмасы: Бағандағы сөздерді буындап,мәнерлеп оқып беру.
Сөздік жұмыс.
Егін-егіс алқабы,бидай егетін алқап.
Егіз-бір сәтте,бір уақытта бірге туған екі бала.
Егеу-үй шаруасында қолданылатын құрал.
Кереге-киіз үйдің бөлшегі.
Бетеге-шөптесін өсімдік.
Шеңгел-тікенек тұқымдас өсімдік.
Мезгіл-уақыт,жылдың төрт мезгілі бар.
Сегіз-сан,жетіден кейін келетін (математикада алдыңғы уақытта өтеміз)
Шеге-үй шаруасына пайдалы ағаш қағатын зат.
Неге? - сұрақ.
<<Ақ көгершін>> әнімен танысу. Балаларға өлеңді мәнерлеп оқу.
Көгершін-достықтың,бейбітшіліктің,әділеттің белгісі.
<<Ақ көгершін>> (авторлармен таныстыру) Сөзі: Н.Баймұхамедов, әні: А.Жұбанов.
Ақын Н.Баймұхамедов бұл өлеңді халықтар бір-бірімен тату-тәтті,бақытты,дос болсын дер шығарған. (әнін тыңдау)
-Балалар,сендер көгершінді көрдіңдер ме? Көргілерің келе ме?
Көгершін- құс. Көгершіндер орманды,кейде таулы жерлерде тіршілік ететін,адамға үйір құстар. Үнемі топтанып жүреді. Жұбын жазбайды. Көбі жылына 2 рет,кейбіреуі 4-5 рет жұмыртқалайды. Жұмыртқаны жарып шыққан қызылшақа балапан әбден қанаттанғанша (25 тәулік бойы) ұядан ұшпайды. Өлеңді тізбектей оқыту.
4. Бәйшешек гүлінің тапсырмасы: <<Ақ көгершін>> әнін әндетіп балалармен айту.
5. Лалагүл гүлінің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс. Гг дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру. Мынау Гг әрпінің жазбаша түрі. Ауада жазу, дәптерге жазу.
Тақтамен жұмыс: гүл,егін,егіз,Гүлжан сөздерін жазғызу.
Сабақты қорытындылау.
-Балалар,біз бүгін қандай дыбыспен таныстық? (Гг)
-Гг дыбысы қандай дыбыс екен? (дауыссыз,ұяң)
-Қандай өлеңмен таныстық? (Ақ көгершін)
-Ол қандай құс екен? (бейбітшілік құсы)
-Ал енді біз, балалар, <<гүл>> сөзімен басталатын немесе <<гүл>> сөзімен аяқталатын қыздардың есімдерін айтайық. (Гүлсім,Гүлзат,Гүлшара,Гүлдана,Гүлгүл,Гүлнар,Гүлназ)
Үйге тапсырма: <<Ақ көгершін>> әнін жаттау.
Мадақтау.
-Бүгін,балалар, бәрің де сабаққа жақсы қатысып,белсенділік таныттыңдар. Үйренгендеріңді естеріңде сақтаңдар. Рахмет сендерге. (балаларға гүлдер тарату)
Ән: <<Біз өмірдің гүліміз.>>

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz