Топтық жұмыс арқылы Оқыту үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау), критериалды бағалау түсініктерін және сын тұрғысынан ойлау дағдысын жетілдіру

Коучинг тақырыбы:«Топтық жұмыс арқылы «Оқыту үшін бағалау» (қалыптастырушы бағалау), критериалды бағалау түсініктерін және сын тұрғысынан ойлау дағдысын жетілдіру»
Күтілетін нәтиже:Мұғалімдер cын тұрғысынан ойлау туралы деректермен танысады. Өз ойын сыни түрде ойланып, еркін ойын жеткізе алады. Сын тұрғысынан ойлау қалай пайдалану керектігі туралы тұжырым жасайды. «Оқыту үшін бағалау» (қалыптастырушы бағалау), кретериалды бағалау түсініктерін қалыптастырады, қалыптастырушы бағалаудың оқыту үшін тиімділігін үйренеді. Қалыптастырушы бағалауды күнделікті сабақта пайдалану арқылы оқу үрдісін жақсартады, оқушыларды оқытуға жетелейді.
Семинар бойынша тренерлер мен қатысушылардың іс-әрекеті:
1-әрекет Сәлемдесу. Қатысушыларға психологиялық ахуал жасау . (5мин)
Коуч тақырып және тақырыптың мақсатымен таныстырады. 1. Ынтымақтастық жағымды ортаны орнату. 1 минут ішінде өзіңізді топқа таныстыруыңыз керек және өзіңіздің жаныңыздағы адамға бүгінгі күнге жақсы тілек немесе комплимент айтуыңыз керек. Тапсырма : Жаныңыздағы адамға жұмсақ ойыншықты ұсыну арқылы жасауға болады. Бүгінгі күнге сәттілік тілеп, бір-бірлеріңізге қуаныш сыйлағыңыз келеді, оны қалай жасар едіңіз? Іске сәт! 2. Топқа бөліну. Құрметті Ұстаздар!Сіздердің алдарыңызға конверт беріледі. Конверт ішіндегі Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен шумақтар келтірілген, өзіңізге ұнаған шумақты таңдап алыңыздар. Ұқсас шумақтар бойынша топқа бөлінеміз.
1 ТОП -Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге.
2 ТОП-Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап .
3 ТОП-Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой.
4 ТОП-Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл, артық білуге .
Пайда болған топтар, өздерінің ережесін біріге отырып, осы ережелер негізінде «Алтын ереже» құрады: Белсенді болу, Ойыңмен бөлісу, Жұмысқа басынан аяғына дейін атсалысу, Бір-біріміздің сөзімізді бөлмеу, Әр адамның пікірімен санасу, Көбірек қарым-қатынас жасау, Уақытты тиімді пайдалану.
Өздерінің бойындағы қасиеттері туралы ойланып айтады. Өзіндік таныстырылым жасайды. Топта ынтымақтастық ахуал қалыптастырады, бір-біріне жақсы тілектер тілейді. Топпен бірге орындайды.
Конверт ішіндегі Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен ұқсас шумақтар бойынша топқа бөлінеді.
2-әрекет
Эмоционалды көңіл-күй рефлексиясы 5 мин
Сабақ алдындағы сабаққа деген көңіл-күйін анықтайды және сабақтан кейінгі көңіл-күйін анықтайды.
3-әрекет. Миға шабуыл Слайд көрсетілімі 10мин
Суреттерді сөйлетсек. Бір сөзбен қалай айтар едіңіз?
«Сурет не дейді» тақырыбы бойынша слайдты көру арқылы біраз суреттер көріп, не ойыңызға келді, соны қағаз бетіне жазу керек және жазғандарыңызды оқып, түсінік бересіздер.
Мұғалім - зерттеуші.
Мұғалім - зерттеуші атты слайд көрсетілімінде екі түрлі мұғалімнің іс әрекеті баяндалады. Бірінші мұғалім баланың әрбір әрекетін тек жазамен бағалап отырады. Ал екіншісі балаға зерттеу жұмысын жүргізіп, мәселенің себебін анықтайды. Мұғалім алдындағы әрбір баланың тағдырына тікелей жауапты екенін ұмытпауы керек. Ал сіздер қандай әрекет етер едіңіздер?
(МҰҒАЛІМДЕР ӨЗ ОЙЛАРЫМЕН БӨЛІСЕДІ)
4-әрекет.
Джигсо әдісі
20 мин
Әр топқа тапсырма беріледі. Әр топ сұраққа жауаптарын схема, таблица түрінде жазуларына болады. Джигсо әдісі қолданады, әр топ алмасу арқылы бір-бірінің жазуларын толықтырады, алмасады. Әр топ мүшелері өз жұмысын постер арқылы қорғайды. Жұмыс үшін және қорғаушы үшін бағалау критерийлері тақтаға ілінеді.
Тапсырма тақырыптары : 1 ТОПҚА -Білім беру жүйесіндегі қуантатын мәселелер
2 ТОПҚА-Білім беру жүйесіндегі күйзелтетін мәселелер
3 ТОПҚА- Білім беру жүйесіндегі өзгерістер
4 ТОПҚА- Білім беру жүйесіндегі жаңа тұрпатты мұғалімнің моделін құру
1. Бағалау түсінікті болды ма?
2. Мұндай бағалауды қалай атауға болады?
3. Бағалау керек. Бірақ қандай бағалау керек?
4. Тағы қандай бағалау түрлерін білесіздер?
Рефлексия жасау. ( Сіздер жаңа қандай іс әрекет жасадыңыздар)
Жұмыс үшін бағалау критерийлері :
1. Жұмысқа тақырып қойылған
2. Жұмыс талапқа сай ұқыпты безендірілген
3. Ерекше
Қорғаушы үшін бағалау критерийлері :
1. Қорғаушы қағазға қарамайды, оқымайды, тек баяндайды
2. Тақырып бойынша қорғау
3. Әңгіме қызықты және құнды пікірлермен жазылған
4. Уақытты тиімді пайдаланды
5. Қорғаушының сөйлеу мәнері, дауысы анық
5-әрекет. Топтық жұмыс
(15 мин)
Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы . Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар. Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі. Әр топқа пиццаның суретін салу тапсырылады. Ақылдың алты қалпағы бойынша өз пікірін қорғау. Суретті топ мүшелері қорғайды. Топтар тақтаның алдына шығып салған суреттеріңізді бағалайық.
Бағалау критерийлері тақтада көрініп тұрады. Бағалау критерияларын презентациядан көрсету. Блум таксономиясы. 1. Сізге неліктен мұндай баға қойылғаны түсінікті ме? 2. Сізге . . . қойылды, неге? 3. Сіз жаныңызды отырған әріптесіңізге баға қою кезінде неге көңіл аудардыңыз? 4. Жұмысты бағалау қиын болды ма? 5. Сіздің бағалауыңыз қандай қиындықтар туындатады? 6. Сіздің бағалауыңыз қандай аспектілерді қамтыды? 7. Сііздің оқушыларыңыз не үшін және неге баға алғандығын түсінеді ме? 8. Сіздің оқушыларыңыз әр сабақ сайын бағаланады ма?
Уақытты үнемдеу.
Критерийлер сақталуы керек.
Ынтымақтастықта жұмыс істеу.
Жауапкершілікті сезіну.
6-әрекет.
(10 мин)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz