Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Алгоритм және визуалды программалау технологиясы

Информатика 10-сынып. Мерзімі ___________ <<БЕКІТЕМІН>>
_________________
Оқу ісінің меңгерушісі:
А.Торбаев

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және визуалды
программалау технологиясы

Сабақтың мақсаты: алгоритм ұғымы жайлы терең мағлұмат беру және визуалды программалау технологиясын меңгерту.
Оқушылар білуі тиіс: алгоритм ұғымын, алгоритмнің түрлерін, қасиеттерін, программалаудың тілдерін.
Оқушылар үйренуі тиіс: алгоритм құруды, блок-сызбаларды құруды. Визуалды программалаудың технологиясын.

Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезең
II Үй тапсырмасы
1. Кұрылымдық программалау деген не?
2. Ол қашан пайда болды? Қай кезде қолданылады?
3. <<Жоғарыдан төменге>> және <<Төменнен жоғарыга>> программалау әдістемесін түсіндіріңдер.
4. Рекурсия>> тәсілі қандай, жағдайда қолданылады?
5. Модульдік программалау деген не?
6. Нысанға багытталган программалау тілі қандай. қызмет атқарады?
7. Бұлтты технология деген не?
8. Бұлтты технологияны пайдаланудың қандай тиімді жақтары бар?
9. Бұлтты технология мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?
III Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
IV Жаңа сабақты оқып үйрену
Негізгі ұғымдар
Алгоритм орындаушысы дегеніміз құрастырылған алгоритмді басқарушы адам немесе машина.
Программа - алгоритм, ол арнайы программалау тіліне негізделіп жазылады.
Алгоритм орындалуына қарай бірнеше қасиеттерге бөлінеді:
1. Алгоритмнің үзіктілігі.
2. Алгоритмнің анықтылығы.
3. Алгоритмнің нәтижелілігі.
4. Алгоритмнің жалпыламалығы.
Алгоритмнің үзіктілігі - мұнда алгоритм жеке қадамдардан құрылады. Орындалу кезінде әрбір қадамы анық аяқталған болу керек. Орындаушы алдыңғы қадамды барып келесі қадамға өте алады.
Алгоритмнің анықтылығы -- алгоритмнің әрбір қадамы немесе әрекеті бір мәнді және анық болу керек.
Алгоритмнің нәтижелілігі -- белгіленген қадамдардан алгоритм нәтиже беру керек.
Алгоритмнің жалпыламалығы - алгоритм бір ғана мәселені емес, барлық бір типті мәселені шеше алады.
Алторитмнің тілдері:
1. Табиғи тіл - алгоритмді сөз тіркестері арқылы қарапайым тілде жазу (орындаушысы адам).
2. Графикалық тіл -- алгоритмді блок-сызба түрінде көр- сету (орындаушысы адам).
3. Алгоритмдік тіл - табиғи тіл арқылы берілген әмірлік сөздер арқылы беріледі (орындаушысы адам).
4. Программалау тілі - программа тілінің әмірі (орындаушысы компьютер).
Графикалық алгоритмде қолданылатын пішін-сызбаларды (блок-сызба) қарастырайық:

Алгоритмнің түрлері
Алгоритмдерді құрлымына қарай сызықты, тармақталған, циклдік (қайталанған) деп үшке бөлінеді
Егер орындаушы әрекеттерді рет-ретімен тізбектей орындап нәтижеге жетсе, онда ол сызықты алгоритм деп аталады.
Басы
Басы

Қол жуғыш кранын ашамыз
Дерек енгізу

Қолымызды жуамыз

Есептеуіш

Кранды жабамыз
Нәтижені шығару

Соңы
Соңы

Егер орындаушы әрекеттерді шартты тексеру арқылы жүзеге асырса, онда ол тармақталған алгоритм деп аталады.
Басы
Басы

Қол жуғыш кранын ашамыз

Шарт

Су бар ма?

2
1

Ия Жоқ

Соңы

Су беру орталығына хабарлаймыз
Қол
жуамыз

Кранды жабамыз

Соңы

Алгоритм орындалу кезінде нәтижеге жету үшін әрекеттер бірнеше рет қайталанатын болса, онда ол циклдік алгоритм (қайталанған) деп аталады.
Басы
Басы
Суды ашамыз

1
Кесені бір-бірлеп жуамыз

Жоқ

Шарт

Барлық ыдыс

Ия
Суды жабамыз
Соңы

Соңы

Визуалды программалаудың технологиясы
Визуалды программалау көрнекі құралдар арқылы қолданбалы программалар жазылатын программалау саласы. Мұндай жағдайда программалаушы программа мәтінін тек нәтижесінде не шығу керектігін көрсетеді. Программа мәтіні визуалды прототип көмегімен автоматты
Түрде қарастырылады. Визуалды программалау нысанға бағытталған программалауға негізделеді.
Windows амалдық жүйесіндегі программалар пайдаланушыларға (Graphical User Interface) өздерінің графикалық интерфейстерімен таныс. 1991 жылы Стивен Гибсонның (компьютерлік технологияның және компьютерлік қауіпсіздік бас маманы, программаларды ойлап табушы) программа жазуы бойынша Visual Basic тілі пайда болды. Жаңа шыққан программа <> жүйесіне деген көз карастарын өзгертті. Visual Basic тілінің визуалды интерфейсі қолданбаларды тез және жеңіл құруға мүмкіндік беретін еді. Visual Basic тілі - қандай тіл? деген сұраққа жауап іздейтін болсақ:
Визуалды программа технологиясы нысанға бағытталған программа ортасында жұмыс істеуден басталады. Мысалы, визуалды программада пішінге қасиеттер беру арқылы пішінді құрады. Пішінге нысандарды орналастырып, оларға қасиеттер беріп нысандарды визуалдаймыз. Пішін мен оған орналасқан нысандар бірігіп жоба құрады.
Нысанға бағытталған программалаудың негізгі түсініктері:
oo нысан;
oo нысанның қасиеті;
oo нысанның әдісі;
oo оқиға;
oo нысандар класы.
Нысан әдістер мен қасиеттер жиынтығынан түрады. Мысалы: көлікті алатын болсақ, оның түсі, моделі, нөмірі, жылдамдығы,көлемі сияқты көптеген қасиеттері бар.
Нысанның әдісі дегеніміз -- нысан атқаратын іс-әрекет.
Транслятор - аудармашы программа. Программа тілін машиналық тілге ауыстырады. Трансляторлар екі түрлі болады: интерпретатор және компилятор.
Интерпретатор программа тілін тізбектей машина тіліне аударып, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Программаны іске қосқан сайын процедураны орындау қайталана береді. Интерпретатордың артықшылығы - программаны қадам бойынша тексеру, ал кемшілігі - орындау жылдамдығының баяулығы.
Компилятор - программаның бүкіл мәтінін машина тіліне аударып, EXE файл түрінде сақтайды. Сақталған файлды бірнеше рет іске қосуға болады. Артыөшылығы - программаның орындау жылдамдығының жоғары болуы, кемшілігі - қадамдық тексерудің болмауы.

V Топтық жұмыс
I-топ тапсырмасы
Багдаршамнан өту мысалына алгоритм құрыңдар.
II-топ тапсырмасы
Күн райын анықтау мысалына алгоритм құрыңдар.

Сабақты бекіту сұрақтары.
1. Алгоритм деген не? Оның қандай қажеттілігі бар?
2. Программалау тілі қандай қызмет атқарады?
3. Алгоритмнің қасиеттерін атаңдар.
4. Алгоритм тілдері нешеге бөлінеді?
5. Алгоритм түрлерін атап, оларга мысал келтіріңдер.
6. Visual Basic тілін кім шығарды және ол қандай программа?
7. Visual Basic тілінің технологиялық ерекшелігі қандай?
8. Нысан неден тұрады? Нысанның әдісі деген не?
9. Транслятор деген не? Оның қандай түрлері бар?
10. Нысандардың стандартты жиынтыгын атаңдар.

VI Қортындылау, бағалау.
VII Үй тапсырмасы.

§6 Алгоритм және визуалды программалау технологиясы.

Визуалды программа технологиясына мысал келтіріңдер.

Ұқсас жұмыстар
Алгоритм және визуалды программалау технологиясы туралы түсінік беру
Программа тілін машиналық тілге аударатын тіл
Python программалау тілінде массив элементтерін іздеу жобасын дайындау
SCRATCH ортасының интерфейсімен танысу
Microsoft visual basic бағдарламасындағы жаңа нұсқаулар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Объектті - бағытталған программалаудың принциптері
Мақсат қою
Алгоритм жазу жолдары. Блок-схема
Паскаль тілінде программалау
Пәндер