Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Кітап білім бұлағы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Қазақ тілі
Күні:
Сыныбы: 6>>а>> (орыс тілді мектеп үшін)
Сабақтың
тақырыбы
Кітап білім бұлағы
Сілтеме
Қазақ тілі . Орыс тілінде білім беретені мектептің 6 - сыныбына арналған оқулық/ Артыкова Т.М <<Алматы>> 2011
Мақсаты

Мақсаты:
білімділік: Кітап - білім бұлағы,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, сөз байлығы кеңейеді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, негізгі түйінді таба білуге дағдыланады.
дамытушылық: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
тәрбиелік: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.

Күтілетін
нәтижелер

Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады.
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, тарих.
Қолданылатын әдістер
Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, << Жоба қорғау технологиясы>>, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.
Керекті жабдықтар

Оқулық, интербелсенді тақта, семантикалық карта, кеспеқағаздар, ватман, стикер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:
Сабақ
кезеңдері
Уақыт
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе

2 мин

3 мин
Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Сыныптың оқушыларын 1-4 санау арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:
Кәне, достар, тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектер
Бір-бірімізге сыйлайық!

2.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, семантикалық картамен жұмыс. Жауап парағы арқылы көршіңді тексер.
Қосымша №1.Семантикалық карта.

оқушылар 1-4 санау бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.

Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: <<Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер>>.

Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды.
Критерийлер:
<<5>>- 0 қате
<<4>> - 1 қате
<<3>>- 2-3 қате
Тұсаукесер

2 мин
<<Сыни тұрғыдан ойлау>> арқылы жұмыс жүргізеді. Кітап, окулық туралы бейнеролик интерактивті тақтадан көрсетіледі.
Мұғалім оқиды.
-Балалар, бұгінгі сабақтың такырыбы қандай?
-Дұрыс айттыңдар, кітап.
-Олай болса, бүгін біз кітап, оқулық жайлы тереңірек танысамыз.

Негізгі бөлім
Білу

3 мин
Ассоциативная карта
( ойлан, бірік, бөліс)

КІТАП
Оқушылар дәптерлеріне қысқаша жазып алады да, топпен жұмысты бірігіп, бөліседі.

Түсіну

10
мин

1.2 Берілген мақал-мәтелдерді жина, аудар:

Білімнің қайнар бұлағы - кітап.
Кітап алтын сандық: іші толған қазына.
Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.
Кітапсыз үй- терезесіз бөлме.

1.3 Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыз :
1.Кітап - алтын ____________.
2. Кітап - білім ____________.
3. Кітап - өмір _____________.
4. Кітап - құдіреті __________ .
5. Кітапсыз үй- терезесіз _________.

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы өз тобына өлеңнің мазмұнын түсіндіреді.

Қолдану

10
мин

3.Мәтінмен жұмыс.
1. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңдар:
2. Оқып, аударыныз
3. Қарамен жазылған сөйлемде, сөздерді буынға бөлініңіз, буын турлерін атаныз.

Кітап ар..бтың "жазу"деген с..зінен шыққан.
Кітап - қарым қатынастың, еңбект..ң, күрестің құд..ретті қ..ралы.
Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме, беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, жазба.
Кітап - ..мір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, б..лім алу мүмкін емес.
2 с..уір - "Халықаралық балалар кітаптарының к..ні", ал 23 сәуір-"Дүни..жүзілік кітап күні"болып табылады.

Оқушылар жауап кілті арқылы топтағы көршілестерін тексеріп, критерийлер арқылы бағалайды.
Егер қатесіз болса, <<5>>;
1 қате - <<4>>
2 -3 қате <<3>> қойылады.
Сергіту сәті

Жинақтау

3 мин

Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау

кітап
кітап

Оқушыларға тілдерін жаттықтыру мақсатында, жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Оқушылар хормен айтып, орнында жасайды.
Оқушылар кластер топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды.

Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.
Қорытынды
Рефлексия
5 мин

2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Не білдім?
Не ұнады?
Сабақтан алған әсерім

2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.

Үйге тапсырма
5 мин

<<Кітап>> мәтіні бойынша өз ойларын мазмұндап жазу.

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау
2 мин
Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.
Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.

Бағалау парағы:
Аты-жөні
Өйлан , бірік, бөліс
Мақал-мәтелдер
Мәтінмен жұмыс
Топпен жұмыс
(матрица)
Қорытынды

Белсенділігі: <<5>> - 5 ұпай, <<4>> - 4 ұпай,<< 3>> - 3 ұпай

1. Өйлан , бірік, бөліс -1 ұпай
2. Мақал-мәтелдер-1 ұпай
3. Мәтінмен жұмыс жасау -1ұпай
4. Топпен жұмыс (матрица) -1ұпай
5. Қорытынды

Өскемен қаласы әкімдігінің
<<№6 орта мектебі>> КММ

<<Кітап білім бұлағы>>

Мұғалім Айтмухамбетова Р.К

2015-2016 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Бәрекелді балалар
Кітап көрмесі
Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім
Оқушы мен кітаптың тілдесуі
Жуан және жіңішке айтылатын сөздер
Кітап-біздің досымыз
Кітап - білім бұлағы тәрбие сағаты
Кітап туралы оқушы білімін жинақтау
Кітап-сарқылмас рухани қазына (әдеби кеш)
Кітап түрлерімен таныстыру
Пәндер