Критериалды бағалау-табысқа жетелейтін баспалдақ

Астана қаласы №38 мектеп -лицейінің екінші негізгі деңгей бағдарламасы бойынша курстан өткен ағылшын тілі пәні мұғалімі Рахимова Т. Х мен география пәні мұғалімі Қашығұлова Р. Е 2015/2016 оқу жылы 6 желтоқсан күні «Критериалды бағалау-табысқа жетелейтін баспалдақ» тақырыбында өткізген коучинг сессиясының рефлексивті есебі
Коучинг сессиясының тақырыбы:
«Критериалды бағалау-табысқа жетелейтін баспалдақ»
Мақсаты:
Коучинг сессиясының эпиграфы :
« Біздің түсінігімізге сәйкес келетін туындыға ғана «баға» баса береміз критериалды бағалаудың оқу үдерісін жетілдірудегі маңызын анықтау.
Тақырыпты таңдау алдында қандай тақырып ойландырады немесе қайсы модульмен жұмыс жасаған қиындық келтіретіндігі туралы әріптестерімізбен сөйлесіп, талқыладық. Бағалау сабақ үрдісiнің ажырамаc бөлігі бoлғандықтан, әріптеcтерімді бағaлау арқылы оқушының үлгерiмін қaлай жaқcартуғa болaтындығы ерeкше қызықтыратындығын түсіндік.
Әріптестерімізге критериалды бағалауды оқу үдірісінде пайдалану жолдарын өз тәжірибемізбен бөлісуді дұрыс деп ойладық.
Сессияға әр түрлі пәндерден барлығы 31 мұғалім қатысты.
Коучинг сессиясын психологиялық ахуал орнатудан бастадық.
Психологиялық ахуалдың өзінде мұғалімдер бір-біріне баға берді. Мысалы, Жанар Абеновна өзінің әріптесіне төмендегідей баға берді, Ашық жарқын мінезді, сырт келбеті көрікті, ұқыпты, тез тіл табысқыш.
Миға шабул ретінде Иван Ургант «Взгляд сверху» бейнетаспасы көрсетілді.
Бейнетаспаны қарай отырып, мұғалімдер бағалау туралы өз ойларын ортаға салды. Әріптестерге «Славаның іс-әрекетін қалай бағалауға болады және бола ма?» деген сұрақ қою арқылы пікірлері тыңдалды.
Әріптестер бағалауға болады деген ортақ пікіәрге келді.
Коучинг сессиясының тақырыбымен таныстырылды.
Мұғалімдер ортаға шақырып, берілген «Өлшем», «Деңгей», «Жетістік», «Сапа», «Градация» сөздерін таңдау арқылы топтарға бөлінді.
Топ мүшелері ролдерге бөлінді. Топтарға «Несие», «Теңге», «ЭКСПО», «Сервис», «Баға» сөздері беріліп, РАФТ стратегиясымен өз ойларын ортаға салу тапсырылды. Әр топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, топтық жұмысты ұйымшылдықпен жасады. Өлшем тобының мүшелері несиенің аудиториясы жанұя, ал оның рөлі қажеттілік деп өз пікірлерін ортаға салды. Деңгей тобының мүшелері теңгенің аудиториясы халық, рөлі экономикадағы орнын айтып түсіндірді. Теңгенің қазіргі және бұрынғы деңгейін салыстыра сипаттама бере отырып, ойларын айтты. Мұғалімдерге РАФТ стратегиясымен жұмыс жасау ұнады.
Топтарға келесі тапсырма берілді. Әрбір топқа ас мәзірінің суреті салынған парақ ұсынылады. Берілгін сурет бойынша мәтін құрастыру және мәтін ұсынылған арнайы бағалау критерийне сай, мәтін құрастыруда берілген критерийді тиімді қолдану қажет болды. Әр топ мүшелері берілген тапсырманы мейлінше талапқа сай орындауға жұмыстанды. Әсіресе деңгей тобының мүшелері берілген бағалау критерийне сәйкес жұмыс жасады. Мәтінде төл сөз бен төлеу сөзді тиімді қолданды, ойы жүйелі, мәтін мағыналы, сөйлеу мәдениеті сақталғанғ тұжырымды, яғни барлық талаптарға сай орындалды. Жетістік тобының мүшелері бағалау критерийлдерін сақтамады. Оларға әлі де болса, бағалау критерийлері туралы мәліметтер жеткіліксіз, бағалау туралы білімдерін толықтыру қажеттілігі байқалды. Топ мүшелерінің әлі де болса тәжірибеде қолдана алмайтындығы көрінді.
Мұғалімдердің алғашқы жұмысы мен соңғы жұмыстары салыстырылды.
Алғашқы жұмыстарында ешқандай бағалау критерийлері қолданылмады, өйткені бағалау критерийлер берілмеді.
Соңғы жұмыста бағалау критерийлері берілді, мұғалімдер талапқа сай жұмыс жасады. Бағалау критерийлерімен жұмыс жасаған кезде жұмыс жасаудың тиімжді екендігін түсінді.
Мұғалімдерге « Қай жұмысты жасау жеңіл болды?- деген сауал қойылғанда, әрине бағалау критерийлері берілген кезде жұмыс жасау неғұрлым жеңіл және тиімді болды деп жауап берді.
Коучинг сессиясына қатысушы мұғалімдермен критериалды бағалауды өз тәжірибемізде қалай пайдаланып жүрміз, тәжірибемізбен бөлістік.
Критериалды бағалауға анықтама бердік. Критериалды бағалау- бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі . Критериалды бағалау ұстанымының негізі төмендегідей :
1. Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.
2. Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі
болуы шарт.
3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.
4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажетАғылшын тілі және география сабақтарында критериалды бағалауды қалай жүргізетіндігіміз туралы өз тәжірибемізбен бөлістік. Ағылшын тілі бойыынша жоба-шығармашылық жұмысын қалай бағалауға болатындығын, тиімді бағалау критерилері ұсынылды. География сабақтарында оқушы білімін бағалаудың критерийлері таныстырылды.
Коучинг сессиясының соңында мұғалімдер төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, кері байланыс жасады.
Коучингте маған ұнағаны, өйткені . . .
Коучингте маған ұнамағаны, өйткені . . .
Маған түсінікті болды . . .
Маған түсініксіз болды . . .
Коучингте маған ұнағаны, миға шабул бөліміне арналған бейнеролик, бейнероликпен жұмыс, бейнероликтегі баланың іс-әрекетіне баға беру, ас мәзірі бойынша берілген тапсырма, тапсырманы бағалау критерийлері бойынша мәтін құрастыру -31 мұғалімге ұнады.
Коучингте маған ұнамағаны болған жоқ.
Маған түсінікті болды, бағалау критерийлері -25 мұғалім;
Маған түсініксіз болды, әлі де болса бағалауды жүзеге асыру жолдары-6 мұғалім;
Коучинг сабағы туралы рефлексивті есеп
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz