Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Кәсіп түбі - нәсіп

Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы
Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебінің Кітапхана меңгерушісі:
Құсанова Айшолпан Сайынқызы

Тақырыбы: Кәсіп түбі - нәсіп
Мақсаты: Оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауына бағыт беру; нарық талабына байланысты еңбек нарығында ұдайы өзгеріп отыратын кәсіби талаптарды ескеріп қызыққан мамандықтарын салыстыру арқылы таңдауға баулу.
Көрнекілік: Интарактивт ік тақта, слайд, нақыл сөздер
Түрі: Кездесу,сыр сұхбат
Сыныбы: 9,10,11

Жоспары:

І Ұйымдастыру
ІІ <<Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан>> (оқушылар болашақ мамандық , кәсіпкерлік туралы ойларын ортаға салу)
ІІІ Сыр ашу (Сұрақ- жауап)
ІV Үй тапсырмасы
V Қорытынды

Жүргізуші: Құрметті сыр сұхбатқа қатысушы қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Қош келдіңіздер! Мектеп кітапханасының ұйымдастырған <<Кәсіп түбі-нәсіп>> тақырыбындағы сыр сұхбат ашық деп жариялаймыз.
Бүгінгі сыр сұхбаттың қонағы ауыл кәсіпкері, <<Құрман>> шаруа қожалығының төрағасы Жаңабаев Құрманбек Аманғалиұлы қош келдіңіз!
Жүргізуші: Сыр сұхбаттың жүру барысы (слайдпен көрсетіледі)
Кештің кіріспесін ашу үшін сөз-Айшолпан апайға беріледі.
Жүргізуші: Кәсіп- қызметкердің осы жұмыстың сапалы орындауына қажет білім, қабілет, тәжрибенің белгілі бір жиынтығы болуының куәсі, жұмыстың, еңбек қызметінің негізгі түрі. Кәсіпкерлік қызмет - адамның тәуекелділікпен іске асыратын және пайда алуға бағытталған тауарлар мен қызмет көрсету жөніндегі дербес қызметі.
Мамандық таңдауда - адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Өйткені адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Адам асқақ арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Кемеңгер дана Абай атамыз айтқандай <<Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан>> деген қасиетті сөзі мақсатына жету үшін жол тартқан әрбір жас үшін зор мүмкіндіктерге жол ашары сөзсіз. Мамандық - белгілі даярлықты қажет ететін іс-әрекет түрі, тіршілік көзі, іскерлік және дағды жүйесі.
Мамандық таңдау - жасөспірімдік кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі және бірегейі.
Ендеше сыр сұхбатымыздың ІІ бөлімі <<Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан>> ( оқушылардың мамандық таңдауға, кәсіпкерлікке деген қөзқарасы туралы ойларын ортаға салу)
Жүргізуші: Кәсіпкерлік өз ынтасымен, тәуекелге бел буа алатын жеке табыс пен пайда табуға ұмтылған азаматтардың қызметкері болып табылады.
Кәсіпкер- өнеркәсіп, сауда т.б фирмалардың иесі, тиімді істердің амал-ретін тауып ұйымдастыра білетін іскер адам. Ал кәсіпкерлік оның іске тән қызмет істеуді - ұйымдастыру яғни олардың бірлескен одағы.
ІІІ бөлім Сыр ашу (шақырылған қонаққа оқушылар сұрақ қояды)
1-сұрақ Кәсіпкерлікті бастауда алғашқы қадамыңыз жөнінде айтсаңыз?
2- сұрақ Кәсіпкерліктің қандай түрлерімен айналсасыз.
3- сұрақ. Осы кәсіпкерлікпен айналсуыңызға кім қолдау жасады?
4- сұрақ Елімізде жұмысыздықты жою үшін әртүрлі шаралар жүргізілуде сол мақсатта сіз жұмысыздықты жоюға өз үлесіңізді қосып жатсызба, және де қанша адамды өз қарауыңызға жұмысқа тарттыңыз?
5- сұрақ Жыл сайын кәсіпкерлерге өткізілетін облыстық, аудандық форумға қатысып жүрсізбе? Қандай марапаттаулар алдыңыз?
6 <<Құрман>> шаруа қожалығыңыз қандай техникалармен жабдықталған.
ІV бөлім Үй тапсырмасы (шақырлған қонақ трактордың құрал жабдықтарын таныстырып түсіндіреді)
V бөлім Сергіту сәті ( ән-шашу)
1. <<Атамекен-ай>> орындайтын 11 сынып оқушысы Серік Айкөркем
2. <<Достарым>> орындайтын 11 сынып оқушысы Нұрболат Меруерт
3. <<Қазақ тілім айбыным>> көркем сөз оқитын Ізімова Риза
VІ бөлім Қорытынды (шақырылған қонақтың көңіл күйін смайлик арқылы білу)
Жүргізуші:
Ісім оңсың десеңіз
Сол істің маманы болыңыз
Даңқым шықсын десеңіз
Көпшіліктің адамы болыңыз деп ұлы ойшыл философ Әл - Фараби айтқандай елге, халыққа қызмет етіп пайдамыз тигізу болашақ жастардың өз қолында .
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Қайталанып тұрған сөздерді қою қаріппен жаз
Құрал-саймандар тақтасы және мәзір. мәтінді теру ержелері
Еңбек тәрбиесі курстық жұмыс
Менен сұрақ, сенен жауап. 11 класс
Пікір талас сұрақтары
Қазақ деген мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жатқан жай елміз
Балаларға берілген жүрек
Кім боламын
Елімнің мәңгілігі мәңгі болғай
Дінмұхамед Қонаев жайлы жыр
Пәндер