Синтаксис: сөз тіркестері мен синтаксистік қатынастарды қайталау және бағалау

Сабақтың тақырыбы: Синтаксистен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты - білімділік: синтаксис саласы бойынша нақты мысалдар келтіре отырып, алдыңғы сабақтарда өткендерді еске түсіріп қайталау арқылы оқушы білімін бағалау;

Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту, ой ұшқырлығына баулу;

Сабақтың тәрбиелік мәні: ана тілін қастерлеу, тапқырлыққа, шешендікке баулу, ата-баба салтын қадірлеу, өз ұлтының тілін құрметтей отырып, қызмет жасау, адамгершілік қасиеттерді бойна сіңіру;

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, үнтаспа, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, тест.

Сабақтың түрі: қорытында сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тіл дамыту

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

І деңгей. «Ауылым - алтын бесігім» шығармаларын тексеру

ІІ деңгей. Биылғы мерейтой иелерінің өлеңдерін жаттап келу

1) Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) - 120 жыл

2) Мағжан Жұмабаев (1893-1938) - 120 жыл

ІІІ деңгей. Еңбек тақырыбына мақал-мәтелдер жаттап келу

ІІІ. Ең алдымен «Біліміңді байқап көр» сайысы

(теориялыр білімін тексеру)

  • Синтаксис нені зерттейді?
  • Сөздердің байланысу тәсілдерін ата?
  • Сөздердің байланысу түрлерін ата?
  • Сөз тіркесі дегеніміз не?
  • Сөз тіркесінің айрықша белгілері қандай?
  • Сөз тіркесі, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді ата. Мысал келтір.
  • Сөз тіркесінің түрлерін ата? Есімді, етістікті сөз тіркесі дегеніміз не?
  • Сөз тіркесінің құрылысын ата?
  • Матасу, меңгеру, қабысу, жанасу дегеніміз не?
  • Сөз тіркестері қандай синтаксистік қатынасты білдіреді?
  • Синтаксистік қатынастарды ата?
  • Анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынастар дегеніміз не?

Бүгінгі сабақтан күтілетін нәтиже үш түрлі құзыреттілік бойынша сараланады.

  1. Проблемаларды шешу құзыреттілігі
  • Өздігінен шешім қабылдайды
  • Сөздік қорын өз бетінше толықтырады
  1. Ақпараттық құзыреттілігі
  • Ақпараттар негізінде көздеген мақсатына сай мәтін түрлерін құрайды
  • Шығармашылық жұмыстарды орындайды
  1. Коммуникативтік құзыреттілігі
  • Сөз құрылымының барлық бөліктеріне тән дағдыларды меңгереді
  • Грамматикалық нормаларды ұсынады

Сынып екі топқа бөлінеді:

І топ: «Абай» ауылы

Ұраны: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»

ІІ топ: «Ыбырай» ауылы

Ұраны: «Еңбек - адамның екінші анасы»

І. Шығармашылық жұмыс

Үнтаспадан Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Мен - қазақ» өлеңдерін тыңдатып, сөз тіркесінің түрлерін тапқызу.

І. Деңгейлік тапсырма

Синтаксистік талдау жасау

  1. Зәулім ағаштардың үзіліп түскен сары жапырақтары ауада қалқып жүр. 2. Бұлар үш қабат үлкен үйдің баспалдағымен жоғары көтерілді. 3. Әкем сөзімді үндемей отырып тыңдады. 4. Бейсен Жомартпен ауылға қайтты.

ІІ. Деңгейлік тапсырма

Сөз тіркесін, тұрақты тіркесті, күрделі сөздерді топтап жазыңдар.

Екінші басылым, көзді ашып жұмғанша, келе жатыр, қоян жүрек, қара ала, әдемі киіну, кішкентай бауыры, қара жүрек, Арал теңізі, бармағын тістеді.

Сөз тіркесі
Тұрақты тіркес
Күрделі сөз
Сөз тіркесі:
Тұрақты тіркес:
Күрделі сөз:

ІІІ. Деңгейлік тапсырма

Мына сөздерге басыңқы сөз тіркеп есімді тіркес жасаңдар.

Қара . . . , оқыған . . . , жақсы . . . , жаңа . . . , жайнаған . . . , мейірімді . . . , сұлу . . . , шөкім . . . , суық . . . , еңбектенген . . .

ІІ. Кім тапқыр?

І топ: «Абай» ауылы

  1. Еңбектің көзін тапқан,

Байлықтың көзін табады.

  1. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті

  1. Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді.

  1. Артық байлық -

адамды аздырады.

  1. Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ.

  1. Артық күлкі -

жиреніш қоздырады.

ІІ топ: «Ыбырай» ауылы

Мақал - мәтелдерден сөз тіркесінің түрлерін табыңдар

  1. Татулық - шаңырақ шаттығы,

Ынтымақ - көңілдің пәктігі.

  1. Ұяты бар ертеңін ойлайды,

Ұятсыз әдетін қоймайды.

  1. Жақсының сәлемі жоғалмайды,

Жаманның пәлегі оңалмайды.

  1. Өсиет айту - нұрға батырады,

Өсек айту - күнәға батырады.

  1. Жомарттық - жоғалмас қасиет,

Жамандық - жазылмас қасірет.

ІІІ. Сәйкестендіру тесті

І топ: «Абай» ауылы

Қиысу баланың жақсысы

Матасу кештете келді

Қабысу мен айтамын

Меңгеру адал ниет

Жанасу суды төкті

ІІ топ: «Ыбырай» ауылы

Қиысу көршінің қызы

Матасу суды төкті

Қабысу мен жазушымын

Меңгеру әдейі келді

Жанасу алтын сағат

IV. Өзіндік жұмыс

Синтаксистік қатынастың түрлерін табыңдар

Анықтауыштық қатынас:

Пысықтауыштық қатынас:

Толықтауыштық қатынас:

Аянның добы, сөзге шебер, үйдің есігі, гүлді суару, биыл ашылды, алыс жер, көзбен көру, зорға ашылды, терезеде тұр, сенен алды, бес қағаз, ауылда қалды

V. Семантикалық карта

І топ: «Абай» ауылы


Ұқсас жұмыстар
7-сынып қазақ тілі: сөз тіркестері мен синтаксис бойынша орта мерзімді жоспар
7-сынып қазақ тілі: синтаксис негіздері - сөз тіркестері мен сөйлем
Тұрақты сөз тіркестері: сабақ жоспары, тапсырмалар және бағалау
Сөйлем және сөз тіркестері: табиғатқа экскурсия арқылы қайталау сабағы
Лексика тарауы: сөз мағыналары мен лексикалық қатынастарды жүйелі қайталау
Матасу сөз тіркестері: анықтамасы мен құрылымдық талдауы
Сөйлем мүшелерін қайталау: синтаксистік талдау мен оқыту әдістері
Жай сөйлемдер: түрлері мен синтаксистік талдауды қайталау
Сабақ жоспары: Тұрақты сөз тіркестері - табиғаты, талдауы және қолданылуы
7-сыныпқа арналған қазақ тілі сабақ жоспары: синтаксис және тіл білімі бөлімдерін қайталау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz